
Әдебиет • 31 Желтоқсан, 2021
Биыл ақын-жазушылар не жазып жатыр?
Жылдың ауысатын шағы кімді болса да ойландырмай қоймас. Зымырап бара жатқан уақытқа ілесу қолына қалам ұстаған шығармашыл қауымның ізгі арманы. Әр жылды сәтті аяқтап, келесі бір жаңа уақыттың кемесіне мінгенде етек-жеңімізді жинап, жүйелі жоспар жасауға құлшынамыз. Табыстың бір аты – бекем жоспар. Шабыттың шалқұйрығын қамшылаған ақын-жазушыларымыздың осы жылы оқырманға қандай тың туындылар ұсынатынын білу үшін өздерінен сұрап көрдік.
Әдебиет • 23 Желтоқсан, 2021
«Ұстараның жүзі»: соғыстан кейінгі қалжырау
Әрине, соғысты көрген жазушы соғыс туралы мөлдіретіп роман жаза алады. Оны бізге Сомерсет Моэм түсіндіріп берді. Соғыста не істегені үшін емес, өлмес романдары арқылы. Бала жасынан жетім өсіп, қатігез нағашысының қабағы жігерін мұқалта алмаған Сомерсет Моэмнің есімін бүгінде күллі ел біледі, оның шығармашылығы ағылшын және әлем әдебиетінде көп оқылатын санатқа кіргелі қашан?! Құдды Хемингуэй сияқты Бірінші дүниежүзілік соғыста Қызыл Крест қоғамында жұмыс істеген ол қаламынан шыққан әр туындысын өмірдегі шынайы оқиғалармен байланыстыра жазды. Соғыс біткен соң Үндістанға, Орталық Азияға, Тынық мұхитына сапар шеккен жазушының өмірден көргендері де аз емес еді.
Әдебиет • 23 Желтоқсан, 2021
Сәуле Самаева:«Таңғажайып дүниені» маған арнап еді
Қазақ әдебиетінде орны бөлек жазушы Қабдеш Жұмаділовтің арамыздан аттанғанына да бір жылға жуық уақыт болды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып, өмір бойы қаламын тастамаған жазушының артына қалдырған мол мұрасы туралы әдебиеттанушылар мен сыншылар көп жазды, насихаттады. Жазушымен жарты ғасырдан астам отасқан жары Сәуле Әукенқызы Самаева бізге қаламгермен қалай кездескені, оның мінез-құлқы, шығармашылық әлемі, бала тәрбиесі туралы айтып берген еді.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2021
Шымкент қаласында тұратын әдебиетші жастар өздері бірлесіп, ұлттық поэзияны насихаттайтын Şam атты шығармашылық орталық құрған еді. Аталған орталық 2016 жылдың 19 қарашасында Шымкент қаласында өз жұмысын бастаған.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Оның аппақ сақалы Санта Клаустың сақалына ұқсайды. Ол Дүниежүзілік екі бірдей ұлы соғысты көріп, қан майданда қалам ұстаған жазушы. Шығармасын кейде сау, кейде мас күйінде жазды. Бірақ бірде-бір туындысында оқырманын жалықтырған емес. Қалам мен қаруды серік еткен ол Танзанияда аңшылыққа шығып, мүйізтұмсықтарды аулады. Былғары қолғап киіп, бокс өнерімен айналысты. Тағдыр оны бірнеше ұшақ апатынан аман алып қалды. Ең маңыздысы, ол өлмес шығармалар жазып, адамзат тарихындағы ең керемет жазушыға айналды. Оның аты – Эрнест Хемингуэй. Оның тарпаң тағдыры әртүрлі қиындықтарға мойымай, соны жеңумен күресе алды. Бір сөзбен айтқанда, Эрнесттің қаламы оның өзінің мінезі сияқты тентек, ойы ол кезген ұлан-ғайыр алқапқа ұқсас ұшы-қиырсыз болды.
Әдебиет • 28 Қараша, 2021
Қыс күндері жауған қалың қарды көрсем, ақын Ұлықбек Есдәулетовтің «Қара пимасы» есіме түседі, жай түспейді, күллі оқиғасымен көз алдыма келіп тізіле қалады. Анадайда «Пимамды менің қайтар» деп жылап тұрған қара бала елестейді. Мүмкін, бұл өміршең шығарманың мәңгілік қуаты шығар?! Мен осы «Қара пима» термесін алғаш рет тыңдағанда, аппақ күртік қарда етпеттеп жылап жатқан баланы жалғыздық деп пайымдадым. Әрине, сол да. Анасы қайтыс болды, әкесі теріс айналды, жанына жылу беретін қара пимасы араққа сатылды, енді ол жалғыздық емей немене?
Әдебиет • 25 Қараша, 2021
Ұлттық әдебиеттің дамуына ең алдымен төл шығармалар, сосын сапалы аударма туындылар көмектесетіні шындық. Әлемдегі оқырманы көп үлкен әдебиеттердің көбі осы үрдісті басынан өткізді. Әлем әдебиетінің бір бұтағы болған қазақ әдебиетінің де дамуы мен деңгейі туралы айтудан жалықпаймыз. Өйткені әдебиет – тарихтың, өмірдің айнасы. Сол айнадан руханиятымыздың келбетін көре аламыз. Бүгінгі сөзімізде біз көркем аударманың жай-күйі туралы ой ортақтастырмақпыз. Бүгінгі дөңгелек үстелге ақын, аудармашы Жүкел Хамай, көптеген қазақ шығармасын түрік тіліне аударған тәржіман Ашур Өздемір, аудармашы Кенжебай Ахметов, парсы тілінен түпнұсқадан аударып жүрген Айнаш Қасым және Абылай Мауданов қатысты.
Әдебиет • 17 Қараша, 2021
«Бақбақ». Кавабатаның соңғы демі
1972 жылы сәуір айының жексенбі күні түстен кейін жапонның әдебиет аталымы бойынша тұңғыш Нобель лауреаты Ясунари Кавабата жалға алған көпқабатты үйде өзіне қол жұмсады. Бұл берісі Жапония әдебиеті, әрісі әлем әдебиеті үшін ауыр трагедия еді. Қайғылы оқиғадан соң бірнеше сағаттан кейін есіктен газдың иісін сезген қызметші әйел полицияға хабар береді. Әп-сәттегі ауыр қаза жапондық әдеби ортаны ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүниені дүрліктірді.
Әдебиет • 12 Қараша, 2021
Өлеңнің аспаны – мәңгілік аспан. Бұл сөзді кесіп айтуымызға өлмес жырлар жазған ақындардың өлеңдері себепкер болды. Әдебиет айдыны сөз бен ойдың, терең философияның, тұңғиық сырдың мекені. Өлең ғұмырлы болмаса, ұлы Шекспирдің, Байронның, Гетенің жырларын ғасырлар үзігі бізге жеткізбес те еді. Демек, ойдың елшісі болған өлеңнің жүгі әрқашан ауыр һәм салмақты болғаны.
Руханият • 11 Қараша, 2021
Тарихи қисынсыз шындық та болмайды
Өмірдің өзін, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды ақ қағаз бетінде сөйлетіп, оқырманға ой айтатын жазушылар қауымы ұлт руханияты үшін алтын көпір рөлін атқарып келеді. Олардың әр шығармасы өмірдің жолын, кешегісі мен бүгінін сипаттап бере алады. Жақында ғана «Бопай ханым» атты тарихи романы жарық көрген жазушы Мәди АЙЫМБЕТОВ бізге берген сұхбатында әдебиет туралы көзқарасын, шығармаларындағы кейіпкерлер образын кеңінен сөз етті.