
Сұхбат • 19 Қазан, 2021
«Айтматовтың ұлы болу – үлкен жауапкершілік»
Қателеспесек, Еуропадағы санақ бойынша, жыл сайын ең өтімді елу кітаптың қатарында Шыңғыс Айтматовтың да шығармалары бар екен. Бұл бауырлас қырғыз елімен қатар біз үшін де үлкен қуаныш. Әлем таныған Айтматовтың бізге бөтендігі жоқ, керісінше, етене жақын. Мәңгілік шығармаларымен ел жадында сақталған классиктің ұлы Элдар Айтматовпен сұхбаттастық.
Әлем • 18 Қазан, 2021
Қазір екінің бірі «Болашақта адамдар газет оқи ма? Жоқ әлде бүкілдей басылым электронды жүйеге көше ме?» деген сұраққа жауап таппай дағдарады. Кейде алға ұмтылу үшін кешегі тарихқа да көз салғанымыз жөн секілді. Осыдан VІ-VІІ ғасыр бұрын ашылып, әлі күнге дейін жұмыс істеп, оқырманын қанағаттандырып келе жатқан газеттердің де бар екенін білген соң, қағазға басылған дүниенің өз оқырманы бола беретініне көзіміз жетті.
Әдебиет • 12 Қазан, 2021
Өлеңнен алып, өлеңге берген...
Ол осы күнге дейін өлең дейтін хандықтың әміршісі секілді күй кешті. Себебі оның жырында дала, кең жайлау, аршаның иісі, қарағайдың қуаты, бұлақтың мөлдірлігі, судың пәктігі, көңілдің тазалығы, жүректің лүпілі бар еді. Қазақы қалыпты, қайсар рухты шымырлатып жіберердей өлең жазса, Сұраған Рахметұлы жазсын.
Әдебиет • 12 Қазан, 2021
Абдулразак Гурна: Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды
Биылғы Нобель әдебиет сыйлығын Ұлыбританиялық жазушы Абдулразак Гурна иеленді. Ол – Танзания тумасы. 73 жаста. Шығармаларын ағылшын тілінде жазады. «Құлшылыққа барар жол», «Жұмақ», «Өзен жағасында», «Соңғы сыйлық» сияқты керемет романдары бар.
Әдебиет • 07 Қазан, 2021
Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды
Танзания тумасы Абдулразак Груна жетінші қазан күні Нобель әдебиет сыйлығының иегері атанды. Нобель академиясының қызметкері Адам Смис оған телефон шалып, шағын сұхбат жүргізді.
Әлем • 06 Қазан, 2021
Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кім алады?
Бұл алпауыт сыйлық талай жазушының атын алысқа жеткізді. Себебі, оның дақпырты мен даңқы бөлектігінде. Былай қарасаң, қазіргі әдебиеттің өлшемі мәлім бір сыйлықтар емес екені шындық. Бірақ, өнер үшін сыйлық та керек-ақ.
Әдебиет • 03 Қазан, 2021
Егер жұмақ пен тозақ көршілес болса, онда махаббат пен ғадауат та солай. Бірін-бірі аңдып күнелтетін сыңайлы. Бұған мысал ретінде әлемдегі көптеген оқиғаны айтуға болады. Әдебиет пен оған бодаусыз еңбек еткен тұлғалардың өмірі, қызықты оқиғалары мен шығармашылығы туралы ізденіс жасау біз үшін әрқашан қажет үрдіс. Мейлі, қаншама жылдар өтсін, қағаз бетіндегі еңбекті жел ұшырып, жаңбыр шайып немесе тасқын ағызып кеткені жоқ. Оның жалғыз ғана «жауы» бар, ол болса – оқырман санасынан өшуі.
Әдебиет • 24 Қыркүйек, 2021
Жұрт алдында өзін «ақынмын» деп айтқысы келмейтін ақындар да баршылық. Олардың бұл әрекеті өзіне деген күмән емес, саф өнердің алдындағы тазалық, ұяңдық дер едім. Былайғы жұрт «ақындар өлең жазудан басқа не істей алады?» деген сұрақ қоюы мүмкін. Мұның жауабы да дайын. Ақын – ойдың адамы, ал сол ойдың ішінде ұлтының сөзі, қуанышы, күлкісі, мұңы мен мұқтажы жасырынып жатады. Ақын оны ашып айтпағанымен, өлеңдері арқылы жеткізеді. Ұлы жазушы Эрих Мария Ремарктің «Бір адам басқа бір адамға бір тамшы жылудан өзге не бере алады және бұдан артық не болуы мүмкін?» дегенін еске алсақ, шынында ақындар ұлтына өлеңді де, тіпті бәрін бере алады. Тек олардың жазғанын оқып, түсініп, айтқанын аңғаратын ниет болса.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2021
Оның есімі Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш латынамерикалық ақын ретінде тарих бетіне жазылып қалды. Сонау 1945 жылы оның таланты мен әдебиетке сіңірген еңбегі оны сыйлықтың төріне шығарды. Алты жыл өткен соң, Чили үкіметі оған әдебиет саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлығын ұсынды. Әдебиетке деген жанкештілігі мен адалдығы турасында оның қаламдастары көптеген естелік айтып, Габриела Мистральдың даңқын аспандатты.