Әдебиет • 28 Маусым, 2022
Еуропада жыл сайын қайта-қайта басылып шығатын елу кітап болса, соның басым көбі бақыт туралы кітап екен. Неге бақыт жайында? Сонда еуропалықтар бақытсыз ба, әлде бақытты болуға ұмтылып жүр ме? Жоқ, мәселе мұнда емес. Мұның жауабы бақыт іздеушілердің ұлт пен ұлысқа, нәсіл мен текке бөлінбейтінінде. Кітап сөрелерінде мызғып жатқан кітаптар қаншама? Тіпті соның кейбірін сан жылдар бойы оқырман қолына алмайды. Қалам иесі мен ақ қағаздың обалы кімге екенін де ешкім дөп басып айта алмайды. Ой мен сезімнің жүгін арқалаған сәтті шыққан туындылар да адамзаттың бір досы іспетті. Қайта-қайта оқисың, сырласасың, сосын оған мәңгілік деген ұғымды қатар қоясың. Кенеттен қолға түскен кітаптың бірі Сұлтан Раевтың «Жанжаза» атты романы еді. Оқырманын бірден жетелеп әкететін аталған туындыны қазіргі көрнекті қырғыз жазушысы жазғанын да ескере кеткен жөн сияқты. Мейлі, кім жазса да, роман өз мұнарасын өзі биіктетіп тұр.
Әдебиет • 26 Маусым, 2022
Осыған дейін қарасөз деген ұғым Абайға тиесілі болып келді. Сөйтсек, бізде басқа да ақындар қарасөз жазып, айтар ойын ашып айтқан екен. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Былайғы жұрт ең алдымен Мағжан ақынды отты өлеңдерімен, сосын тартымды прозалық шығармалары арқылы жақсы біледі.
Өнер • 19 Маусым, 2022
Маргарет Киннің «Үлкен көздері»
Сіз риясыз ойдың, төзімнің туындыларына көзіңізді алмай бір минут қарасаңыз, демаласыз, сосын, ұзақ қиялдарға шомасыз. Адамзат қоғамы бастан кешкен, тарих толқыны бізге жеткізген әртүрлі оқиға, ұлы жетістік, күн сәулесі, түннің түсі бәрі-бәрі көз алдыңызға елестейді. «Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім» деген Пикассоның сөзі бұл саф өнердің құдіретін айтып тұр.
Әдебиет • 15 Маусым, 2022
Шығарма жазудың көпіртіп көп жазу емес екенін дәлелдеп кеткен таланттар қаншама?! Олар дүниенің жұмбақ сырларын, айтар сөзін, тұщымды ойларын, жеке көзқарастарын тек жалғыз романға сыйғызыпты. Сөздің сиқыры да, қадірі мен қасиеті де сол «жалғыздықта» салмақ басып тұр. Себебі олар «сөзді де сезім сынды үнемдемесе, таусылып қалатынын» (Шыңғыс Айтматов) ерте білген де шығар. Мүмкін олар өздері бастан кешкен жалғыздыққа мәңгілік ескерткіш қоюды ойлады ма екен? Сонымен біз бүгін тек жалғыз роман жазып, есімдері әдебиет тарихында алтын әріппен жазылған қаламгерлер туралы ой бөлісеміз.
Қазақстан • 14 Маусым, 2022
Қазақтың даласы қандай кең болса, оған қызмет еткен еңбекшіл ұл-қыз да соншалықты көп. Қазақтың қоғамын, мәдениеті мен руханиятын «тірілтсек» деп тер төккен тұлғалардың еңбектері өткен күннің тарихы болып бізге жетті. Біз бүгін Молдан Әлдербаев туралы сөз қозғаймыз. Оның өмірі мен атқарған қызметтері туралы нақты деректер Алматы қаласының Мемлекеттік архивінде сақталып тұр. Қорға түскен тұлғалардың өмір жолы ертеңгі ұрпақ үшін ұлтымыз тарихының маңызды бөлігі болмақ.
Әдебиет • 12 Маусым, 2022
Әдебиет саласының ең үлкен сыйлығын алған сәтте олар не ойлады дейсіз? Бірі, жауапкершілігім ауырлады, бұрынғы жазғандарымнан да биік туындылар жазуым керек деп ойлаған шығар, ал енді бірі еңбегім, ақ қағаз бен қара сияға төккен терім бағаланды дегенді аужал етуі әбден мүмкін. Рухани емнің дәрісін «жасаған» қалам иелері әрине әртүрлі ойлайды, әртүрлі жазады. Тіпті олардың өмірге, дүниеге, өнерге деген көзқарастары да әр алуан. Жыл сайын Нобель әдебиет сыйлығының иегері жариялана салысымен енді бұл қандай тақырыпта нобельдік дәріс оқыр екен деген қызығушылық туындайтын. Бүгін біз алпауыт сыйлықтың иегерлерінің Нобель мінберінде оқыған дәрістеріне көз жүгіртіп көрелік.
Тарих • 08 Маусым, 2022
Бүгінгі сөз алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Алматы қалалық № 5 емхананың негізін қалаушы және оның тұңғыш бас дәрігері Асылбек Жұманұлы Сейітов хақында болмақ. Ол тұста халқымыздың ұл-қыздарының көбі дәрігерлік салаға көп жуықтай қоймаған шақ еді. Елінің дәрігерлік саласына көп үлес қосқан Жұман Сейітов отбасындағы үшінші перзент.
Таным • 06 Маусым, 2022
Скайлер «Түркістанды» неге жазды?
Өзіміз ғана емес, күллі жұрт Ұлы дала атаған біздің топыраққа кімдердің табаны тимеді дейсіз?! Саяхаттап, сан түрлі кітап жазған саяхатшы да, елінен босып, баспана сұраған ғаріп те біздің елімізге келіп, дәмін татып, суын ішкен. Жасыл жайлауы, жанат өлкесі, мөлдір бұлағы, болашағынан үмітті халқы бар Ұлы даланың төсіндегі ғажайыптар әр елден келген жиһангерлердің көңілінен шығып, көкейіне мейірім ұялатқаны шындық. Бір айыбы – бәрі де бізді «Қырғыздар» (Kyrgyz) деп тарихи деректерге, жолсапар естеліктеріне өшпестей етіп жазып тастапты. Бірақ бәрін де уақыт көрсетті, кешегі Ұлы даланы мекен еткен еркін де бостан халықтың «қырғыздар» емес, «қазақтар» екенін бүгінде әлем ғалымдары, зиялылары мойындады. Саясаттың салқыны тиген жалғыз сөз бүкіл бір ұлттың атын, тарихы мен тағдырын, санасы мен салтын тек уақытша ғана өзгертіпті, бұған да шүкір. Сонымен біздің даламызға келіп, бәрін көріп, том-том кітап жазып, артына мәңгілік мұра қалдырған саяхатшының бірі – америкалық жазушы, тарихшы, дипломат Юджин Скайлер еді.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Дауыс беруге жастар көп келіп жатыр
Жалпы халықтық референдумға дауыс беруге келген ел азаматтары аз емес, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Әз әже дауыс беру учаскесінде бата берді
80 жастағы Рагина Қазтаева есімді әже Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел 28/1 мекенжайындағы дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған соң бата берді, деп жазады Egemen.kz.