Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Абайдың жақсы көрген іні досы, суырыпсалма ақын Көкбай Жанатайұлы өз дәуірінің от ауызды, орақ тілдісі болған кісі. Оның тапқырлығы мен талантына разы болған Абай үнемі қасынан тастамай ертіп жүрген деседі. Әйтпесе, сол дәуірде аты шығып, атағы аспандап тұрған аға сұлтанның ұлына еретін кісі табылмай қалды дейсіз бе? Бәріне оның адалдығы мен айбынды ақындығы жауап беріп тұр.
Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Қоғамды сілкіндірген шығармалар
Шындығында кітап оқу тек ләззат алу ғана емес: сан ғасырлардың сырын шертетін кітаптар біздің санамызға терең әсер етіп, сыртқы әлемге көзімізді ашады, кейде тіпті жақсы кітаптар әлеуметтік өзгерістердің катализаторы ретінде әрекет етеді. Дүниежүзілік экономикалық форум ұжымының сайты қоғамды өзгерткен таңдаулы романдардың атын атады. Біз солардың үшеуіне тоқтала кетейік.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2022
Құбылмалы әлем: Қағаз кітаптың тағдыры
Әлем көз алдымызда сәт сайын өзгеріп жатыр. Бүгінгі жаңалық ертең ескіруі мүмкін. Тіпті минуттар арасындағы үнсіздіктер ұлы дүбірге айналып, өз жұлдызын жағып жатыр. Кейде адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі қандай, бұл үшін қай кезде есеп беруі керек деген сансыз сұрақтарға шырмаласың да қаласың. Кейбірі жауабын өзі береді, ал кейбірі мәңгі жауапсыз. Ал ұлттың, қоғамның ашық ойлы зиялысы, сөз ұстарлары саналатын қаламгерлердің міндеті қандай? Оған олардың қаламынан туған кітаптар жауап бере ала ма? Осындайда көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген пәлсафасы еске түседі. Шынымен де адамзаттың қазіргі жетістіктеріне жетуіне, саналы қоғам құруына кітаптың атқарған рөлі айрықша. Осы дөңгелек үстелде «Қазіргі және болашақтағы қағаз кітаптардың тағдыры қандай?» деген сұраққа жауап іздедік. Сұхбатқа Кнут Одегард (ақын, Норвегия), Қуаныш Жиенбай (жазушы, Қазақстан), Танер Мурат (аудармашы, әдебиеттанушы, Румыния), Аида Эгембердиева (ақын, Қырғызстан) қатысып, пайымды пікірлерімен бөлісті.
Әдебиет • 18 Тамыз, 2022
Үш жыл бұрын Харуки Муракамидің «Норвег орманы» атты романын оқыдым. «Мен құмырсқалардың жаңбырлы күндері не істейтінін білгім келеді». Осы сияқты қызықты сөйлемдер Муракамидің бұл романында көп кездеседі. Қарапайым болғанымен, ойландырады. Біз қазір кітап туралы айтатын болсақ, әдетте «ескі мектеп» өкілдерін еске алып жатамыз, мысалы, Толстойды, Хемингуэйді, Фицджеральдты тізбелей береміз. Бірақ Мураками әрқашан оқырманға қызығушылық тудыратын автор екенін де жасырмаған жөн.
Кино • 18 Тамыз, 2022
Алаш арыстарының өмірі мен өнегесі жайлы іздену, олардың ұстанған жолын, тұлғалық ерекшелігін өскелең ұрпақтың санасына ұялату – бүгінгі біздің парызымыз. Олардың жан дүниесі, дүниеге, ортаға, сол кездегі саясатқа көзқарасы туралы тереңірек толғануға болады. «Қайтсек қазақты оятамыз, өзгелермен терезесі тең ұлт қыламыз?» деп күрескен салмақты ойдың, адал еңбектің адамдары, анығын айтқанда, Алаш арыстарының есімі қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатыны шүбәсіз.
Әдебиет • 18 Тамыз, 2022
Тұрсынбек Кәкішев – есімі қазақ әдебиетінде мәңгі қалған тұлға. Ол ұлт әдебиеті үшін өшпес қызмет етіп кетті. Бүгінгі әдебиетте жүрген зиялылардың көбі Кәкішев мектебінен өткендері шындық. Оның ұлт әдебиеті мен руханияты үшін істеген еңбектері бүгінгі ұрпақ үшін асыл мұралардың бірі болмақ.
Әдебиет • 16 Тамыз, 2022
Кения жазушысы Нгуги Уатиңгоның паспортына айналған шығармасының бірі «Жылама, балақай» атты роман. Бұл жазушының тырнақалды туындысы, аталған шығарма сонау 1964 жылы баспадан шыққаннан кейін оқырманның қолынан әлі түскен жоқ. Әдебиеттанушылар бұл романды ағылшын тіліне аударылған шығыс африкалық тұңғыш кітап ретінде бағалайды. Жазушы осы шығармасында африкалықтар мен колониялық Кенияға қоныстанған ақ нәсілділер арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстық һәм ұлттық араздықты, олардың бір-біріне деген жеккөру, кектену сезімдерін сөз ете отырып, шынайы оқиғаларды, яғни Кения жерінде болған әртүрлі қақтығыстарды тілге тиек етеді. Сол үшін біз оның әр шығармасында шындықтың өзі сөйлейді дегіміз келеді.
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі түрлі кезеңдерден тұрады, сол үшін оның шығармашылығы да әр уақыттың айнасы іспетті. 1919 жылы оның отбасы Жаркентке көшеді. Әне сол кезде болашақ суретші өзінің алғашқы картиналарын салып, ертеңге үлкен үмітпен қарайды. Ол үшін сурет мінсіз әлем, ал әлем керемет сурет сияқты елестеген болса керек. Қоғамдық құбылыстар, кездескен қиыншылықтар, әртүрлі саяси жүйелер қылқалам алдында еш қауқарсыз екенін сезінген Әбілхан мәңгілік өнер аспанында жарқырап тұратын туынды салуға әуестенгенін оның әр типтегі еңбектерінен көре аламыз.
Әдебиет • 11 Тамыз, 2022
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Қазақ әдебиетін айдынды көлге, толқыны жағаны ұрған теңізге теңесек, онда шетелдегі қазақ әдебиетін сол теңізге құяр бұлақ деп түсінген жөн сияқты. Табиғат заңдылығы бойынша теңіз бен бұлақтар бір-бірін толықтырып отырады. Ал қазақ әдебиеті мен шетелдегі қазақ әдебиеті де әне сондай бір тұтас заңдылыққа ие. Бірінен бірі нәр алып, кемелденіп, біріне бірі иек артады, сүйенеді. Шыны керек, шекара сыртындағы қазақ әдебиетіне Абайдың, Алаш арыстарының әсері болғанын мақтанышпен айта аламыз. Не жазса да, көркемдіктен айнымай, қазақ тілінің шұрайлылығын сақтап, оқырманына сөз мәйегін сыйлаған қандас жазушылардың жазған том-том кітаптарының кейбірі қазақ оқырмандарына жетпей жатқаны да шындық. Сол үшін қаны бір қазақ баласы сызықтың ар жағындағы ағайынның не жазып, не толғанғанынан кейде хабарсыз қалып жататын жайы бар. Шыңжаңдағы қазақ қаламгерлеріне поэзияда Абайдың, Мұқағали, Жұмекен, Айбергеновтердің әсері болса, ал прозада олар Мұхтар Әуезовтің стилін одан әрі жаңғыртты, шәкірттік жолын ұстанды. Сол тізімнің басында Мағаз Раздан, Оразхан Ахмет, Жұмабай Біләл сияқты қаламы жүйрік, ойы ұшқыр прозашылар бар.
Әдебиет • 09 Тамыз, 2022
ХІІІ ғасырда өмір сүрген Парсының ұлы ойшыл ақыны Сағди – әлем әдебиетінде орны бар тұлғалардың бірі. Оның пайымы терең туындылары өзінен кейін жасаған адамзат ойшылдарына, әдебиеттегі тұлғалардың шығармашылығына әсер етті. Уақыт пен қалам арасындағы үндестік те оның жазғандарынан жіті байқалады. Тіпті ол мынау дүниенің түпсіз де шексіз екенін, жақсылықпен өмір кешкен адамның аты қалып, ізгілікке қарсы жұмыс істегендердің абыройсыз күй кешетінін өлеңдегі қанжар тілімен сын тезіне алады.