
Әдебиет • 29 Наурыз, 2022
Жуықта Семейдегі Абай музейіне барғанымда, ол жерден хакімнің жазу үстелін көрдім, кешегі күннің көзіндей болған қоңыр үстел «бәрін мен білемін» дегендей көзге оттай басылады. Көрген адамның ойына ой қосып, өткен дәуірге жетелейді. Классик жазушымыз Ғабит Мүсіреповтің «соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз» деген сөзі осындайда еске оралады. Шығармашыл адамдар үшін қағаз бен қалам қандай қажетті болса, жазу үстелі де сондай керекті.
Сұхбат • 28 Наурыз, 2022
Нұрила Өзтүрік: Мұстафаны мәңгі сағынамын
Қазақ өнерінің көкжиегінен жарық жұлдыздай ағып түскен Мұстафа Өзтүріктің есімі бұл күндері елге танымал. Спорттағы ол салған жол өзіндік даралығымен жалғасын тауып келеді. Өзтүріктің жары Нұрила қазір Германияда тұрады. Сәті түсіп сол кісімен сұхбаттасқан едік.
Тарих • 20 Наурыз, 2022
Мао Цзэдунға қобыз сыйлаған қазақ
Еліне еңбек етіп, үлес қосуды ойлаған әр тұлға өзінше бір әлем жасап, артына мұра қалдырады. Қамар Қасымов пен қазақтың қара домбырасы егіз ұғым ретінде айтылады. Бұған себеп оның өз қолымен домбыра жасап, оның қайта жаңғыруына, ұлы тұлғалы мәдениет қайраткерлерінің ол жасаған домбырамен ел алдында асқақтата ән салып, өнер көкжиегін кеңейтуге үлес қосуы. Қамар Қасымовтың аты аталса, ол жасаған домбыралар туралы жиі айтылады. Айтатын да жөні бар, оның қолынан шыққан домбыралар иесін тауып, қазақ мәдениетінің дамуына септігін тигізгені шындық.
Әдебиет • 15 Наурыз, 2022
Жастық шақта оқитын төрт кітап
Қазір оқитын кітаптардың саны алуан. Оның байыбына барып, не беретінін аңдап барып оқымасаң, уақытың зая кетуі де мүмкін. Сондықтан осы қателіктің болмауы үшін жыл сайын әлемдік әдеби басылымдар оқырмандарға жақсы кітаптарды саралап, оның арқауы туралы, пайдасы жөнінде сөз қозғап отырады. Сол тізімнен түспей, ұдайы оқырмандарға, әсіресе жастық шақтағы оқырмандарға ұсынылған әлем әдебиетінің мына төрт шығармасын оқып көрелік.
Руханият • 14 Наурыз, 2022
Салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарда бізге, қала берді біздің ұлтқа қатысты не бір әңгімелер бар. Оны қазіргі қала жағалаған ұрпаққа айтсаң, аңыз немесе өтірік ретінде қабылдауы мүмкін. Біздің ауылда Шойбан деген кісі болды. Жарықтық, жылқы десе ішкен асын жерге қоятын. Әр дәулетті әулеттің есігінде жүріп, малын бағып, отынын жарып күнелтетін Шойбан үшін оған мініске бір жақсы ат берсең жеткілікті. Тіпті ол жылқысы аздау байдың малын бақпаймын деп «әлек» салатын да болған. Ауыл болғасын, той-төкіні, өлім-жітімі болады, сонда Шойбан мамағаштарда қаз-қатар байланып тұрған аттардың қасына барып, кәдімгі Күреңбай сыншы сияқты әр атты өзінше сынайды, кейде оларға «мынау нағыз жел табан екен», «әй, мынау қойдың аты», «бұл жануар бабын таппай қор болып жүр» деп «әттеген-айларын» айтып, көңілін құлазытатын. Ол үшін жылқыны көру – бақытты өмірді көру сияқты сезілетін.
Руханият • 07 Наурыз, 2022
Әлқисса, сіздерге бір байдың қызы туралы айтсам деймін. Ол бұла өскенімен, жасынан өнерге, ғылымға аңсары ауған, оңы мен солын ерте таныған, тіпті қаршадайынан Еуропа мәдениетімен сусындаған, есейе келе туған елінің өнеріне ерекше үлес қосқан қарлығаштардың бірі болды.
Әдебиет • 01 Наурыз, 2022
Әлем әдебиетінде де, біздің әдебиетте де жаһандық екі үлкен соғыс туралы жазылған шығармалар аз емес. Күллі әлем оқырманы тұшынып оқып жүрген көркем шығарманың көбі осы үлкен соғыстарды арқау етті.
Әдебиет • 28 Ақпан, 2022
Елімізде әр жылғы көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнімен басталады. Бұл күн – тыныштық пен берекенің, өзара қарым-қатынастың, сенім мен татулықтың мерекесі. Кезінде туыстарымен бірге Польша елінен Қазақстанға қоныс аударған Наталия Богданович өзін бағып-қаққан Дүрия атты әжеге алғысхатын жолдап, үшбу сәлем жолдаған құнды дерек Алматы қалалық Мемлекеттік архивінде ұзақ жылдар бойы сақталып келеді. Біз осы орталықтың бас сарапшысы Ләйла Қасымқызы ұсынған архив материалын оқырманға ұсынып отырмыз.
Әдебиет • 28 Ақпан, 2022
«Түрмеде өлеңдерімді сатқаным рас»
Джимми Сантияго Бака 1952 жылы Мексикада туған. Жастайынан жетім қалып, ата-әжесінің тәрбиесінде болған.
Өнер • 23 Ақпан, 2022
Киноға сценарий емес, ниет жетіспейді
Сөзді әуелі жазушы Бейімбет Майлиннің «Күлпашынан» бастайық. Театр сахнасына да, кино түсіру үшін де бұл шығарма сұранып-ақ тұр. Қазіргі көрермені көп кинолардың негізгі арқауы өмірде болған оқиғалар желісімен түсіріліп жатқанынан хабардармыз.