Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
181 материал табылды

Әдебиет • 11 Қаңтар, 2023

Молдахмет Қаназ, жазушы: Дұрыс қоғам әдебиетті өгейсітпейді

– Біздің әдебиетіміздегі көптеген жақсы туынды кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензура, саясат деген боран-шашынның ішінде жазылса да, жақсы дүниелер өмірге келді. Ал қазір неге сол белесті бағындыра алмай жатыр­мыз? Жазуға құлық жоқ па, әлде тақы­рып таусылды ма? – Көзін құртып, түгелдей өртеу керек дегенді құлақ шалған емес, алайда сол кеңестік кезеңдегі шығармалар біздің былайғы өмірімізге жарамсыз деген «Американы қайта ашқан» пікірлерді ести бастағанымызға жиырма жеті жыл, алты ай, он жеті күн... Әдебиет тео­­риясында «қоғамдық сұраныс» деген ұғым бар. Әр қоғамның өз мүддесі бұның сыртында. Қыз малға сатылып, болашақ ана бас еркінен айырылды. Біздің прозаның бастауында тұрған «Қалың мал» романының жазылуы содан. Ресейлік капитализм мүлде шегіне жете шіріп, төңкеріс қажеттілігі шындыққа айналды да қоғам бүлінді. «Ана» романы жазылды. Талантты ақын концлагерьге түсті. «Моабит дәптері» жазылды. Қала 872 күн қоршауда қалып, тұрғындардың бастарына күн туды. «Лениградтық өрендерім» жазылды. Ғасырлар бойы далалық дәстүрмен тір­шілік етіп келе жатқан елге өндіріс келіп, кәдімгі жұмысшы табы пайда бола бастады. «Қарағанды» жазылды.

Әдебиет • 09 Қаңтар, 2023

«Неге біз осы...»

Заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің «Ардақ» атты әңгімесінде: «Қожа шешесінің қабірін жалғыз қазды. Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен. Жаңа ғана көмілген жас қабірдің басында үшеу тұр: Қожа, әйелі және төрт-бес жасар Ардақ. Өлі-тірінің не екенін парықтауға жетпеген сәби, жаңа ғана ұйқтап жатқан әжесінің, анау топырақтың астында көміліп қалғанын байыптай алмай аң-таң. Бала тілімен балдырлап, қайта-қайта қабірді ымдап көрсете береді. Қожаның ойы алай-дүлей. Ол шешесімен ұзақ бақылдасып, ағыл-тегіл сырласқысы, әрі қарай тіршілік кешудің жөн-жосығын сұрағысы келді-ақ. Ананың асылдығы тірі кезінде білінбейді екен. Кімнің болсын, көзі тірісінде қадірі болмайды ғой», деген көкіректі ашытар сөйлемдер бар.

Руханият • 27 Желтоқсан, 2022

Тынық мұхитындағы домбыра-көпір

Қазақ қайда жүрсе де – қазақ. Ол болмысымен, мінезімен, тіпті іс-әрекетімен елден ерекше. Қазіргідей озық заманда өзге жұртпен терезесі тең тұрарлық деңгейдегі жетістіктерге жеткен қазақ баласын естісек, алыста болсақ та, тақым қысып, алақайлайтын болдық. Бұл сезім – бауырмалдықтың, тұтастықтың бір парасы.

Әлем • 16 Желтоқсан, 2022

Филадельфияда Қазақстан туы желбіреді

15 желтоқсан күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жыл­дығына орай Ту көтеру рәсімі өтті. Таңғы сағат 10:00-ден бастап Қазақстанның және АҚШ-тың жалаулары бар автомобильдер кортежі Бастлтон авенюден қала орталығына дейін жүріп өтті.

Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2022

Қойын дәптердегі қоғам

Шығарма сыншылар үшін жазылмайды Біз өмір сүріп жатқан қоғамның әр мәселесіне диагноз қоя алатын екі адам болса, соның бірі – қаламгерлер. Олардың адамның жан дүниесіне терең бойлайтын өзгеше қасиеті де – зерттеуге тиісті құбылыс. Өткен күндердің, ғасырлардың қалай болғанын, сол шақтағы адамдардың мінез-құлқы мен тұрмыс-тіршілігі қандай деңгейде екенін, әрине, біз жазушылардың жазбаларынан, ақындардың асқақ жырларынан оқи аламыз. Қаламгерлер үшін күнделік жазу – қоғамның әр сәтін бола­шаққа хабарлау.

Руханият • 04 Желтоқсан, 2022

Кітап көкжиегі кеңейіп келеді

Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана» деген парасатты сөзі кітап пен кітапхананың біздің өміріміз үшін қаншалықты маңызы зор екенін түсіндіріп бере алады. Қалай десек те, біздің әр жетістігіміздің түп қайнары ғасырлар табы түскен, сарғайған парақтар мен соны сақтайтын «жүрегі бар үйлердің» еншісінде екені шындық.

Әдебиет • 29 Қараша, 2022

Кейіпкерін іздеген жазушы

Ол бір әңгімесінде «Кейіпкерлерім өтірікті кешіре алмайды» деп жазыпты. Рас, кейіпкеріне өтірік айтқызған жазушының әде­биетте жолы болған емес. Болмайды да. Кейде мимырт тірліктен шаршап, демалу үшін оқитын дүниелер іздейміз. Қайта-қайта кеңес өкіметін сағынып, ол кезде қаламақы деген көп еді деп аузының суы құритын қартаң қаламгерлердің шығармаларының көбін оқып болғанбыз, енді бізге керегі өз заман­дастарымыздың жазғандарымен танысу. Шыны керек, қазір прозада есімі жиі аталатын қалам­гердің бірі – Бақытгүл Сәрмекова. Оның әр шығармасынан қазіргі қоғамның ащы шындықтары айқай салып тұрады. Кейіпкерлері де біртүрлі, есімдері Итбай, Жарбагүл, Жа­қаш болып кете береді. Қаламгер жағымсыз кейіп­керлердің аттары оқырман ойында жатталып қала­тынын ескерсе керек.

Әдебиет • 15 Қараша, 2022

Трейси Чи және «Біз азат емеспіз»

Бір роман – бір әлем. Кейде бір жақсы кітап бір ұлтты, бір мәдениетті өзгелерге танытып жатады. Бұл қа­зіргі қалыптасқан құбы­лыс. Жапон жазушысы Трейси Чидің «Біз азат емеспіз» атты романы Екін­ші дүниежүзілік со­ғыс кезінде Америка Құра­ма Штаттарында жап­пай түрмеге қамалып, тағ­дыры талқыға түскен екін­ші ұрпақ жапон-амери­калық жастардың өмірі­н­ің қалай өзгергені, Сан-Францискодағы Жапон­таун қаласында бірге өскен он төрт жасөспірімнің қо­ғамға көзқарасы туралы шығарма. Олар өзара қайшылықта болса да, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді.

Өнер • 13 Қараша, 2022

Жан-жануар әлемінің жанашыры

Астана қаласындағы Ұлттық музейде «National Geographic Photo Ark» көрмесі ашылды. Kazmedia Holding компаниясы ұйымдастырған, Қазақстанда алғаш рет өткізілген бұл көрме тұқымы құрып бара жатқан жан-жануарды суретке түсіріп, құжаттауды өзіне мақсат еткен «National Geographic» зерттеушісі, табиғат жанашыры, фотограф Джоул Сарторидың бүкіл дүние жүзінің хайуанаттар бағында, аквариумдарда және жабайы табиғат қорықтарында түсірген жұмыстарын негізге алады.

Сұхбат • 09 Қараша, 2022

Миеко Каваками: Роман жазу – от пен су кешу

Бізге Мұхтар Әуезов ашқан жапон әдебиеті бүгін қандай күйде? Әлем әдебиетінде орны бар жапон әдебиеті қазір көші ілгері жылжымаса, тоқырап қалған жоқ. Нобель сыйлығын алған жапон жазушыларының саны да көбейіп келеді. Сол үшін де төрткүл дүниедегі қалың оқырман қауым Күншығыс елі қаламгерлерінің шығармаларын оқуға құштар. Бір Муракамидің өзі бір елдің әдебиетін бүкіл жер жүзіне танытты. Оның соңынан ерген буын да осал емес, солардың бірі – жазушы Миеко Каваками. Ол Жапониядағы Акутагава және Танизаки атындағы әдеби сыйлықтарды еншілеген. Оның романдары әлемнің 26 тіліне аударылып, тұтас дүниені шарлап кетті. Ол бізге берген сұхбатында өз шығармашылығы, қазіргі жапон әдебиеті, роман жазу стилі туралы ойларымен бөлісті.