Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
162 материал табылды

Әдебиет • 25 Тамыз, 2022

Әлемдегі ең алғашқы роман

Көркем шы­ғарманың көк­жиегі деген сөз­дің жаны бар сияқты. Кей шы­ғармалар жазы­лады, алайда көп өтпей уақыт сы­нынан, заман талабынан, оқыр­­манның назарынан өтпей қалады. Ал кейбір туындылардың жыл­дар өткен сайын салмағы арта түседі. Мәңгілік шығармалар дегеніміз әне солар. 1000 жыл бұрын жазылған ХІ ғасырдағы Жапонияның эпикалық хикаясы «Гендзи туралы хикаяны» Мурасаки Шикибу есімді әйел қаламгер жазыпты. Ол ақындықпен қатар Жапон елінің Хейан дәуіріндегі император сарайында қызмет еткен.

Руханият • 24 Тамыз, 2022

«Қабдеш бекеті» ашылды

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің классигі марқұм Қабдеш Жұмаділовтің өз өсиеті бойынша жерленген жері – бүгінгі Абай облысының Үржар ауданы Таскескен ауылында, жұрт «92 шақырым» атап кеткен тоғыз жолдың түйіскен төбесінде тұрғызылған еңселі ақ күмбездің ашылу шарасы өтіп, ас берілді.

Өнер • 23 Тамыз, 2022

Оның ұстазы – табиғат

Ол сурет салуды бесінші сынып­тан бастаған екен. Әрине, талантқа талас жүрмейтіні шындық. Алға­шында балаң қиялмен әртүрлі дүниелерді ақ қағазға шимайлай бастаған оның өнерге деген аңсары мен ынтасы барған сайын айқындала бастайды. Оның аты – Хамит Файзуллин. Тіпті ол өзінен үлкен сыныпта оқитындармен жа­рысып сурет салып, олармен бәсе­кеге түседі. Өнерге шын пейілімен берілген адамда ғана мұндай риясыз ой, қабілет болатыны сөзсіз.

Әдебиет • 22 Тамыз, 2022

Абайдан түскен сәуле

Абайдың жақсы көрген іні досы, суырыпсалма ақын Көкбай Жанатайұлы өз дәуірінің от ауызды, орақ тілдісі болған кісі. Оның тапқырлығы мен талантына разы болған Абай үнемі қасынан тастамай ертіп жүрген деседі. Әйтпесе, сол дәуірде аты шығып, атағы аспандап тұрған аға сұлтанның ұлына еретін кісі табылмай қалды дейсіз бе? Бәріне оның адалдығы мен айбынды ақындығы жауап беріп тұр.

Әдебиет • 22 Тамыз, 2022

Қоғамды сілкіндірген шығармалар

Шындығында кітап оқу тек ләззат алу ғана емес: сан ғасырлардың сырын шертетін кітаптар біздің санамызға терең әсер етіп, сыртқы әлемге көзімізді ашады, кейде тіпті жақсы кітаптар әлеуметтік өзгерістердің катализаторы ретінде әрекет етеді. Дүниежүзілік экономикалық форум ұжымының сайты қоғамды өзгерткен таңдаулы романдардың атын атады. Біз солардың үшеуіне тоқтала кетейік.

Әдебиет • 21 Тамыз, 2022

Құбылмалы әлем: Қағаз кітаптың тағдыры

Әлем көз алдымызда сәт сайын өзгеріп жатыр. Бүгінгі жаңалық ертең ескіруі мүмкін. Тіпті минуттар арасындағы үнсіздіктер ұлы дүбірге айналып, өз жұлдызын жағып жатыр. Кейде адамның қоғам алдындағы жауапкерші­лігі қандай, бұл үшін қай кезде есеп беруі керек деген сансыз сұрақтарға шырмаласың да қаласың. Кейбірі жауабын өзі береді, ал кейбірі мәңгі жа­уапсыз. Ал ұлттың, қоғамның ашық ойлы зиялысы, сөз ұстарлары саналатын қаламгерлердің міндеті қандай? Оған олардың қаламынан туған кітаптар жауап бере ала ма? Осындайда көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген пәлсафасы еске түседі. Шынымен де адамзаттың қазіргі жетістіктеріне жетуіне, саналы қоғам құруына кітаптың атқарған рөлі айрықша. Осы дөңгелек үстелде «Қазіргі және болашақтағы қағаз кітаптардың тағдыры қандай?» деген сұраққа жауап іздедік. Сұхбатқа Кнут Одегард (ақын, Норвегия), Қуаныш Жиенбай (жазушы, Қазақстан), Танер Мурат (аудармашы, әдебиеттанушы, Румыния), Аида Эгембердиева (ақын, Қырғызстан) қатысып, пайымды пікірлерімен бөлісті.

Әдебиет • 18 Тамыз, 2022

«Норвег орманы» неге жазылды?

Үш жыл бұрын Харуки Муракамидің «Норвег орманы» атты романын оқы­дым. «Мен құмырсқалардың жаңбырлы күндері не істейтінін білгім ке­ле­ді». Осы сияқты қызықты сөйлемдер Муракамидің бұл романында көп кез­де­седі. Қарапайым болғанымен, ойландырады. Біз қазір кітап туралы айтатын болсақ, әдетте «ескі мектеп» өкілдерін еске алып жатамыз, мысалы, Толстойды, Хемингуэйді, Фицджеральдты тізбелей береміз. Бірақ Мураками әрқашан оқырманға қызығушылық тудыратын автор екенін де жасырмаған жөн.

Кино • 18 Тамыз, 2022

Міржақып туралы телесериал

Алаш арыстарының өмірі мен өнегесі жайлы іздену, олардың ұстанған жолын, тұлғалық ерекшелігін өскелең ұрпақтың санасына ұялату – бүгінгі біздің парызымыз. Олардың жан дүниесі, дүниеге, ортаға, сол кездегі саясатқа көзқарасы туралы тереңірек толғануға болады. «Қайтсек қазақты оятамыз, өзгелермен терезесі тең ұлт қыламыз?» деп күрескен салмақты ойдың, адал еңбектің адамдары, анығын айтқанда, Алаш арыстарының есімі қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатыны шүбәсіз.

Әдебиет • 18 Тамыз, 2022

Әдебиеттану тарланы

Тұрсынбек Кәкішев – есімі қазақ әдебиетінде мәңгі қалған тұлға. Ол ұлт әдебиеті үшін өшпес қызмет етіп кетті. Бүгінгі әдебиетте жүрген зиялылардың көбі Кәкішев мектебінен өткендері шындық. Оның ұлт әдебиеті мен руханияты үшін істеген еңбектері бүгінгі ұрпақ үшін асыл мұралардың бірі болмақ.

Әдебиет • 16 Тамыз, 2022

Кенияның көз жасы

Кения жазушысы Нгуги Уатиңгоның паспортына айналған шығармасының бірі «Жылама, балақай» атты роман. Бұл жазушының тырнақалды туындысы, аталған шығарма сонау 1964 жылы бас­па­дан шыққаннан кейін оқырманның қолынан әлі түс­кен жоқ. Әдебиеттанушылар бұл романды ағыл­шын тіліне аударылған шығыс африкалық тұң­ғыш кітап ретінде бағалайды. Жазушы осы шығар­масында африкалықтар мен колониялық Кенияға қоныстанған ақ нәсілділер арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстық һәм ұлттық араз­дық­ты, олардың бір-біріне деген жеккөру, кектену сезім­дерін сөз ете отырып, шынайы оқиға­лар­ды, яғни Кения жерінде болған әртүрлі қақты­ғыс­­тарды тілге тиек етеді. Сол үшін біз оның әр шы­ғар­масында шындықтың өзі сөйлейді дегіміз келеді.