Экономика • 11 Сәуір, 2023
Көрші ел қазақ жанармайына неге құмар?
Көрші қырғыз елінің «ақылман» азаматтары жанармайды Қазақстаннан арзан бағамен тасымалдайтыны бұрыннан-ақ белгілі болған еді. 2022 жылы жергілікті жұрт мұндай оқиғаның жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағып жүрген. Айыр қалпақты ағайындар әлі де айылын жимай тұр. Қордайға ат басын бұрған құдайы көршілеріміз шекара асып келіп, арзан жанармайға дәнігіп алды.
Қоғам • 10 Сәуір, 2023
Тұрар Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен КСРО Жазушылар одағының мүшесі, белгілі балалар ақыны Совет Әлімқұловтың 85 жылдығына орай қаламгерді еске алуға арналған «Ұмытып кетпе мені» тақырыбында элегия кеш ұйымдастырылды.
Әдебиет • 06 Сәуір, 2023
«Жәмиләнің әні» қалай жазылды?
Оның кез келген туындысынан кемелдік пен тереңдік бірден аңғарылатыны даусыз. Ән әлемінде өзіне тән қайталанбас иірімдерімен тыңдармандарының жүрегінде өшпес із қалдырған Қазақстанның Еңбек Ері, әйгілі композитор Илья Жақановтың әрбір шығармасы талғамы биік өнерсүйер қауымды бейжай қалдырмайды. Біржан сал мен Ақан серінің әндерінен бойға қуат, ойға шуақ алған өнер иесінің батыстық экспансия жетегіндегі эстрадаға сын көзбен қарауы да заңдылық.
Денсаулық • 05 Сәуір, 2023
Ғасыр дерті: Үміт пен үрейдің күресі
Деректерге сенсек, АИТВ\ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың саны тоқсаныншы жылдардың аяқ тұсында үш миллионнан асып жығылған. Бүгінде Жамбыл облысында АИТВ жұқтырғандардың саны 1502 адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 05 Сәуір, 2023
Бүгінгі күні өңірде 52 сүт тауарлы фермасы тынымсыз жұмыс істеп тұр. Ал қуаттылығы 50 бастан 600 басқа дейінгі фермалардағы сауын сиырдың саны 14 мың бастан асып жығылады. Әйткенмен, өңірдегі сүт өндірісінің бүгінгі қарқыны көңіл көншітпейді. Қысқасы, облыста сүт өндірісін 2025 жылға дейін 30 пайызға жеткізу үшін нақты жұмыстар қолға алынып отыр.
Мәселе • 04 Сәуір, 2023
Жүйкені жұқартқан жалақы «жыры»
Кейінгі уақытта Жамбылда жалақы «жыры» Манастың ырынан кем түспей тұр. Әлеуметтік теңсіздіктен қажыған халық шайлыққа жетпейтін айлықтың мәселесін көтеруден жалығар емес. Жарытымды жалақыны армандаған жамағат билік басындағылар мен олардың қасындағылар жанайқайымызға құлақ асатын күн туса деген арманның жетегінде жүргені жасырын емес.
Тұлға • 03 Сәуір, 2023
«Келші, Құланға» кімге арналған?
Оның қай әнін тыңдасаңыз да жүрек тебіренеді. «Келші, айым», «Келші, Құланға» сынды шығармаларынан сағыныш самалы есіп тұратыны тағы бар. Көкдөнентаудың самалына маңдайын өптіріп өскен Мэлс Өзбековтің «Келші, Құланға» әні құландықтардың гимніне айналып кеткеніне де талай жылдың жүзі толды.
Технология • 29 Наурыз, 2023
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьмин өрт кезінде адамдарды құтқаруға арналған құлтемір ойлап тапты. Ерте жастан робот жасауға қызығушылығы да, бейімі де бар жасөспірім 5-сыныптан бастап мектептен тыс уақытта «техникалық шығармашылық орталықта» қосымша білім алады. Аталған жобаны орталықтағы тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жүзеге асырған.
Қоғам • 27 Наурыз, 2023
Фототілшінің үйін заңдастырып берді
2017 жылғы жаңа жыл мерекесін әріптесіміз, облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай айрықша қуанышпен қарсы алды. Сол жылдары өңірді басқарған Кәрім Көкірекбаев салтанатты іс-шарада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек атқарып келе жатқан әріптесімізге қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2023
Құтқарушы ұстаздар марапатталды
Бірнеше күн бұрын Тараз қаласындағы №22 мектептің мұғалімдері мен полиция инспекторы Әлішер Ермеков табиғи газдан уланған бүтін бір отбасыны құтқарып қалған болатын. Осыған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бес адамнан құралған отбасыны құтқарған №22 мектептің мұғалімдерін қабылдап, құрмет көретті.