Аймақтар • 16 Ақпан, 2023
Бақылаусыз бала жамандыққа үйір
Өңірде жасөспірімдер мәселесі өте өзекті болып тұрғаны белгілі емес. Облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек өткен жыл қорытындысында өз-өзіне қол жұмсауға бейіл жастардың саны 13-ке жеткенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ өткен жылы жасөпірімдер 128 қылмыс жасаса, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 54,2 пайызға артқаны да ашық айтылды.
Экология • 16 Ақпан, 2023
Фосфогипс қалдығын кәдеге жаратпақ
Шыны керек, Тараз металлургия зауыты маңындағы тау боп үйілген өндірістік қалдық жылдар бойы жергілікті жұрттың жүйкесіне ши жүгірткені жасырын емес. Фосфогипс қалдығынан Жамбыл ауданының бірнеше ауылының тұрғындары зардап шегіп отырғанын да жақсы білеміз. Өткір мәселені эколог мамандар да талай рет жетер жеріне жеткізіп айтқан болатын.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2023
2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарында жүзу спортынан Қазақстан қоржынына алғаш алтын медаль түсірген Зүлфия Ғабидуллина Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектептің оқушыларымен жүздесіп, спорттағы табысының сырымен бөлісті.
Тұлға • 14 Ақпан, 2023
Елі «Ерке ақын» деп атап кеткен Нарша Қашаған таластық жерлестеріне еркелеп жүргенімен, ақын інілерін аялай білетін. Нәкеңнің қасында жүру, әңгімесін тыңдау – оралмайтын өткен шақ. Ардақты ақынның дүниеден озғанына да біраз жылдың жүзі болды.
Өнер • 13 Ақпан, 2023
Расында оның бір күйі – бір пьеса, драма, шежіре. Күй өнерін әдебилендіріп айтсақ, дәуірлердің дастаны ма дерсің... Айталық, Құрманғазының күйлерінде жігер, Дәулеткерейде терең толғаныс, романтизммен астасқан лирика бар. Тәттімбеттің күйлерінен дегдарлық байқалады. Аман Малдыбаевтың «Көне Тараз» атты шертпе күйі – тағы да әдебилендірсек, бірде эпикалық сарынның арыны майдалап ескендей әсер қалдырса, енді бірде өлкенің шежіресін шертіп тұрғандай әсерге бөлейді.
Спорт • 12 Ақпан, 2023
Әуелде ақсүйектердің ойыны аталып кеткен бильярдқа аңсары ауғандар бүгінде аз емес. Біреулер әуесқойлықпен тастаяққа аңсары ауса, ал жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандары кәсіби деңгейде ойнайды. Әлихан Қаранеев, Әлібек Омаров, Дәурен Орынбаев, Қаныбек Сағындықов, Ернар Шымбаев секілді мықтылар ел-жұрттың бильярдқа деген қызығушылығын оятты десек, артық айтқандық емес. Аты аталғандардың ішінде Ернар Шымбаев халықаралық деңгейде әлі күнге дейін жасындай жарқылдап жүр.
Поэзия • 08 Ақпан, 2023
«Бұрын сен қайда жүргенсің?..»
Ол «көрініп қалайын, танымал болайын» деп аһ ұрған жоқ. Қарапайым тіршіліктің қамытын киіп, ел ортасында жүр. Қазіргі жастар композитор Сәрсенбек Бәкірді соншалықты тани бермеуі де мүмкін. Өйткені Сәкең «хайп» пен «лайктың» соңына ілескен де емес. Ал бүгінде жеңілтек әуен мен мәнсіз мәтін трендке айналғаны рас. Сәрсенбектің өнері үн қатады, әндері сөйлейді...
Қоғам • 08 Ақпан, 2023
Басқа-басқа, жамбылдық жастар жыл сайын «Өңірімізде қыста демалатын орын жоқ» деген мәселені айтудан ешқашан жалықпайтын. Түбі бір нәтижесі болар деп топшылайтын. Жуалы ауданында «Көксай» этно-туристік демалыс аймағы ашылады деген әңгіменің шыққанына да біраз уақыт болған еді. Ақыры пайдалануға берілді.
Марапат • 08 Ақпан, 2023
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шорт-тректен командалық эстафетада күміс жүлде иеленген Малика Ермекке оқу орнының білім грантын тапсырды.
Жәдігер • 07 Ақпан, 2023
Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылының оқушылары елді мекен маңында ойнап жүріп, көне құмыра тауып алды. Археолог мамандардың айтуынша, қола әшекейлермен әдіптелген жәдігер ІХ-ХІІ ғасырлардан жеткен жәдігер көрінеді.