Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023
Жамбыл облысында цифрландыру жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Өңірдің геоақпараттық жүйесін құру жұмыстары бірер жыл бұрын басталып, уақтылы аяқталған болатын. Әйткенмен, алдағы уақытта жүйені жан-жақты ақпараттармен толықтыру бағытында толыққанды жұмыстар қолға алынбақ.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Жеке сектордан үй рәсімдемек болған жұрт ақшасынан айырылып, баспанадан қағылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында «баспаналы боламыз» деп үміттенген тараздықтар әкімдіктегілерге алдандық деп дабыл қақты.
Ауыл • 25 Қаңтар, 2023
Байзақ ауданына қарасты Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Ботамойнақ үңгіріндегі пиктограммалар туралы нақты деректерді табу – қиынның қиыны. Бір анығы, шатқалда орналасқан үңгірдің пішіні ботаның мойнына ұқсас болғандықтан, жергілікті жұрт «Ботамойнақ» деп атап кеткен екен.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Соңғы жылдары аудан орталықтарында студенттерді жатын орынмен қамтамасыз ету жұмыстары мықтап қолға алына бастады. Бұған дейін Құландағы ауылшаруашылық бағытындағы колледж қасындағы бұрынғы жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы Шу ауданында да студенттер үйі жастарға есігін айқара ашты.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023
Жүргізушілерге сес болатын «Сергек»
Тараз қаласында «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешені қосылатыны туралы ақпарат өткен жылы тарап үлгерген еді. Бейнебақылау жүйесінің нақты қашан іске қосылатыны туралы ел арасында сан түрлі қауесет те жүрді. Халық «Сергекті» алаңдай күткен еді...
Руханият • 23 Қаңтар, 2023
«Рахмет саған, туған ел» қалай жазылды?
Елі ерке ақын атап кеткен Нарша Қашағанұлының бақилық болғанына да біраз жылдың жүзі болды. «Елде тұрам» деп жырлаған ақынның «Ауыл ғана ауыспайтын астана» деген тіркесін таластық жерлестері аузынан тастамай айтып жүреді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
Тараз қаласында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атындағы өнер орталығы салынады. Аталған орталық өңір руханиятын насихаттаудағы бірден-бір маңызды нысанға айналмақ. Жаңа нысанның жөн-жобасын зерделеу мақсатында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
«Эльдорадодағы» балықшылар бәсекесі
Жуырда ғана жұмысын бастаған «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі мен спорттық іс-шаралар өткізу орталығы бірлесіп, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың рухына арнап балықшылар арасында турнир ұйымдастырды. Мұз үстінде балық аулаған балықшылар арасындағы бәсеке тартысты өтті.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023
«Адамзаттың Айтматовы» атанған заманымыздың заңғар жазушысы өмірден өткенге дейін Жамбыл жерін ешқашан есінен шығарған емес. Дәуірдің дарабозы 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл зооветеринариялық техникумында білім алып, зоотехник мамандығы бойынша үздік бағаға бітірген.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023
Жамбылдық шаруалар ағын судың азабын жазда ғана емес, қыс мезгілінде де қозғап жүр. Мұнысы өзекті мәселе өте тез шешілсе деген ниеттен болса керек. Сарысу ауданының шаруалары бұл жолы өңірге салаға жауапты министрлерді шақырды. Жергілікті халықтың жанайқайын еститін адам бар ма екен?