Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Жұлым-жұлым жолды жөндей бергеннен не шығады?
Жолдың «жыры» мол «жырға» айналғалы қашан. Алқалы жиындарда айтылады, бас шұлғып қатырамыз деп тарасады. Одан кейінгі жерде жоғары-төменді қағаз алмасулар, тынымсыз телефон шылдыры шеру тартады. Қызыл сөзден қырман үйіліп, есептер беріледі. Жалғаны мен шынын ешкім сарапқа сала бермейді.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Қандас жастар Түркістанда білім жарыстырды
Өзге жұрттарда білім алып, тәрбие үйреніп жатқан ұл мен қызды атажұртына тарту мақсатында, елімізде бір жақсы іс-шара Президент өкімімен жүзеге асып келеді. Ол 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау» негізінде Үкімет қаулы қабылдаған еді. Соның арқауында өз Отанымыздағы дарынды ұрпақпен бірге, алыс-жақын шетелдерде өмір кешіп жатқан бауырлардың баласын бабаларының кіндік қаны тамған киелі топыраққа тарту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы осыдан 19 жыл бұрын «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты олимпиадаға ұйытқы болған еді. Оның негізгі мақсаты, қазақ тілі мен әдебиетінің құнын өзге жұрттарда оқып жүрген жастардың санасына сіңіру болатын.
Білім • 17 Сәуір, 2022
Ұлт ұрпағын жұрт кісісі дәрежесіне көтеретін – ата-ана, мұғалім, билік. Осы үш тірек намыс найзасын мұқалтпай, жігерін жанып, үміт отын үрлесе, жалғандыққа бармаса, сапалы білімді санасына күңгірттендірмей сіңірсе, таңғы шықтай мөлдір, күн сәулесіндей тұнық тәрбие берсе, жаратылысында кемдік болмаса, бала теріс кетпейді.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2022
Қазақ – сөздің парқын білген халық. Сол арқылы адамның да нарқын айырып, бағасын берген. Қазақ сөзге тоқтаған халық еді. Сөздің астарын түсінбеген, бетімен сөйлегенді бәлдір-батпақ, сарала-сатпақ деген. Сөз үдесінен шықпағанды, уәдесінде тұрмаған шалағайды шалды-бұтты деген. Сөздің сұрауы болады, сұраусыз сөз жоқ, оның сұрауы антты ақтау секілді дейтін көнекөздер.
Қоғам • 13 Мамыр, 2021
Хантәңірден қанат қаққан қайраткер
Отыз екінші қара сөзінде: «...ғылымды, ақылды, сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», деп Абай айтпақшы, ақыл сауытын серік етіп, сенім деген бағдарға қатал қадам басқан, адамдық қалыбынан танбаған бір адам болса, ол – профессор Әділ Ахметов аға болуы керек.
Руханият • 13 Сәуір, 2021
Ұлт ғұмыры – ұрпақ сабақтастығында
Ұлттың ұлы болмағы ұрпақ сабақтастығының саралығында, алдыңғы толқынның даналығында. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» (Абай) дегендей, алдыңғы толқынның құрметі кейінгі толқынға қашанда керек. Оның әдемі үлгілері халқымызда болған.
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Жауапсыздық пен жалғандық жарға жығады
Қай дәуірде де адамды жарға жығатын – жауапсыздық пен жалғандық. «Өңкей жалған мақтанмен, Шындық бетін бояйды», «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай – шын құдай», деген Абай мен Шәкәрім сөздері жадымызда жаңғырып тұр.
Руханият • 29 Қаңтар, 2021
Атам қазақ: « Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді» деп, сөз киесін қызыл-жасыл бөз бағасынан жоғары қойған. «Аларым кетсе кетсін, айтарым кетпесін» деп, «Жүректің сөзін сөйле, тіл» (Абай) деген. Осы жүрек сөзін сөйлегенде, аталы сөзден аттап, атасыз сөзді жақтағандар неге азаймайды? Әлде бөздің құдіреті жүріп тұрғанда, сөз неге керек дей ме екен?
Руханият • 20 Қаңтар, 2021
Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды
Имандылықтың бастауы ұятқа барып тірелетіні хақ. Атам қазақ айтады: «Ұят кімде болса, иман сонда» деп. Имандылық – әр мұсылманның адал тірлігі, яғни Алла елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде көрсетілгендей: «Кімде-кім ниетін – имандылыққа, тазалыққа, тілін – шыншылдыққа, өзін – тыныштыққа, мінезін – туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек, ол бақытты». Міне, имандылық белгісі.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020
Тығырыққа тірейтін тұйық тірлік
Осы күні ең оңай жұмыс кеңседе отырып, билік құру, ақыл айту секілді. Оны жұрт қалай қабылдайды, нәтижесі бола ма, әлде айтып құтылдым үшін бе екен? Орыстың әдебиет сыншысы В.Белинский «Аяғыңыздың астына қараңызшы» депті. Оларға иіліп, бүгіліп, тұқшыңдап, аяқтың астына қарау қиын болса, төңірегіне жасандылықпен емес, өзін алдау үшін емес, жалған мәліметті малданбай, тұрғындардың сөзіне сәл де болса құлақ асып, ақиқатты аттамай жіті қараса халықтың бар-жоғын көрер еді. Бүгінгі бір олқылығымыз айта салып, халықты алдай салсақ болады дегенге саяды. Мұның ақыры бір кездері әттеген-айға әкелуі мүмкін.