Таным • 04 Желтоқсан, 2020
Қазақ – батаны бағалаған жұрт. Батаның қате кетпеуін, теріске тартпауын, оңға бұрса бағың ашылып, бақытты ғұмыр кешетініңе ерекше мән берген, теріс бата – тек-тамырыңа кесел келтіріп, өзегіңе нәр тамбайтынын ерте ұғып, одан бойын аулақ салған халық.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020
Термин ұлт дыбысына үйлестірілсе ұтылмаймыз
Тіл жайлы, оның ішінде азат елдің мемлекеттік тілі, термині туралы айтқалы отыз жылдан асты. Жылт еткен сәуле жоқ деуге болмайды. Тәубе, дейтін тұс баршылық. Бұрын ана тілін білмейтін кейбір бауырларымыз биік қызметке қолы жетіп, шенеунік болған соң тілі былдырлап, артынан түзеліп кетіп жатыр.
Пікір • 02 Қыркүйек, 2020
Әр қазақ нар қазаққа айналса, қане!
Қазақ не көрмеген деп кейде көлгірситініміз бар. Көре беру міндет емес шығар. Иә, қазақ көрмеді емес, көрді. Оны жоққа шығара алмаймыз. Бүгін ондай жел сөзбен ақталам деу ағаттық. Бұрын бәрін өзге көрсетті. Төздік. Көндік. Тәубе, қайта жандандық. Іргелі ел болдық. Оған да отыз жылға таяп қалды. Олай болса, өткенді айта берудің қажеті шамалы. Әр нәрсенің жөн-жосығы, орны болады.
Қоғам • 28 Шілде, 2020
Елдік істі атқару кімге де болса сын. Сыннан сүрінбей өту – парыз. Парызға адалдық – азаматтық қарыз. Қарыз бен парызды қара басының қамына, құбырдай құлқынына икемдегендер, жұрт болғалы жұтудай жұтып, жыртығымызды жамай алмай келеміз.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Текке тарту, қанға қызу деген ұғым қазақта әлімсақтан бар. Ол үлкенді қойып, шетке кеткен баланың бойынан да табылып жатады. Бұған 2001 жылы мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-қа «аттанған» ұрпақты іздеп барғанда көзіміз жеткен. Құшағыңа ұмтылған ұлды, етегіңнен тартқан қызды көріп, қанға тарту деген осы екен-ау дегенбіз.
Руханият • 04 Маусым, 2020
Қаншама ұрпақ аңсап, армандап, зарығып жеткен тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де үш он жылдықтың жүзі болып қалды. Бодандықтың қамыты алқымнан алып, тынысты талай тарылтты. Қасірет таңбасын да кигізбей қоймады. Бірақ қайсар қазақты ниеті қараулар жоя да, жоғалта да алмады. «Елім-айлап!» жүріп қазақ елдігіне жетті. Бұрынғы бабалар бөрілі байрақ, ақ ту ұстаса, бүгінгі жұртымыз үш бірдей елдік белгісін орнықтырып отыр.
Руханият • 02 Маусым, 2020
Әр ауылдың өз «Грозныйы» болған
Біз үлкенге ұйыған ұлттың ұрпағымыз. Сол үлкеннің тобылғы сапты қамшының мінсіз өріміндей сөзі сот үкіміндей, мірдің оғындай, сексеуілдің шоғындай болған бір замандары. Ондай сөз айладан емес, даладай дархан ақылдан шығатыны да белгілі. Ақылдан шыққан сөзде ақау да, кемдік те болмайды, тек кеңдік, таза табиғаттай тамылжыған кемелдік қана салтанат құрып тұрады.
Білім • 29 Мамыр, 2020
Білім ісі – жұрт ісі. Оны ұлт ісіне айналдыру керектігі әлімсақтан айтылып келеді. Ежелгі дәуір алыптарынан бастап, бүгінгі ғұламалар да оны жаңғыртуда. 1017 жылы өмірге келген Ж.Баласағұни: «Білсе білім – күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге», депті.
Таным • 20 Мамыр, 2020
Алапат аштық, сұм соғыс өмірін қиды қаншаның...
«Мен ішпеген у бар ма?» деп Абай хакім айтқандай, қазақ ішпеген у бар ма? Өзінің топырағын басып жүрсе де өзгеге тоналды, қынадай қырылып, азшылыққа ұрынды. Осы сөздерімізге тұздық болатын қолымыздағы Талас Омарбековтің «Ашаршылық», Көшім Есмағамбетовтің «Түркістандық әскери тұтқындар» («Арыс» баспасы шығарған) кітаптары еді. «Ашаршылық» – жүз бетке жете қоймайтын шағын дүние. Бірақ онда қамтылған қасіреттің салмағы қорғасындай зілмауыр. «Сайрай жөнелетін» сандар мен жер бетіндегі тозақ отына шарпылғандардың сөзі үрейіңді ұшырады. Халықты жұттан бұрын жұтату үшін кәсібін жойып, нәсібінен айырған екен. Мұндай арамза тәсілді бір замандары мұхиттың арғы жағындағы америкалық байырғы үндістерге ашкөзденіп барған басқыншылардың қолданғаны тарихтан мәлім.
Руханият • 06 Мамыр, 2020
Жақсыны көру, жүзі жылы, сөзі түзу адаммен тілдесудің өзі бір ғанибет. Шипажайға барғанда, емнен кейін топ-топ болып жүргендердің арасынан иман жүзді біреу жылы ұшыраса, тілдесуге ұмтылатын ежелгі әдетім бар. Бұл журналистер қауымының табиғатына біткен өзіндік бір ерекшелігі болса керек. Өткен жылы Сарыағашқа тынығуға барғанда еңсесі биік, жетпістен асқан кісі кейде жаяулатып жүреді, кейде есікпен төрдей ақ «джиптің» тізгінін қолында ұстайды. «Е, мықтының бірі болды ғой!» – дедім іштей. Бірақ жаяу жүрсе де, көлікпен келе жатса да сәлемдесу ишарасынан жаңылмай, басын изеп, кісілігін көрсетіп жүреді. Сұрастыра келсем «Ақ-Тілек» деген шипажайдың қожайыны екен. Ірі мекеменің ірі бастығы жан тыныштығын әдемі ойластырған болды ғой дедік іштей, пенделікке салып.