Руханият • 29 Сәуір, 2020
Ұлтты құртатын жадағайлық, жалт беріп кететін, өзімшілдіктің құрдым құлына айналған рухсыздық. Керісінше болса, кемелдіктің көкжиегінде табаныңды нық тіреп, қадамың аршынды болады. Мерейің үстем тұрады.
Руханият • 17 Сәуір, 2020
Ұлтты сақтайтын – рухани құндылық, қадірлі қасиет, салт-сана, тіл, діл, жұртты сақтайтын – иесі саналатын қазақтың киелі жері, несін айтасың, бағын ашар, тағын бекітер байлығы. Осыны түгендеген, түсінген, сөйтіп түлете алған, ұрпағына мирас еткен елдердің іргесі берік, еңсесі биік. Оны қожыратқандардың тірексіз қалған тірлігіне арғы-бергі тарихқа, қазір де шеңбер ішінде шерлі күй көріп жатқандардың үніне ой жіберсең аңғарасың да алаң боласың. Елдігімнен айырма, азаттығымды баянды ет, тіл көзден, сұрқай сөзден сақта дейсің. Кейде жылбырай сөйлеп,сығырая қарап, асыңды ішіп отырып-ақ дастарқаныңды тіліп кететін арам пиғылдар аз еместігін көргенде, көкейіңе бір тас байланып қалғандай боласың. Мұндай оғаштау ойға Қарашаш Тоқсанбайдың «Сыр-сымбат» деген кітабын оқып отырғанда тап болдық. Қай мақаланы, сұхбатты қарасаң да ұлт өкілі: ұлт өнері, ұлт өнерпазы, олармен қанаттас ұлт ардақтылары, ұлттың салт-санасы, оның арғы бастауы, бергі жаңғыруы, қалыбын бұзбай сақтап қалу – бір сөзбен айтқанда, қазақ болмысы алдыңнан шығады.
Руханият • 14 Сәуір, 2020
Ұлтымыздың ұлы ұғымдары, қастерлі қасиеттері аз емес. Соның бірегейі – қазағымның тыйымдары. Жақсыға жақын жүр, пенделік қылықтан бойыңды да, ойыңды да аулақ ұста, адамдықтан кетпе, адалдықты сақта, соны серік ет, одан кетсең надандықты қойып, айуандықтың күйін кешесің дейтін үлкендер. Осындай кісілік пен кішілікті ұқтырар ұғымның арғы жағында кемел бол, кең бол, кем болмайсың, үлкенді танып, кішіге қарайлассаң, теріс мінезден аулақ жүрсең қарғаға тән күйкілік қалып, ертең-ақ қыран тірлікпен самғайсың деген ғаламат ғақлия жатқанын кейін білдік.
Қоғам • 13 Наурыз, 2020
Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.
Қоғам • 12 Наурыз, 2020
Бүгін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің әліпбиді жетілдіру жұмыстарын қорытындылау жөніндегі ұсыныстарына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әліпби жобасындағы жекелеген таңбаларды ғылыми тұрғыдан саралау мақсатында ашық талқылау өткізді.
Таным • 27 Ақпан, 2020
Түр тұлғасы, жүріс-тұрысы, көп желпіне қоймайтын, бәрін орнымен атқаратын, мінезге бай, жүрегі мейірімге толы, көңіліне қонбайтын сөзге «кім білсін» дей салатын, абыр-сабырдан құтылып, жайдары сәтінде, ағынан жарылар тұста «шынымды айтайын» деп бүкпесіз әңгіме тиегін ағытатын Ераға – Ержұман Смайылдың да мына жалған дүниеден жол үстіндегі жолаушыдай өте шыққанына да біраз уақыт болыпты-ау!
Қоғам • 20 Ақпан, 2020
«Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» кеңесі өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай бүгін 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес өтті.
Абай • 07 Ақпан, 2020
Абай қазақтың қай кезде де рухын көтеріп, ұлылығымен дәнекер болып келеді. Биыл да қазақты қанаттандырып, қабырғалы ел екенімізді көрсетіп отыр.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2020
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Латын графикасына көшіру жұмыстарын ғылыми тұрғыдан зерделеу қажет
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі қазақ тілін жаңғыртуға байланысты айтқан ойлары бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жиын өтті.