Қазақстан • 17 Маусым, 2019
Жаңа Әліпби тіл табиғатын бұзбайды
Ұлт тіліне, ұлт руханиятына жақын келетін латын графикасына көшу жыл санап жақындап келеді. Әлі уақыт бар ғой деп арқаны кеңге салу кемел істің аясын кеңітпейді, қайта тарылтады.
Руханият • 11 Маусым, 2019
Арда азаматымыздың бірегейі Ербол Шаймерденұлы мына фәни дүниеден бақи дүниеге аттанғалы да жеті жылға таяп қалыпты. Бірақ артында Абай айтқандай, өлмейтін сөзі, өшпейтін көзі қалды.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
Елордадағы №73 мектеп-лицейі жыл қорытындысына арналған басқосу өткізіп, жүзден жүйрік шыққан озаттардың білім жарысында, ғылыми жобаларда, пән олимпиадаларында, өнер бәйгелерінде жеткен жетістіктерімен таныстырды.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
Ұлтты сақтайтын – ұлы қасиеттері. Ұлы қасиетінен жаңылып жаза басқан ұлт ұтылады. Ұтылу өз алдына жұтылып, ұрпақ алдында ұятқа қалады. Салғырттығынан сабақ алып, ес жиған жұрттар бар. Кер заманда өз ұлтына шекесінен қарап, шіреніп күн кешкендер, кейінгі буынның алдында жасып, жасқанып шерменде болары сөзсіз.
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
Бір жыл да өте шықты. Соңғы қоңырау соғылып, миллиондаған оқушы алған білімдерін түйіндеп жатыр. Мектеп табалдырығын өткен күзде аттаған балапан балғын ұрпақ екінші сыныпқа өтіп, өзі де, ата-анасы да ерекше бір сезім құшағында жүрсе, өмір сапарына қанат қаққан түлектердің де қуанышы мен көңіл толқыны кімді де болса толғандыратыны сөзсіз. Бұл ұрпақтар сабақтастығының үзілмей келе жатқан алтын арқауы десек жарасады.
Қоғам • 17 Сәуір, 2019
Бодандықтың қамыты қылқындырып тұрса да тұмылдырығын үзіп ұлт үнін өшіріп алмайық деп әрекет еткен Алаш рухының көш басында тұрғандар «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды», деп «Қазақ» газетін 1913 жылы жарыққа шығарған
Қазақстан • 15 Сәуір, 2019
Азат ел өзгелерге өзіндік дара белгілерімен, дана ұлдарымен, таным-тағылымымен, дәстүр-салтымен танылады. Осы танылудың бір дәйегі әліпбиімізді анықтау еді. Оған қол жетіп келеді. Екі жылға таяу уақыт бұрын латынға көшу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Осы жылдың басында жаңа емле ережесінің толық нұсқасы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды. Бас газетке берген сұхбатында Президент Қ.Тоқаев «Кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес», деп оның мән-мағынасына тереңдеп барып, бұл игілікті іске нақты жұмыстар қажеттігін атап айтқаны белгілі.
Саясат • 12 Сәуір, 2019
«Halyqqa qyzmet etemin degen kisige bári bir: depýtat bol, gazet shyǵar, bala oqyt», bári bir ekenin M.Dýlatuly atap aıtsa, J.Aımaýytuly: «Qazaqqa aıýdaı aqyrǵan sheneýnik tabylýy ońaı, erinbeı-jalyqpaı, baqyrmaı-shaqyrmaı is bitiretin, terisi qalyń, kónbis, tabandy qyzmetker tabylýy qıyn» depti. Al halyq jumysyn orta jolda qaldyrý, ıaǵnı «Ár urpaq ózine artylǵan júkti jeter jerine aparyp tastaǵany durys, áıtepegende bolashaq urpaǵymyzǵa asa kóp júk qaldyryp ketemiz. Keıingi urpaq ne alǵys, ne qarǵys beretin aldymyzda zor sharttar bar», ekenin Á.Bókeıhan taıǵa tańba basqandaı eskertip ketken. Osy ulaǵattardy sanamyzda saralaı alsaq, ásirese aýyl ákiminen bastap, Nur-Sultan qalasynda jaıly orynda otyrǵandar da túsinip túısinse, áttegen-aı azaıyp, bárekeldi molaıar edi.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2019
Қазір мұғалімнің беделін көтереміз, мәртебесін арттырамыз деп, заң әзірлеп жатырмыз. Осы қадамда дәстүр жалғастығын көтеретін бүгінгі мұғалім кімнің мұрагері, кімнің үлгісін үйрену керек дегенді естен шығарып, бәрін тыңнан бастап, барды ысырып, жоққа жорамал жасау көп іске көлденең болып келеді. Ондайдан жақсару өз алдына, қолдағының қадірін кетіріп, жар жиегіне тақап, кейін «Бұл қалай болды?» деп аңтарылатын тұсымыз, екінші рет қайталамау жағын ойластыру мәселесі ысырылып қала беретіні де бар. Бұл білім саласын зорға емес, сорға сүйреп жүр. Осыдан 5 жылдай бұрын бүкіл ел ұстаздары қуана қолдап, «Бізге де жасалған құрмет!» деп білген, көзі тірі кезінде-ақ «Қазақтың Қанипасы» атанған Қанипа Бітібаева атындағы тұңғыш педагогикалық музей ашылып еді. Бұл Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында орын тепкен. Бірақ ұстаздардың бұл қуанышы ұзаққа бармапты. Түрлі сылтаулар кесірінен музей оқу кабинетіне айналып шыға келген. Бұл жайсыз мәселе бас басылым – «Egemen Qazaqstan» газетінің 2019 жылдың 13 наурыздағы нөмірінде жан-жақты көрсетілді. Сонда ашып, артынан жаба салуды қалай түсінуге болады?
• 02 Сәуір, 2019
Sóz qadirin, til qudiretin jete uqqan ulylardan qalǵan bir qundylyǵymyz – sheshendik sózder. «Tilde býyn joq» dep jatady. Býynsyz tilden shyqqan sóz jaqsy bolsa janyndy jadyratady, ársiz, nársiz, «tıse terekke, tımese butaqqa» degendeı, ala-shubar kelse janyńa jara, aryńa daq túsedi.