
• 12 Ақпан, 2018
Ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмайық
Мына дүниені құлпыртатын да, құбылтатын да, жаңартатын да, жасартатын да, барыңды жетілдіретін де, орындасам деген мақсатыңа жеткізетін де – бір ғасыр бұрын ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен білім жарысы. Сол жарыста, яғни ақыл-ойдың самғауында қанатыңды талдырмайтын, ауырыңды жеңілдететін – білім мен ғылым. Осы ақиқат жолында ел білімін қайтсек жақсартамыз, ғылымын қалай өрістетеміз деген ұлы ұғымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деп азаттық алғаннан бері айтып келеді.
• 05 Ақпан, 2018
Жұрт болып жұмылудың, ұлт болып ұйысудың үлгісіне бабалардан қалған сөздерді естіп, өнегелі жазбалардан оқып отырғанда көз жеткізесің. Әсіресе, қазақтың төрт құбыласын түгендеп, кемін толтырып, кетігін бітеп отырған, бір ананың, бір әкенің тете ұлыңдай үш бидің өнегесін ту етіп төбеңе көтерсең, көкейіңе шырақ етіп жағып жүрсең, алдыңғының ақыл-парасатын қарынның қамы демей, көңіліңнен кетірмей, қарауылдай баға білсең – береке бірлік салтанат құрып, ұтылмайды екенсің.
• 30 Қаңтар, 2018
Ағылшын тілінде сабақ беретін маман тапшы
«Өз тілімізбен өмір сүрейік. Бұдан артық қалай айтуға болады» деген Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттің даму жолында «Кеше болмағаның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін – ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз», деп өмір өзгерістеріне қарай ұлт тілін қалай да сақтап қалуды жүктегені белгілі.
• 23 Қаңтар, 2018
Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.
• 01 Қаңтар, 2018
Анау ғасырдың басында нағыз ұлт жазушысы, Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз, Ауыл дене, біз – қозғатар жанымыз. Кел, еңбекші, қол ұстасып бір туға, Жиналайық қалмай жасы, кәріміз!», деп ауылды көркейтуге елді шақырғаны алдыңғы толқынның есінде болса керек. Сол үлгі қазір де күн тәртібіне шықты.
• 14 Желтоқсан, 2017
Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.
• 15 Қараша, 2017
Осы күндері жұрттың арасында «Көзкөргендер, өзгермеңдер» деген тіркес айтылып жүр. Сөзі жеңілдеу естілгенмен, астарындағы бояуы бес батпан. Бүгінгідей қиыр-шиыры сан түрлі уақыттың күнгейі мен көлеңкесі арбасып тұрғанда, ойлантпай қоймайды.
• 10 Қараша, 2017
Сылбыр көктем мен қара күзде тұмау үдеп, ескі сырқат сырқырамай қоймайды. Емханаға барасың, жалтақтап дәрігерге жағдайыңды айтасың. Ол отыра қалып қағаз толтырады. Суыртпақтап әңгімеге тартсаң, тексере келгендер жазғанына қарап еңбегін бағалайтын көрінеді. Бұл баяғы құтыла алмай келе жатқан қағазбастылықтың кесірі болса керек. Ол үшін дәрігерлерді кінәлау артық. Істен бұрын, қағазға сенген кезде қағаздың рөлі жоғары болғаны ақиқат.
• 03 Қараша, 2017
Бала да балапан секілді. Баули алсаң бағын ашасың, баули алмасаң өз балаңнан өзің қашасың.
Әдебиет • 25 Қазан, 2017
Данышпан Абай «Отыз алтыншы сөзінің» бастауында: «Пайғамбарымыз салалаһу һалайһи уәсәләмнің (құдайдың рақыметі жауғыр) хадис шарифінде (Пайғамбар туралы әңгімелер) айтыпты: «Мен лә хаяһүн уә лә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір мүшесі екен», депті. Шынында, ұят кеткен жерде иман болмайтыны анық. Имансыздан ибалық күту жөнсіздік.