• 26 Шілде, 2017
Мұғалім беделі және репетиторлық
Қазір мектеп абыройы, мұғалім беделі туралы көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүйесі дәуір дамуына қарай әртараптандырылды. Соның бірі – ата-аналардың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау.
• 17 Шілде, 2017
Ойға кемел, сөзге берен қазақтың Қадыры (Мырза Әлі): «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға дейін, бір де біреуін жатырқамайды. Иә, жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет... кісіліктің қадір-қасиетін түсіну үшін пенделік, тіпті, иттік хақында да әңгіме айтуға тура келеді», дейді.
• 16 Маусым, 2017
Жүйелі жұмыс жүйкені жұқартпайды
Биылғы оқу жылы да аяқталды. Жыл бойы көп мәселе көтерілді. Мұғалім жайы да қозғалды. Оқулықтың ой-қыры, бары мен жоғы талқыға түсті. Оның жүйесіз тұстары туралы ащы да, ашық та айтылып жатты. Тіл төңірегіндегі түйткілдер де жан-жақты тілге тиек болды.
• 24 Мамыр, 2017
Ұрпақ тағдырымен ойнаған оңбайды
Ұлттың ұлылығы ұрпағынан көрінеді. Бұл – әлімсақтан белгілі нәрсе. Ал сол ұрпақ тағдырына былық араласса, ар былғанады. Содан да шығар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең – құл болмақшы», деп өсиет қалдырып кеткені. Біз осы өсиетті орындай алдық па, әлде бәрін заманға теліп, теріс басқан аяғымызды, дүниенің құлы болуға ұмтылған ниетімізді түзеуге мұршамыз жетпей жүр ме? Бұл санамыздағы ақаудан, ұлтты ұлт ететін мәдени-генетикалық кодымыздың әлсіздігінен, тіпті мүлде кеміп кеткенінен болып отыр ма?
• 30 Наурыз, 2017
Мемлекеттік тілді білмейтін баспасөз хатшысы неге керек?
Ұлы Тұран өлкесінің бүтін жері 5,5 млн шаршы километр десек, соның 3 миллионына ие болып отырған Қазақ елі қазір кемел шағында. Былтыр ғана ширек ғасырлық мерекені атап өттік. Бұл мерейімізді өсірді, абыройымызды арттырды. Тәуелсіздік берген, аңсап жеткен азаттықтың бақ пен бақытын түсіндік.
• 17 Наурыз, 2017
Тән мен жанның дәрумені – табиғи өнім
Қазақтың жері дархан, дәулеті мол. Сол дәулетті сәулетке айналдыру жолында еңбектеніп келеміз. Ең бастысы, Отанымыздағы табиғи өнім талайды тамсандырып отырғаны анық. Осыдан біраз жыл бұрын Германиядан бір дәрігер келді.
• 28 Ақпан, 2017
Қыз намысы ұлт намысы емес пе?
Қазақ ұлын ұядан, балапан кезінен қырандай қияға қанат қақса екен, отбасы, ошақ қасында қалмаса екен деп тілеген. Қарғадайынан ашамай ерттеген тай-құнанға мінгізіп, ұранымды айтар ұланым деп, қолдан келгеннің бәрін аямаған. Талабын ұштаған. Қазақтың бетіндегі ұяты, көңіліндегі мияты бол деген тілегін құлағына құйған.
• 16 Ақпан, 2017
• 07 Ақпан, 2017
• 26 Қаңтар, 2017
Әкімдер әлеуетін пайдалана ала ма?
Ел дамуындағы елеулі кезең деп тек тамырымыздың алтын бесігі, жұрттың қорек—несібі, әрқайсымыздың тізгін тартып, киелі босағасы мен табалдырығын ашар есігіміз ауыл әкімдігіне қаржы бөлу мәселесі алдағы жылы өз шешімін табатын болды.