Сүлеймен МӘМЕТ
Сүлеймен МӘМЕТ«Egemen Qazaqstan»
121 материал табылды

Руханият • 13 Тамыз, 2019

Қазақ қабілеті

Қазақтың қарымы мен дары­нының ерекше болғанына арғы-бергі тарихқа көз жүгіртіп, ой тоқ­татсаң көзің айқын жетеді. Бүгінге жет­кен ежелгі дәуір сөздері, халық ауыз әдебиеті, одан кейінгі ұлт данышпандарының дара байламы ұлт рухының қайнары бол­ғаны айдай ақиқат. Оқымаса да тоқығаны ұшан-теңіз, ақыл дәрия­сын ағытқан жыраулардың жырындағы бір шумақта шым кестедей тұнып тұруымен қатар, ұлттық философияның да бастауы саналатыны рас.

30 Шілде, 2019

Сөз киесі

Жазайын деп жазбайсың, айтайын деп айтпайсың, көзің көріп, құлағың естіген соң, амалың таусылып, діңкең құрыған соң қолға қалам ұстайсың. Оның үстіне қиын заманда империя иықтан басып тұрса да, тілге тиек, ойға бұғау салса да айтарын айтып кеткен Алаш арыстары осындай халде ойға оралады. Тұлғасы таудай болып, ұлтым, жұртым деген үні құлақ түбінен шыңылдайды.

Қоғам • 19 Шілде, 2019

Ғасыр бұрынғы оқулықтардағы ғақлия

«Бұ дүниеден түрлі даныш­пандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ­тың арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу – елдік­тің белгісі», депті саналы ғұ­мырын ұлт қызметіне ар­наған Алаш арысы Халел Дос­мұхамедұлы.

Руханият • 18 Шілде, 2019

Жұртым деп келген жеткіншектер

Атырау өңірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шетелдердегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XVI халықаралық олимпиада өткен еді. Бұл олимпиаданың мақсаты – әлемнің 40-тан аса елінде өмір сүріп жатқан қандастардың мектеп жасындағы ұл-қызын атажұртына шақырып, елі­мен табыстыру, жұртымен қауыш­тыру, тілінің қадір-қасие­тін ұқтыру болатын. Бұл білім са­йысына алыс-жақын жеті мем­лекеттен 62 оқушы қатысты.

Руханият • 15 Шілде, 2019

Ауыл ажары қайтсе ашылады?

«Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам...» деп ұлы даламызды жыр дүлділі Қасым Аманжолов жырлаған еді. Осы қасиетті жерді жанын салып қорғаған бабалараға бүгінгі бар қазақ ұқсаса дейсің!

Руханият • 10 Шілде, 2019

Тойдағы ұлттық үлгі

Жақында иман жолында жүрген ибалы азамат анасының алты белеске шыққанына және екі ұлының сүндетке отырғанына арнап той жасады. Барлық қарекет ұлттық үлгіде болды. Улы ақ-қызылдың орнын, қасиетті қымыз бен шұбат басты. Той тізгінін қазақ өнерінің қабырғалы қайраткері, халықтық әдет-ғұрыптың туын көтеріп, ата салтты әспеттеп жүрген, қарт қалай болу керек дегенді сан қырынан астарлай ашып көрсететін, сөз құдіретінің құнын терең ұғатын Бекжан Тұрысов алды.

Руханият • 01 Шілде, 2019

Шәкәрімнің иман шапағаты

«Ындыны таза – иманды» депті ұлы ақын. Иә, күн нұрындай шапағаттың сан түрі бар. Шәкәрім шапағаты – иман шапағаты. Оған таяуда ғана қолымызға ти­ген «Иманым» атты жинағын түп қо­тара түгел оқығанда көз жеткіздік.

Қоғам • 20 Маусым, 2019

Тіл табиғатын бұзбайды

Ұлт тіліне, ұлт руханиятына жақын келетін латын графикасына көшетін уақыт жыл санап жақындап келеді. Әлі уақыт бар ғой деп арқаны кеңге салу кемел істің аясын кеңітпейді. Себебі алға қойған елдік іске ырғалып-жырғалып жүру жарас­пайды.

Аймақтар • 19 Маусым, 2019

Жамбыл облысында республикалық ақпараттық-насихаттау апталығы өтті

Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп республикалық апталық аясында 2019 жылғы 24-28 маусым аралығында Тараз қаласында және Аса, Сарыкемер кенттерінде ақпараттық-насихаттау республикалық апталығын өткізеді.

Қоғам • 18 Маусым, 2019

Бір үзім нан

Бір үзім нан үзіліп бара жатқан өмір отын өшірмей, сақтап қалады. Бір үзім нан үшін пенде қиянатқа да баруы мүмкін. Бір үзім нан үшін бір кездері адамдар жан алып, жан беріп, сергелдеңге түскен.