• 10 Сәуір, 2018
Сақтану өз алдына, сабақ алсақ, қане
Атам қазақтан қалған бір сөз «Сақтықта қорлық жоқ» дегенге саяды. Шынында, айтып келмейтін апаттар әлемде жиілеп кеткен секілді. Әсіресе 64 адамның, оның ішінде бейкүнә 41 баланың өмірін жалмаған Кемерово қасіреті кімді де болса ойландырғаны анық.
• 03 Сәуір, 2018
Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?
Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай.
Руханият • 06 Наурыз, 2018
«...Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?.. Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек...». Бұл – Абайдың сөзі.
• 27 Ақпан, 2018
Туризм мәселесі санада түлесе, қане!
Туризмді түрлендіргендер, ыңғайына келтіргендер, тіпті жоқтан бар жасап, жайнатып жібергендер, ең бастысы қалауын келтіріп, есебін тапқандар, екі емес бірнеше рет асайтын дәрежеге жеткенін естіп, біліп жүрміз. Қазір туризмнен түсетін табыс мұнай мен газ, металлургиядан кейінгі орында екен. Бұл – жер қазып, кен қопармай-ақ, егін егіп, суармай-ақ мол ақшаға кенелуге болады деген сөз.
• 20 Ақпан, 2018
Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?
Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» депті.
• 12 Ақпан, 2018
Ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмайық
Мына дүниені құлпыртатын да, құбылтатын да, жаңартатын да, жасартатын да, барыңды жетілдіретін де, орындасам деген мақсатыңа жеткізетін де – бір ғасыр бұрын ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен білім жарысы. Сол жарыста, яғни ақыл-ойдың самғауында қанатыңды талдырмайтын, ауырыңды жеңілдететін – білім мен ғылым. Осы ақиқат жолында ел білімін қайтсек жақсартамыз, ғылымын қалай өрістетеміз деген ұлы ұғымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деп азаттық алғаннан бері айтып келеді.
• 05 Ақпан, 2018
Жұрт болып жұмылудың, ұлт болып ұйысудың үлгісіне бабалардан қалған сөздерді естіп, өнегелі жазбалардан оқып отырғанда көз жеткізесің. Әсіресе, қазақтың төрт құбыласын түгендеп, кемін толтырып, кетігін бітеп отырған, бір ананың, бір әкенің тете ұлыңдай үш бидің өнегесін ту етіп төбеңе көтерсең, көкейіңе шырақ етіп жағып жүрсең, алдыңғының ақыл-парасатын қарынның қамы демей, көңіліңнен кетірмей, қарауылдай баға білсең – береке бірлік салтанат құрып, ұтылмайды екенсің.
• 30 Қаңтар, 2018
Ағылшын тілінде сабақ беретін маман тапшы
«Өз тілімізбен өмір сүрейік. Бұдан артық қалай айтуға болады» деген Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттің даму жолында «Кеше болмағаның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін – ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз», деп өмір өзгерістеріне қарай ұлт тілін қалай да сақтап қалуды жүктегені белгілі.
• 23 Қаңтар, 2018
Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.
• 01 Қаңтар, 2018
Анау ғасырдың басында нағыз ұлт жазушысы, Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз, Ауыл дене, біз – қозғатар жанымыз. Кел, еңбекші, қол ұстасып бір туға, Жиналайық қалмай жасы, кәріміз!», деп ауылды көркейтуге елді шақырғаны алдыңғы толқынның есінде болса керек. Сол үлгі қазір де күн тәртібіне шықты.