Қоғам • 08 Қараша, 2019
Қымбатшылықтан сылтау құтқармайды
Дәулеті мен сәулеті жарасқандарды қайдам, қараша халықты қымбатшылық екі бүйірден қысып барады. Баға шарықтамаған сала кемде-кем шығар. Ас атасы нан бағасы да көтерілді. Әлеуметтік делінетін нанның өзі 75-80 теңге болса, кей жерлерде одан да жоғары.
Әдебиет • 06 Қараша, 2019
Елдің де, жеке адамның да алға қарағаны, келешекке ұмтылғаны жақсы. Баянды мақсатына түзу жолмен, таза дінмен ұмтылған ұтады, зерделі ұрпағы талпынса жетеді. Бұл – әлімсақтан қалыптасқан қағида. Осы жолда «Барыңды күзет, арыңды күзет, өзіңді күзет», деп жыр жампозы Қадыр Мырза Әлі айтқандай, үшеуін күзеткен адам мұратына жетпей қоймайды.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Ұлт – ұлы ұғым. Ұлтсызданамыз деп жүріп, мәңгірген мәңгүрт күйін кешуге сәл қалғанда, армандаған азаттыққа қол жеткізіп, бақ пен бақытымыздың зор екенін байқатып, соның жеңісін сезіп, жемісін жеп отырмыз. Қолдағы матау, аяқтағы тұсау үзілді. Төрткүл дүниенің мықтыларымен иықтаса тұрып, қатар отырып сөйлесетін дәрежеге жеттік.
Руханият • 22 Қазан, 2019
Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта
Қарымды қаламгер, Алаш рухты азамат Смағұл Елубаев «Қазақ қайтсе бақытты болады?» («Egemen Qazaqstan», 8 тамыз, 2019 жыл) деген толғауы тоқсан тоғыз, бұрауы әлі бекімеген, жас сәбидің еңбегіндей былқылдап тұрған мәселені, яғни ұлт тілінің тағдырын тартынбай тарата айтып, адами бақ пен азаматтық бақты теңшей алмай, есеміз қалай кетіп жатқанын қабырғасы қайысу былай тұрсын, сөгіліп отырып қозғапты.
Руханият • 10 Қазан, 2019
Сәдіқожа: «Есіңе ал, ескер мені»
Өлмес мұра, өшпес қазына – ұлттың рухани құндылығы осы. Өзге байлық бірде телегей теңіздей тасиды, бірде арнасын кептіріп, кеберсіп қалады. Оған арғы-бергі тарих куә. Рухани құндылықтың құдіреті сол, заман жаңғырып, адамы ес жиып, төңірегін түгендегенде жыл құсындай қолыңа келіп қонып, қанатын жайып, еңсеңді тіктейді. Сол құнды қазынаның бірі ән өнері десек, соның бір сара саңлағы әнші-композитор Сәдіқожа Мошанұлының 100 жылдығына орай, үлкен шара, жақында Алматы облысы, Ұйғыр ауданының орталығында өтті. Қазақтың бір қадірлі қасиеті – арасына әнші келсе, жыр нөсерін төккен ақын жетсе, қаумалап келіп рухын көтеріп, шабытын оятып небір керемет туындылардың тууына түрткі болып жатады. Бұл өнерін құрметтеген жұрттың үлгісі еді.
Руханият • 13 Тамыз, 2019
Қазақтың қарымы мен дарынының ерекше болғанына арғы-бергі тарихқа көз жүгіртіп, ой тоқтатсаң көзің айқын жетеді. Бүгінге жеткен ежелгі дәуір сөздері, халық ауыз әдебиеті, одан кейінгі ұлт данышпандарының дара байламы ұлт рухының қайнары болғаны айдай ақиқат. Оқымаса да тоқығаны ұшан-теңіз, ақыл дәриясын ағытқан жыраулардың жырындағы бір шумақта шым кестедей тұнып тұруымен қатар, ұлттық философияның да бастауы саналатыны рас.
• 30 Шілде, 2019
Жазайын деп жазбайсың, айтайын деп айтпайсың, көзің көріп, құлағың естіген соң, амалың таусылып, діңкең құрыған соң қолға қалам ұстайсың. Оның үстіне қиын заманда империя иықтан басып тұрса да, тілге тиек, ойға бұғау салса да айтарын айтып кеткен Алаш арыстары осындай халде ойға оралады. Тұлғасы таудай болып, ұлтым, жұртым деген үні құлақ түбінен шыңылдайды.
Руханият • 18 Шілде, 2019
Жұртым деп келген жеткіншектер
Атырау өңірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шетелдердегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XVI халықаралық олимпиада өткен еді. Бұл олимпиаданың мақсаты – әлемнің 40-тан аса елінде өмір сүріп жатқан қандастардың мектеп жасындағы ұл-қызын атажұртына шақырып, елімен табыстыру, жұртымен қауыштыру, тілінің қадір-қасиетін ұқтыру болатын. Бұл білім сайысына алыс-жақын жеті мемлекеттен 62 оқушы қатысты.
Руханият • 15 Шілде, 2019
«Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам...» деп ұлы даламызды жыр дүлділі Қасым Аманжолов жырлаған еді. Осы қасиетті жерді жанын салып қорғаған бабалараға бүгінгі бар қазақ ұқсаса дейсің!
Руханият • 10 Шілде, 2019
Жақында иман жолында жүрген ибалы азамат анасының алты белеске шыққанына және екі ұлының сүндетке отырғанына арнап той жасады. Барлық қарекет ұлттық үлгіде болды. Улы ақ-қызылдың орнын, қасиетті қымыз бен шұбат басты. Той тізгінін қазақ өнерінің қабырғалы қайраткері, халықтық әдет-ғұрыптың туын көтеріп, ата салтты әспеттеп жүрген, қарт қалай болу керек дегенді сан қырынан астарлай ашып көрсететін, сөз құдіретінің құнын терең ұғатын Бекжан Тұрысов алды.