![Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ](/media/2023/10/03/165212049100.webp?width=300&height=300)
Білім • 17 Мамыр, 2022
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Жазғы сауықтыру науқанын қаржыландыруға жалпы көлемі 4,53 млрд теңге бөлінген. Осы қаражатқа алдағы жазда елімізде 1,5 млн-ға жуық бала сауықтыру лагерьлерінде демалады. Бірақ олардың барлығы бірдей сапалы демалыс орындарымен қамтамасыз етілген бе? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында айтылды.
Білім • 17 Мамыр, 2022
Қазақстандық озат оқушылар Кипрде өткен халықаралық білім жарысынан олжалы оралды. Математикадан биылғы Балқан олимпиадасында қоржынға 2 күміс және 4 қола салынды. Осылайша, елдің ұлттық құрамасы былтырғы нәтижені жақсартты.
Ғылым • 17 Мамыр, 2022
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Отандық ғалымдар мұғалімдерге оқушылардың ғылыми жұмыстарын тиімді дайындау жолдары жөнінде кеңес берді. Семинарға Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің 200-ден аса педагогі қатысты.
Ғылым • 16 Мамыр, 2022
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Қазақстандық ғалымдар ағаштарға зиян келтіретін қауіпті бактерияны анықтаудың жаңа жүйесін ойлап тапты. Бұл – ағаштардың ДНҚ-сында Erwinia amylovora бактериясын жоғары дәлдікпен анықтайтын тест-жүйелер. Отандық жүйе шетелдік аналогтерден бірнеше есе арзан және еліміздегі бағбандарға қолжетімді.
Ғылым • 16 Мамыр, 2022
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Шетелдік аналогтен үш есе арзан сүйекті алмастыратын материал – отандық ғылымның жаңа жетістігі. Иә, жақында қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Еліміздегі компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерді.
Білім • 16 Мамыр, 2022
Биыл өтетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге құжат қабылдау басталды. Бұл – маңызды тестілеу. Өйткені соның нәтижесі бойынша талапкер мемлекеттік білім грантын иелене алады. Биылғы ҰБТ-ның жаңалығы – талапкер тегін оқуға мүмкіндік беретін басты тестілеуді екі рет тапсыра алады. Соған сай талаптар да күшейтілген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.
Ғылым • 15 Мамыр, 2022
Зағиптарға электронды әліппе жасаған өнертапқыш-тифлопедагог
«Ғалымтану» бағытындағы жобамызды жүзеге асырып келе жатқан 2 жылдан аса уақытта бір нәрсеге анық көз жеткізгендейміз. «Қазақстанда ғылым жоқ» дейтіндердікі – бар болғаны стереотип, қатып қалған қасаң қағида ғана. Кезекті кейіпкеріміз де дәл осы ойға дәлел бола алады. Ол сан түрлі салада 30-дан аса патент пен өнертабысына отандық, шетелдік ұйымдардан авторлық куәлік иеленген. Біз бұл материалымызда оның бір ғана жобасына тоқталмақпыз.
Ғылым • 12 Мамыр, 2022
Қазақстанда ғалымдардың 54%-ын әйелдер құрайды. Бұл туралы «Қазақстандық ғалым әйелдер» қоғамдық бірлестігінің форумында айтылды.
Қоғам • 12 Мамыр, 2022
Ерекше балаларға қызмет көрсететін мекемелер көбейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың аясын кеңейтуді тапсырған болатын. Жақында осы мәселенің бір шешімі шыққанын Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Білім • 11 Мамыр, 2022
Тестілеуге қалай дайындалған дұрыс?
Мемлекеттік грант алуға мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыратын сәт те жақындап келеді. Талапкерлер мен мұғалімдердің дайындығы күннен-күнге көбейіп келе жатқаны анық. Осы ретте біз де оларға қажетті танымдық материал ұсынуды жөн көріп отырмыз. Себебі біздің бөліскелі отырған пайдалы ақпаратымызды талапкерлердің бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін.