Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Ғылым • 01 Сәуір, 2022

Жас ғалымдар жаттандылықты қаламайды

Білім мен ғылым саласының өкілдері Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевпен бейресми кездесу өткізді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Болашақ» қауымдастығының өкілдері бірлесіп ұйымдастырған ашық диалогта ғылым мәселелері талқыланды.

Білім • 31 Наурыз, 2022

Орта білім беру ісіндегі өзгерістер

Педагогтер енді біліктілігін 5 жылда емес, 3 жылда бір рет арттыруға міндетті болмақ. Мұғалім тапшы өңірлерге конкурстан өтіп барған білікті кадрларға екі есе жалақы төленеді. Оқушылар IV тоқсанды офлайн оқиды. Биыл жыл соңына дейін 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. Мамандандырылған мектептерге іріктеу конкурсы электронды форматта өтеді. Орта білім саласына қатысты осы және өзге де жаңалықтар жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Білім • 30 Наурыз, 2022

IT байқауының қорытындысы шықты

Жүлде қоры 3,5 млн теңгені құраған BILIM Hackathon-2022 IT байқауының қорытындысы шықты. Жеңімпаздар қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Білім • 29 Наурыз, 2022

Тақпақ емес, шатпақ дерсіз...

Көктемнің бірнеше мерекесін өткіздік. Мем­ле­кеттік деңгейдегі атаулы күндер жақындаған сайын балаларға тақпақ тарату басталады. Содан соң оның кейбірін, соңғы кезде көбін ата-аналар әлеу­меттік желілерде таратады. У-шудың көкесі сон­дай сәтте басталады. Өйт­кені тақпақтардағы ұйқас­тардың жоқтығы бір бөлек, мән-мағынасыз, құлақ­қа түрпідей тиетін тіркес­терден сөз ұғатын адамның бәрі ұялады.

Ғылым • 29 Наурыз, 2022

Академиктерді ардақтау астанада жалғасты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім мен ғылым саласындағы тұлғаларға арналған конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Ұлт­тық ғылым академиясының академиктері Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мерейтойлары­на арналды.

Білім • 29 Наурыз, 2022

ҰБТ-2022: Наурыздағы өзгерістер

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері енді мектептердің жұмысын бағалауға қолданылады. Білім және ғылым министр­­лігі тестілеу қорытындылары негізінде мектептер, сондай-ақ пәндер бойынша талдау жасалатынын хабарлады.

Білім • 25 Наурыз, 2022

Колледж студенттері шетелдерде тәжірибеден өтіп жүр

Шығыс Қазақстан облысындағы Геологиялық барлау колледжі қазақ­стандық, сондай-ақ шетелдік гео­логия­лық барлау компанияларымен әріп­тестік орнатқан. Соның нәтижесінде, оқу орнының жүздеген студенті мен түлегі Қазақстанда ғана емес, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД, тіпті Африка елдерінде жұмыс істеп, өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

Білім • 16 Наурыз, 2022

Пікірсайыс жеңімпаздары 2 млн теңгеден алды

TECHNO CUP VI! атты республикалық пікірсайыс турнирі мәре­сіне жетті. Жеңімпаздар 2 млн теңгеден алды. Иә, бұл – әлі мектепті бітірмеген балалар үшін әжептәуір ынталандыратын сыйақы. Бірақ бұдан да үлкен олжа – олардың университет грантын жеңіп алғаны. Сайысқа 100-ден аса мектеп оқушысынан бөлек жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.

Білім • 15 Наурыз, 2022

Білім саласында бірқатар өзгеріс бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың тәлімгерлерін қолдауды тапсырған болатын. Енді бұл заң жүзінде іске аспақ. Жақында өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды. Соның ішінде жоғарыда аталған мәселеден бөлек, білім саласындағы тағы бірқатар түйткілдің түйінін тарқататын заң күшіне енді.

Білім • 15 Наурыз, 2022

Озат оқушылар олжалы болды

ХХІ халықаралық «Жібек жолы» ма­те­ма­ти­калық олимпиадасында қазақс­тандық 46 оқушы жүлдегер атанды. Зияткерлік сайысқа Ұлы Жібек жолының бойындағы елдерден жүздеген мектеп оқушысы қатысты.