Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
730 материал табылды

Ғылым • 29 Қаңтар, 2021

Ғылымды білім саласынан бөлу керек пе?

Кез келген саланы дамыту арнайы әзірленіп, бекітілген мем­лекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Сондай маңызды құжаттың бірі – екі саланы қамтитын Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасы. Құжат қос саланың мәселелерін 11 тақырыпқа бөліп қарас­тырған. Сол тақырыптың тек үшеуі – ғылымға, қалғаны білімге арналыпты.

Сұхбат • 26 Қаңтар, 2021

Вакцина кімдерге салынады?

Мамандардың мәлімдеуінше, алдағы наурыз айында коронавирус қайта күшіне енуі мүмкін. Оның үстіне көктемде адам бойын әлсіздік билейтін кезеңде вирустың өршитін әдеті екенін қарапайым адамдар да өз тәжірибесінен жақсы біледі. Бұған қоса әлемді жайлаған қауіпті індеттің мутацияға ұшырауы да халықты алаңдатып тұр. Осы ретте ең маңызды және бәріміз құлақ түріп, ел болып елеңдеп отырған ақпарат – алдағы уақытта басталатын вакциналау мәселесі. Дегенмен, екпенің сапасына немесе оны егу-екпеуге қатысты екіұдай көзқарас қаптаған қоғамда көңілімізді алаңдатқан сұрақ көп. Сол сауалдарды Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Асырқызына қойдық.

Оқиға • 20 Қаңтар, 2021

Қолжазбаны оқитын қосымша

Кезінде машинкамен жазылған архивтердегі құжаттардың мәтін­дерін компьютерге қайта түсіру ауқымды іске айналғалы қашан. Әсіресе қазақ тіліндегі мәтіндерді компьютерге түсіргенде ана тілі­мізге ғана тән тоғыз әріпті танымай, әбігерге салады. Ал қол­жаз­балардың электронды нұсқа­сын жасау тіпті азап. Себебі қай­тадан компьютерде теріп отыру керек. 11-сынып оқушысы Алар Берікұлының арқасында осы жұ­мыс жеңілдейтін секілді. Өйткені ол қолмен жазыл­ған мәтіндерді оқып, электронды нұсқасын жыл­дам жасап беретін мобильді қосым­ша ойлап тапты.

Білім • 20 Қаңтар, 2021

Өзгерістер өзгеріс әкеле ме?

Жақында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының тиісті заңға қол қойғанын, соның негізінде білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлады. Бұл қандай өзгерістер?

Білім • 20 Қаңтар, 2021

Балабақшаға екі жастан барса...

Тараз қаласында тұратын Әсел Сәмбетбаева – 4 баланың анасы. Жұбайымен бірге 5 жасар қызын, 3 жастағы егіз ұлдарын және 1,5 жастағы кіші ұлын тәрбиелеп келеді. Кенжесінен басқасы балабақшаға барады. Кейіпкеріміз қазір декреттік демалыста сол кішкентайымен отыр. Күйеуінің кірісіне ғана қарап қалған ол жақында жұмысқа шыққысы келеді. Бірақ оны балабақша мәселесі күтіп тұр. Себебі елімізде 1-3 жастағы балалардың бәрі толық мектепке дейінгі ұйыммен қамтамасыз етілмеген. Ал министрліктің балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту туралы қуанышты дерегі 3 пен 6 жастағы бүлдіршіндерімізге қатысты екенін көбіміз біле бермейміз.

Ғылым • 19 Қаңтар, 2021

Ақтаңдақты емдеудің жаңа әдісі

Поп музыканың патшасы Майкл Джексонды танымайтын жан жоқ шығар. Бірақ оның табиғи терісін неліктен ағартқанын көбі біле бермейді. Ол тумысынан қара нәсілді талант еді. Бертін келе Майкл витилиго (терідегі ақтаңдақтардың пайда болуы) ауруына шалдығып, соның салдарынан денесінде ақтаңдақтар пайда бола бастады. Поп музыканың королі қаражаты жеткілікті болғанымен, ғылымда ақтаңдақтарды жоюдың жолы, тіпті тоқтатудың технологиясы болмағандықтан, амалсыздан денесінің басқа бөліктерін де химиялық әдістермен ағартуға көшкен. М.Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының ғылыми қызметкері Жүсіпбек МҰҚАТАЕВ дәл осы витилиго, қарапайым тілмен айтқанда ақтаңдақтың алдын алу технологиясын тапты. Ғылымдағы осындай еңбегі үшін 29 жасқа дейінгі жас таланттарға берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғылым» аталымы бойынша иегері атанды.

Ғылым • 19 Қаңтар, 2021

Қазақстандық ғылым коронавируспен күреске қауқарлы ма?

Біз осыған дейін дүниені дүрліктірген COVID-19-бен күресте отандық ғалымдардың жан аямай жұмыс істеп, коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеп жатқанын жазғанбыз. Бірақ бұл – жер-жаһанды жайлаған індетпен күреске жеткіліксіз жұмыс. Себебі аурудың алдын алумен іс бітпейді. Вирус жұқтырған науқасты емдеуге де қаншама дүние (дәрі, ауруға төтеп берер иммунитетті көтеретін биологиялық белсенді қоспалар, түрлі медициналық техникалар, тағысын тағы) қажет. Бұған ғалымдарымыздың бір ойлағаны бар ма? Әлде бұрынғыдай шетелдік өнімге көз салып, «дайын асқа тік қасық» боламыз ба?

Білім • 13 Қаңтар, 2021

Офлайн оқу (Оқушылар мен студенттер дәстүрлі форматта білім алуға біртіндеп көше бастайды)

Мектептерде осы аптадан бастап оқу жылының ІІІ тоқсаны басталды. Ал студенттер екінші семестрдегі оқуларын жалғастырып жатыр. Осы ретте ата-аналарды алаңдатқан мәселе көп. Сол сауалдарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тиісті министрліктің өкілдері жауап берді.

Пікір • 12 Қаңтар, 2021

Тәуелсіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік мол болды

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауда халықаралық байқаушылардың тәуелсіз мониторинг жүргізуіне бар жағдай жасалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий айтты.

10 Қаңтар, 2021

Мемлекеттік хатшы дауыс берді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы елордадағы №79 мектеп-лицейде орналасқан №126 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz