Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
623 материал табылды

Ғылым • 25 Қыркүйек, 2023

Тұзды топырақтан электр қуатын алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында жауапты ұйымға қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын. Мұның себебін Президент 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшы болатынымен байланыстырды. Бірақ қоғамда атом электр стансасын салуға қарсылық көбейгендіктен, жалпыхалықтық референдум арқылы нақты шешім шығару көзделді. Қауіпті атомнан қуат алатын АЭС салу-салмау туралы бір байламға келе алмай жатқанда колледж студенті электр қуатын тұзды топырақтан алуды ұсынды.

Білім • 21 Қыркүйек, 2023

Кәсіпкер қорға қаржы құйды

Кәсіпкер, «Akan Building» компаниясы­ның негізін қалаушы Ақан Бақытжан мұқтаж студенттерге көмектесетін «ENU Endowment Fund» қорына қаржы құйды. Бұл қаражат Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­­вер­ситетінің қолдауды қажет ететін дарын­ды ізденушілеріне қа­йырымдылық көрсе­туге жұмсалады.

Білім • 21 Қыркүйек, 2023

Келесі жылы 296 мектеп салынады

Елімізде қазір жалпы 7 723 мектеп жұмыс істеп тұр. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осыншама оқу ошағының 2 449-ы – қалаларда, 5 274-і ауылдарда орналасқан. Білім беру жүйесі дамыған елдерде оқушылар тек бір ауысымда оқиды. Қазақстанда әлі күнге апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілген жоқ. Бұл үшін қанша мектеп салынбақ?

Білім • 19 Қыркүйек, 2023

Жаңа пән

Еліміздегі жоғары оқу орында­рының білім бағдарламасына жаңа пән енгізіл­мек. Қаржылық сауатты артты­руға бағытталған пәнді бағдарламаға қосуға сту­дент­тердің кредитті көп алуы себеп болған.

Елорда • 18 Қыркүйек, 2023

Астананың балабақшаға қатысты игі бастамасы

Еркебұлан Елеуов – төрт баланың әкесі. Ол жағымды жаңалықты естіп, өзі үшін де, осындай көмекті алатын отбасылар үшін де қуанышты екенін жеткізді. Өйткені оның үшінші қызы енді балабақшаға тегін барады. Мұндай мүмкіндік бүгінде 6 мыңнан астам астаналық балаға беріліп отыр.

Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Еңбекке баулу да тәрбие

Сәбиімізді аулаға алып шыққанда көп­қа­батты үйдегі көрші балалармен таныса бастадық. 9-11 жастағы балалар бөпе­мізді қызықтай ма, әлде өздеріне көңіл бөліп әңгімелескенді ұната ма, әйтеуір маңайы­мызға жинала қалады. Олардың кейбір ойлары кәдімгідей ойландырады.

Мәселе • 07 Қыркүйек, 2023

Жатақхана жетіспейді

Биылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарының барлы­ғын жатақханадағы орынмен қамтамасыз етуді көздейтін «Білім туралы» заңның жаңа редакциясы күшіне енді. Жаңа заңнамаға сәйкес, оқу орындары осы айдан бастап студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті. Соған қарамастан елімізде 23 мыңнан аса студентке жатақханада орын жетіспейді.

Жастар • 06 Қыркүйек, 2023

Түлектің тартуы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің бірнеше студенті арнайы грантқа ие болды. Іріктелген ізденушілерге білімін тегін жалғастыруға сол университеттің түлегі мүмкіндік сыйлап отыр.

Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

132 мың баланы қуантқан күн

Білім күніне орай елімізде 39 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жаңадан ашылған оқу ордалары 55 мың оқушыға арналған. Ал жыл соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Білім • 08 Қыркүйек, 2022

Жатақхана зәрулігі: Студенттер білім емес, тұратын жер іздеп жүр

Өйткені студенттік жатақ­ханаларда орын тапшы. Мегаполистердегі студенттер қымбат пәтерлерді жалға алуға мәжбүр болса, өңірдегілер ондайды да таппай әлек. Кей университеттер барлық студентін кереует орынмен қамтыған. Демек мәселені шешуге болады ғой деп ойлайсыз. Бірақ жатақханадан орын бере алмай отырған жоғары оқу орындарының өз уәжі бар. Ал Президент осы айдың басында ғана жариялаған Жолдауында мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт екенін айтты.