Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Теннис • 08 Қазан, 2021

«Мастерс» турнирі басталды

Теннистен АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын аса ірі халықаралық турнирдің шымылдығы түрілді. Әдеттегідей бұл жарыста кіл мықтылар ғана өнер көрсетеді. Ал ортаңқол ойыншылар бақ сынағысы келсе, онда оларға іріктеу турниріне қатысуға тура келеді. Сол сынақтан сүрінбей өткендер ғана үздіктермен күш сынасу мүмкіндігіне ие болады.

Спорт • 08 Қазан, 2021

Жәмила жарады!

Норвегияның астанасы – Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бұл күндері барша жанкүйер қыздардың белдесулерін тамашалауда. Осы күнге дейін алты салмақ дәрежесі бойынша белдесулер мәресіне жетті. Дәл қазіргі кезде Жапония құрамасының қарқыны өте күшті.

Спорт • 08 Қазан, 2021

Желаяқ Жұмаділовтің жетістіктері

Жырақта жүрсе де, қазақтың атын шығарып, мерейін үстем еткен азаматтар арамызда аз емес. Солардың бірі – ардагер спортшы, көптеген халықаралық жарыста жеңіс тұғырына көтерілген танымал желаяқ Валерий Жұмаділов. Ол Ресейде туып-өскенімен, өзінің саналы ғұмырын Балтық жағалауында өткізді. Қазіргі кезде қандасымыз Эстонияның астанасы – Таллинде тұрып жатыр.

Күрес • 08 Қазан, 2021

Жақанша мен Шадукаев қола жүлдеден әлі де үміттерін үзген жоқ

Скандинавия түбегінде өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресі шеберлері кеше өздерінің алғашқы бәсекелерін өткізді. Төрт салмақ дәрежесі бойынша өткен сайыстар аса шиеленісті тартысқа толы болды.  

Күрес • 08 Қазан, 2021

Жамиля Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

  Норвегияның астанасы – Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатында әйлдер күресінен бәсекелер аяқталып, барлық салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстан құрамасына бір күміс медаль бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • 07 Қазан, 2021

Талғат Байсуфинов таңдауын жасады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алдағы күндері өтетін 2022 жылғы әлемдік доданың іріктеу сайыстарында төменде есімдері аталған ойыншыларға сенім артты, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 07 Қазан, 2021

Шерзод Давлатов әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің алғашқы жүлделері сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.

Хоккей • 06 Қазан, 2021

«Барыс» «Авангардты» ұтты

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Нұр-Сұлтанның «Барысы» Омбының «Авангардын» қабылдады.

Күрес • 06 Қазан, 2021

Қырғыздарға қызыға қарайтын болдық

Норвегияда өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шеберлерінің бәсекелері аяқталып, олжаға кенелген барлық балуанның есімі белгілі болды. Өкінішке қарай, жеңіс тұғырында жүздері бал-бұл жайнап тұрған жігіттердің қатарында Қазақстанның бірде-бір өрені жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Теннис • 06 Қазан, 2021

Зарина Диас АҚШ-тағы турнирге жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін аса ірі халықаралық турнирдің негізгі бөлігінде күш сынасу құрметіне ие болды, деп жазады Egemen.kz.