Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3351 материал табылды

Спорт • 01 Қазан, 2020

Мықтылардың «мүйізін қаққан» Мұхтархан

Бұған дейін газетімізде Ермахан Ыбырайымов («Ер мінезді Ермахан»), Бекзат Саттарханов («Бекзада өнер, Бекзат батыр») және Болат Жұмаділов («Отандық бокстың оғыланы») сынды боксшылар жайында көлемді мақалалар жарық көрді. Олардың барлығы да осыдан дәл 20 жыл бұрын Сидней Олимпиадасында атой салған саңлақтар екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Бүгінгі кейіпкеріміз – Мұхтархан Ділдәбеков. Ғасырлар тоғысында жасыл құрлықта өткен ғаламдық додада аса ауыр салмақта айқасқан айтулы былғары қолғап шебері күміс медальды олжалаған еді.

Спорт • 30 Қыркүйек, 2020

Бекзада өнер, батыр Бекзат

2004 жылдың тамыз айы. Афина Олимпиадасының нағыз қызған шағы. Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде редакциядағы біраз журналист жиналып, теледидардан боксшылардың бәсекесін тамашалап отырғанбыз. Бір мезетте қабылдау бөлмесіндегі телефон шыр ете қалды. Хатшы қыз дереу маған қосты. Сөйтсек, Түркістаннан Бекзат Саттархановтың анасы хабарласып тұр екен. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін Сырлыкүл апайымыз: «Жаңа теледидардан боксты көрдің бе? Комментаторлардың Бекзатты өзбек спортшысы деп жатқаны несі? Ондай әңгіме қайдан шықты? Баламның көзі көк болса да, өзі нағыз қазақ еді ғой. Жаны да, жүрегі де қазақ. Ұлым ешуақытта өзбек болған емес. Бекзат қазақ болып туғанын үнемі мақтан тұтатын. Құлыным өмірден озғанша, өз елі мен ұлтының ғана намысын қорғады емес пе?! Соны комментаторлар білмей ме? Әлде олар көзі тірісінде қазақ болған Бекзатты өлгеннен кейін өзбек қылайын деді ме?», деп ағыл-тегіл жылады.

Кәсіпқой бокс • 29 Қыркүйек, 2020

Мэннидің тағы бір мәрттігі

Филиппиннің даңқты боксшысы Мэнни Пакьяо мен Ирландияның атышулы аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор келесі жылы рингте күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Хоккей • 29 Қыркүйек, 2020

"Барыстың" бұрынғы ойыншылары Стэнли Кубогын иеленді

Ұлттық хоккей лигасынның (ҰХЛ) Стэнли Кубогын "Тампа-Бэй Лайтнинг" клубы жеңіп алды. Алты кездесуден тұратын серияда олар "Даллас Старзды" 4:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Теннис • 29 Қыркүйек, 2020

Парижде өткен теннис жарысында отандастарымыз топ жарды

Теннистен Парижде өтіп жатқан жүлде қоры 38 000 000 еуроны құрайтын Ролан Гаррос турнирінде Юлия Путинцева бастаған жеңісті жолды Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 28 Қыркүйек, 2020

Велошосседен әлем чемпионаты аяқталды

Италияның Имола қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз бұл жарыста табысты өнер көрсете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 28 Қыркүйек, 2020

Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуінде жеңіске жетті

Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілер арасынан алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева шығып, өз көрермендерін қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2020

Футбол: "Астана" ұтты, "Қайрат" тең ойнады

Футболдан Қазақстан біріншілігінің 11 турында жарыс кестесінде жеке-дара көш бастап келе жатқан Алматының "Қайраты" Көкшетаудың "Оқжетпесімен" болған кездесуде ойда-жоқта ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпқой бокс • 25 Қыркүйек, 2020

Кособуцкийдің қарсыласы кім?

17 қазанда Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін кәсіпқой бокс ке­шін­де 31 жастағы қа­зақ­­­стан­дық Жан Косо­­буц­кийдің кіммен жұды­рық­та­сатыны белгілі болды.

Спорт • 24 Қыркүйек, 2020

Қарт құрлықтың ең үздік футболшысы 1 қазанда анықталады

УЕФА өзінің ресми сайтында 2019/20 жылғы футбол маусымның ең үздік ойыншысы атағынан үміткер үш есімді атады. Олар – Кевин де Брюйне, Роберт Левандовски және Мануэль Нойер.