Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 14 Тамыз, 2023

Сәтсіздік сабақ болды

Кейінгі жылдары Қазақстанның таэк­вондошылары тым сүреңсіз өнер көрсетіп жүргені белгілі. Соңғы екі әлем чемпионатынан олжасыз оралуы­мыз – жоғарыда айтылған сөзіміздің айқын дәлелі. 

Спорт • 03 Тамыз, 2023

Қырғыздар да қазақтар секілді күресті ерекше құрметтейді

Қазақстанда өтетін жарыстарда Жоламан Шаршен­бековті жиі кезіктіріп жүрміз. 60 кг салмақта күш сынасатын қырғыз балуаны сол додалардың барлығында асқан шеберлігімен дараланып, еліне үнемі бас жүлдемен оралып жүр. Жалпы, Жоламанның жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толы. Ол 2018 және 2021 жылдары өткен әлем чемпионаттарында күміс медаль алса, былтыр бас жүлдені олжалады. Азия чемпионатында алтын мен күмісті қос-қостан еншіледі. Оған қоса, Әлем кубогі мен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы деген атағы тағы бар. Осы белестердің барлығын Жоламан 23 жасына дейін бағындырды. Осыдан бірер ай бұрын ғана ол Астанада ұйымдастырылған құрлықтың басты додасында да атой салды. Сол кезде аталған саңлақпен әңгімеслескен едік.

Ұлттық спорт • 11 Шілде, 2023

Дүниежүзілік Аударыспақ федерациясы құрылды

Ұлттық спорттың бәсін биіктету – халқымыздың рухын көтеретін қуатты күш. Соңғы жылдары бұл бағытта қолға алынған бастамалар айтарлықтай жеміс беріп келеді. Мереке күндері Алматы қаласында Ат үстіндегі күрес (аударыспақ) федерациясының бірінші дүниежүзілік съезі өтті.

Футбол • 26 Маусым, 2023

Бізден де бір сұрмерген шықса

Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпио­натының іріктеу турнирінде Қазақ­стан Даниядан кейін Солтүстік Ирлан­дияны ұтып, қатарынан екі сенсация тір­кегені білгілі. Ал Исландия мен Порту­га­лия құрамалары Рейкьявиктегі «Лёй­гар­тальсвётлюр» ұлттық стадионында күш сынасып, бұл бәсеке 1:0 есебімен қонақ­тардың пайдасына шешілген еді.

Спорт • 26 Маусым, 2023

«Сары Тарзанның» сазайын берді

Алматыда Қазақстанның «Naiza» және Ресейдің «Ural FC» промоушендерінің бірлесе ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Сол кештің басты бәсекесінде орта салмақтағы Дәурен Ермеков пен Руслан Шамилов күш сынасты. Олар жоғарыда аталған қос ұйымның алтын белбеуін сарапқа салды.

Хоккей • 23 Маусым, 2023

Алдағы жоспарын жариялады

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» жаңа маусым қарсаңындағы жоспарымен бөлісті.

Теннис • 23 Маусым, 2023

Рыбакина жеңіліп, Бублик ұтты

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан жүлде қоры 678 814 еуроны құрайтын халықаралық турнирдің екінші айналымынан аса алмады.

Спорт • 22 Маусым, 2023

Үмітті үкілеген рейтинг

Өткен аптаның соңында Астанада жалауы жел­бі­реген «Qazaqstan Ba­rysy Grand Slam 2023» тур­нирінде табысты өнер көр­сеткен еліміздің дзю­до­шылары әлемдік рей­тингтегі жағдайларын бір­шама жақсартты. Әсіресе біз «Барыс Аре­нада» бас жүл­дені олжа­лаған Мағ­жан Шам­шадиннің өнеріне ерек­ше тамсандық.

Спорт • 22 Маусым, 2023

Чемпионат жалғасып жатыр

Бұған дейін Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатқанын хабарлағанбыз. Кеше элиталық топтағы бәсекелер аяқталды.

Теннис • 22 Маусым, 2023

Елена Рыбакина – фавориттер қатарында

Әйгілі «Еуроспорт» арнасы 3-16 шілде аралағында теннистен Лондонда өтетін Уимблдон турнирінің басты фавориттерінің есімдерін атады. Үздіктер қатарында Қазақстанның бірінші және әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар. Бұл тізімде оған екінші орын бұйырған екен.