Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 04 Маусым, 2023

Қоржында – тоғыз жүлде

Бішкекте өтіп жатқан Қожомқұл Қабауұлы мен Ратбек Санатбаевты еске алуға арналған рейтингтік турнирді Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері бес жүлдемен қорытындылады.

Теннис • 04 Маусым, 2023

Парижде жүлде бұйырмады

Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде еліміздің бірде-бір теннис­шісі қалмады.

Спорт • 04 Маусым, 2023

Астанада күресетіндер анықталды

16-18 маусым аралығында дзюдо­дан Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam 2023 турнирінде Қазақ­станның әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Спорт • 04 Маусым, 2023

Елжана үздіктер қатарында

Филиппиннің бас шаһары – Мани­­ла­да өткен Азия чемпионатында ­Қа­зақ­станның көркем гимнасшылары ­та­бысты өнер көрсетіп жатыр.

Жекпе-жек • 02 Маусым, 2023

ТТ «Сары Тарзанмен» айқасады

23 маусымда Алматыда Ural FC пен Naiza промоушендері бірлескен турнир ұйымдастыруды көздеп отыр. Сол жарыстың басты жекпе-жегінде ресейлік Вячеслав Дацик пен біздің Ғалымжан Жасыланов күш сынасады. Екеуі де еңселі және аса ауыр салмақты жігіттер. Сол себепті де барша жанкүйерлер аталған қос алыптың айқасын тағатсыздана күтіп отыр.

Сұхбат • 31 Мамыр, 2023

Санжар ДОСЖАНОВ, еркін күрестен Азия чемпионы: Тер төккенге бағынбайтын белес жоқ

Осыдан шамалы уақыт бұрын Астанада өткен Азия чемпионатында еліміздің еркін күрес шеберлері толағай табысқа қол жеткізіп, төрт бірдей өреніміз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді. Бас жүлде олжалаған балуандар арасында Санжар Досжанов та бар. Сол күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналған жанкүйерлер 70 кг салмақ дәрежесінде белдескен 23 жастағы жерле­сіміздің өрелі өнеріне тамсанып, құлшына қол соққаны есімізде. Жақында Санжармен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Спорт • 31 Мамыр, 2023

Бастапқы бәсекелерде сүрінді

Әзербайжанның астанасы – Бакуде таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл жарыста еліміздің 16 спортшысы күш сынасып жатыр.

Спорт • 30 Мамыр, 2023

Данияр дара шықты

Татарстанның бас шаһарында дәс­түрлі «Қазан марафоны» өтті. Бұл жарыста Ресейдің 80 аймағы мен әлемнің 16 мем­лекетінен келген 11 566 спортшы бақ сы­нады.

Спорт • 30 Мамыр, 2023

Қайрат АХМЕТОВ: Мені «Қара жорға» рухтандырады

Таяуда АҚШ-тың Коло­радо штатындағы Брум­филд қаласында аралас жекпе-жектен «ONE Fight Night 10» деп аталатын дүбірлі дода өтті. Сол жарыстың басты бә­секелерінің бірінде қа­зақтың қайсар ұлы Қайрат Ахметов өнер көрсетті. Ол «Найзағай» деген жанама есіммен танылған аустралиялық Рис Макларенді ұт­ты. Осы жеңісінің арқа­сында қандасымыз ONЕ FC промоушенінің чем­пиондық белбеуі үшін таласу мүмкіндігіне ие болды. Алыстағы Аме­ри­­ка­дан оралған бетте Қайратпен әңгімелесудің сәті түсті.

Спорт • 29 Мамыр, 2023

Қарсыласымыз – азулы Аустралия

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Билли Джин Кинг кубогінің финалдық тур­нирі­нің жеребесі тартылды. Еліміздің теннисшілері В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Аустралия мен Словения құрамалары.