Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1849 материал табылды

Тағайындау • 01 Қазан, 2019

Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Серікұлы Тойжан Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Жетібай ауылында экоөнімдер өсіруге қатысты жиын өтті

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында «Экоөнімдерді өсіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ауылдағы кітапханада өткен шарада мемлекеттік органдарының өкілдері, ауыл әкімі, аудандық мәслихаттың депутаттары, сала басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер және кәсіпкерлер қатысты.

Экология • 01 Қазан, 2019

Маңғыстауда экологтар сенбілікке шықты

Маңғыстау облысы Экология департаментінің ұжымы сенбілікке шығып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы департамент өкілдері хабарлады.

Экология • 01 Қазан, 2019

Маңғыстау облыстық Экология департаменті өкілдері «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасына қатысты

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың төрағалығымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру.

Қазақстан • 01 Қазан, 2019

Маңғыстаулық полицейлер Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетовпен кездесті

Ресейдің Екатеринбург қаласында қыркүйектің 7-21 аралығында өткен бокстан Әлем чемпионатының жүлдегері Бекзат Нұрдәулетовтің жеңісін бүкіл қазақ елі зор қуанышпен қабылдады. Туған жері Маңғыстау өңіріне оралған боксшы жігітті жерлестері құшақ жая қарсы алып, онымен кездесулер толастар емес. Жас боксшымен кезекті кездесу Маңғыстау облысы Полиция департаментінде өтті.

Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Ақтауда әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды

Ақтауда Nur Otan партиясы бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Ақтауда қарттар шахмат ойнаудан сайысқа түсті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахмат жарысы өтті. Іс-шараға облыстық Ассамблея жанынан ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шара жас әнші Саакян Арменнің «Менің елім және Елбасы» әнімен басталды.

Аймақтар • 01 Қазан, 2019

Ақтауда «Жаңғыру елшілері» іс-шарасы өтті

2019 – «Жастар жылы» аясында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру ешілері» атты екікүндік іс-шарасын ұйымдастырды.

Қоғам • 01 Қазан, 2019

Үлкенге бізде ізет бар

Қарт кісіні қазына деп есептейтін халқымыздың ізгі ұстанымы, құрметі ұрпақтарға жалғасып келеді. Бүгінгі қазақ жастары – мектептегі бала буын баба сабақтастығын үзбей қарттарды құрметтейтіндіктерін жаңа форматта көрсетті.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019

Оқушылар қарттарды мектепке шақырды

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-қазан - қарттар күніне орай «Үлкенге бізде ізет бар» атта құрмет күнін өткізді. Білім ордасының оқушылары ата-әжелерін мектепке шақырып, олардың өмір туралы терең ойларын тыңдады.