Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1864 материал табылды

Бизнес • 29 Маусым, 2021

Кәсіпкер неге күйінді?

Өз кәсібін жандандыру арқылы өзгелерді де жұмыспен қамтып жүрген іскер азаматтарды түрлі кедергіден қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек» деп атап айтқан. Десе де өз құқығын қорғай алмай, кейбір қисынсыз әрекеттердің құрбаны болып, кедергілерге тап болып жүргендер аз емес.

Білім • 29 Маусым, 2021

Аудармасы ала-құла оқулықтан қашан арыламыз?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында оқулықтар мәселесін қозғап, оқулықтардың апробациясын түпкілікті көтеруді тапсырған еді. Десек те жалпы орта білім беру саласы ғана емес, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың да сапасы әлі күнге сын көтермейді.

Өнер • 29 Маусым, 2021

Пернебек Момынұлы: Ұлттық музыкамыздың тарихы мен құдіретін дәріптей алмай келеміз

Қазақтың музыка өнерін зерттеген көрнекті ғалым Ахмет Жұбановтың музыка зерттеу ісін жалғастырушы, музыкалық-эстетикалық тәрбие мен педагогикалық психология саласында жоғары оқу орындары мен мектеп оқушыларына арнап оқу-әдістемелік құралдарын жазған өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Пернебек Момынұлы ұлттық музыка тарихында әлі де зерттелмеген тұлғаларымыздың бар екенін айтады. 90 жастың төріне шыққан ғалым әңгімесінде өнертану ғылымын дамыту жайындағы ойларымен бөлісті.

Тарих • 22 Маусым, 2021

«Алтын Орда: өркениеттер тоғысында»

Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орны мен рөлін ашып көрсету, қазақ мем­лекеттілігінің қалыптасу тарихы, көшпелі қоғамның саяси және этно­мәде­ни құндылықтарын қарастыру мақ­сатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті­нің тарих факуль­теті «Алтын Орда: өркениеттер то­ғы­сын­да» тақырыбында халықаралық ғы­лы­ми-теориялық конференция өткізді.

Қазақстан • 17 Маусым, 2021

Жалақыға сай талап та жоғары болуға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне басымдық беріп келеді. Осы орайда мұғалімдердің мәртебесін арттыруға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы білім беру саласында үлкен серпіліс туғызды.

Қазақстан • 17 Маусым, 2021

Жиһанкез журналист әлемді аралап шықпақшы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Мадина Ашилова – журналистік қызметін ғылым, білім саласымен, сондай-ақ саяхатшылықпен ұтымды ұштастырып жүрген іскер жастардың бірі.

Елорда • 14 Маусым, 2021

EXPO көрмесі арқылы елімізде іскерлік экожүйе қалыптасты

Осыдан тура 4 жыл бұрын – 2017 жылғы 10 маусымда елордада EXPO-2017 Astana халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылған болатын. EXPO тек тарих қойнауына кеткен елеулі бір кезең ғана емес, бүгінде жұмысын сәтті жалғастырып жатқан орталық, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Полицейлер киберқылмыспен күреседі

Соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтарының көбейіп бара жатқандығы туралы ақпараттарды жиі еститін болды. Қылмыс әлемі жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, енді жұртты онлайн режімде алдауға көшкен. Қашықта отырып қарапайым адамдарды қан қақсататын мұндай қылмысқа қарсы күресу үшін Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы былтырғы жылы мамандар даярлау туралы шешім қабылдаған болатын.

Медицина • 10 Маусым, 2021

Қабырғадан құлақ қалқанын жасайды

Құлақ қалқаны жетілмей туған балаларға операция жасауды қолға алып, заманауи әдіс­терді өз тәжірибесінде пайдаланып жүрген білікті маман, «Ақсай» республикалық клини­калық балалар емханасының дәрігері, бет-жақ және мойын хирургі Нариман Сатыл­ғанов елімізде есту мүшесінде кемістігі бар балалардың көмекке мұқтаж екендігін айтады.

Қоғам • 08 Маусым, 2021

Ақпарат кеңістігінде – Independ.kz порталы

Алматыда «Жастарға жол» қоғамдық қоры Independ.kz жаңа ақпараттық порталын таныстыру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді.