Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 18 Ақпан, 2022

Гүлдерге сұраныс жоғары

Түркістан облысы Са­ры­ағаш ауданында 80-ге жуық отбасы гүл өсi­­румен айналысады. Дербісек ауылының тұр­ғындары қазіргі таң­да үйіргелік жердегі жылыжайда гүлдің бірнеше түрін өсіруде. Былтыр шаруалар 600 мыңға жуық гүл өсірген.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Мұрат Қабденов: Сервистік полиция – халыққа мінсіз қызмет

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Мұрат Қабденов қызметке кіріскен алғашқы жұмыс күндерін азаматтарды жеке қабылдауға арнады. Мұнан кейін ішкі істер органдарында білімді, өз ісіне адал және жауапты қызметкерлердің қатары көбейгенін қалайтынын аңғартып, талапқа сай жас мамандарды жұмысқа тарту мен қабылдау үшін «Ашық есік» күні өткізілді. Өңірдің ғана емес, Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарының жастары да келіп, рухани астанада қылмыстың азаюына өз үлестерін қосу ниеттері барын білдірген.

Әдебиет • 17 Ақпан, 2022

Сағынады ақынды сыздап жүрек

Түркістан облысындағы «Сырдария» университетінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Сағынады ақынды сыздап жүрек», «Махаббат поэзиясының королі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Мегаполисте шешімін күткен мәселе көп

Әкімдер халықпен тұрақты кездесулер өткізуге міндетті. Осы шаралар барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылуы шарт. Әкімдердің есеп беру жиындары да өзгерістерді қажет етеді. Халықпен кездесу өткізу жергілікті билікке де, тұрғындарға да тиімді. Жұрт көкейіндегі мәселелер көтеріліп, оның шешімін табуы жеделдетіледі. Осы орайда ай бойы қала аумағындағы төрт ауданға қарасты елді мекендерді аралаған Шымкент қаласының әкіміне тұрғындар көп мәселені жеткізгенін айта кетелік. Әлеуметтік мәселелер қала әкіміне мәлім де болар, дегенмен есіне салып, пікірін есту қарапайым халық үшін маңызды.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Халық қаласа, әкім орнын босата ма?

Түркістанның іргесіндегі Кентау кезінде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов там­санып, «Қаратау тәжі» деп атаған, Қазақстан ғана емес, Кеңес Одағы көлеміндегі үлгілі қалалардың қатарында болған. Қара­тау жотасының етегінде орналасқан қала «Қазақстан­ның жасыл-желекті қаласы» деп те аталды.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Түркістанда әскери мектеп ашу мүмкіндігі бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Ұлттық ұланды сан мен сапа тұрғысынан нығайту, өңірлерде оның жаңа бөлімшелерін жасақтап, бар бөлімшелерді күшейту, көліктік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігін айтты.

Аймақтар • 03 Ақпан, 2022

Бағдарламалар – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Түркістан облысында жұмыс орындарын көбейту мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Мысалы, 2022-2025 жылдарға арналған өңірдің жұмыспен қамту картасын бекіту қолға алынды. Бүгінде жауапты салалық басқармалардан 9 ұлттық жоба бойынша мәлімет жинақталып, 2022-2025 жылдары 145,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарға енгізілді.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Үшінші мегаполистің бизнес өкілдері тұжырымдамаға қолдау білдірді

Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары, сондай-ақ корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге бағытталған шаралар талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Мақтааралда мақта майы шығарылады

Еліміздегі «ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданында былтыр мақта зауыттары мен қабылдау бекеттеріне 92,8 мың тонна өнім өткізілген. Бүгінде шикізатты дайын өнімге дейін жеткізудің жолдары қарастырылуда. Мысалы, күні кеше ауданда мақта майын шығаратын зауыт іске қосылды.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Еңбегін ел бағалаған бапкер дүниеден өтті

Есімі Түркістан облысының спорт жанкүйерлеріне етене таныс бапкер Орынбасар Пашимов 70-тен асқан шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.