Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында мереке қарсаңында жаңа мектептер пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сайрам ауданында екі мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған Қарабұлақ ауылындағы №92 жалпы орта мектебі 600 оқушыға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz

Саясат • 14 Желтоқсан, 2020

Есірткіге қарсы күрес күшейе түсті

Түркістан облысында нашақорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен есірткіге елітіп, тәуелді болып қалушылар аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері көбейген. Бұл орайда өз міндетін мінсіз атқарып жүрген полиция қызметкерлері қырағылық танытып, есірткі саудасының алдын алуда. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арқылы биылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 383 дерек тіркелген.

Оқиға • 14 Желтоқсан, 2020

Қазығұртқа барды

«Ауыл» партиясының өкілдері Түркістан облысы Қазығұрт тауының етегіндегі «Кеме қалған» алаңында іш-шара өткізді.

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2020

Ө.Шөкеев: Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келеді

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы Қасым – Жомар Тоқаевтың тапсырмалары Түркістанды дамытуға тың серпін бергенін, сондықтан қасиетті қаланы дамыту жұмыстары одан ары жандана түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2020

Түркістанда малайзиялық компания халал желатин өндірмек

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев малайзиялық PNMB International бас директоры Ахмад Сязалимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 11 Желтоқсан, 2020

Әлиядай қайсар Әйгерім

Алдыңғы жылдары Армия халық­ара­лық ойындарының «Әскери меди­ци­налық эстафетасы» сайысында Қа­рулы Күштеріміздің іріктеуінен өтіп, Ресей Федерациясы Санкт-Пе­тербург қаласында еліміздің абы­ро­­йын асқақтатқан кіші сержант Әйгерім Қалиева қыздар командасы ара­­сында 2-ші және 3-ші орындарды иеленген болатын. Ал жеке аталым­да «Үздік қатысушы» медалімен мара­пат­талған.

Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Сылтау айтатындарға бұл салада орын жоқ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, жұмысты ширатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Түркістанда 500-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жаңартылған құрамымен алғашқы кездесуінде жеңілдетілген қаржыландыру шеңберінде өңірде 48 миллиард теңге жұмсалғанын атап өтті. Демек, пандемия кезінде 500-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Түркістанда "Парасаттылық орталығы" ашылды

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын және «Адалдық алаңы»  ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Түркістанда «Парасаттылық орталығы» ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен ашылған орталық азаматтардың құқын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың өзара бірлесе әрекеттесуін қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Өмірзақ Шөкеев азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында сауда орындары және сауда базарларымен 540 меморандумға қол қойылған. Алайда, аудан, қала әкімдіктері тарапынан баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді қадағалап, бақылау жүргізілмеуінен, біршама азық-түлік бағаларының өсімі байқалып отыр. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау қалаларында, Бәйдібек, Созақ аудандарында тауардың бірнеше түрі бойынша бағаның өсуі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.