Аймақтар • 23 Тамыз, 2019
Әлеуметтік бастамаларға қолдау қажет
Кереку өңірінде ҮЕҰ – бизнес – мемлекет серіктестігіне арналған «ASAR» IIІ республикалық форумы өтті. Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Экологиялық ұйымдар қауымдастығы» басқармасының төрайымы Айгүл Соловьева қатысты.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Павлодар облысында 600 тонна картоп жиналмақ
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде биыл 1 млн 97 мың гектарға егін егілген.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Бар шаруаны «...бот» арқылы бітіресіз
Қазір мемлекеттік қызмет түрі электронды форматқа ауысуда. Үйде отырып-ақ, қажетті анықтаманы алып, өтініш толтыра аласыз. Уақытыңыз үнемді, кезек күтіп шаршамайсыз.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Павлодарда «ASAR» IIІ республикалық форумы басталды
Облыс орталығында басталған форум 21-22 тамыз күндері өтеді. «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген, биылғы форум біздің өңірде жалғасты.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
Павлодар облысында 31 мың көлік иесі салық төлемеген
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, салықты төлеу мерзімі заң бойынша 31 желтоқсанға дейін белгіленген.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2019
«Цифрлы ауылдың» ауылы алыс емес
Жалпы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы барысында шалғай ауылдарды жылдамдығы жоғары интернетке қосу жөніндегі жобаның орындалуы мүмкін бе?
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Павлодарда «Еңбек» бағдарламасын аудандар орындай алмай отыр
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде тұрғындарды қысқа мерзімде оқытып, жұмыспен қамтуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жүргізілуде.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Моңғолиядан Павлодарға 13 отбасы көшіп келді
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет елде жүрген қандастар тағдырынан бір сәтте қол үзбей, тікелей араласуының негізінде бауырларымыздың туған жеріне қоныс аудару легі жалғасуда. Осыған байланысты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның қанатқақты жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан Қазақстандағы туыстарына қосылып, ұрпақтарын атамекенге жеткізу мақсатында Павлодар облысына көп балалы 13 отбасының 80 адамы көшірілді. Көшіп келген әр отбасы тұрмысқа қажетті қолданыстағы дүние мүлік, 800 кг жеке үй жүгімен атамекенге біржолата қоныстануға келді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Интернетпен қамту барысымен танысты
Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында шалғайдағы ауылды елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Телекоммуникация операторлары мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы шартқа былтыр қазан айында қол қойған еді. Шартқа қатысушылар 1250 ауылды елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілерін салуға міндеттелді. Бұл 3718 әлеуметтік нысанды, бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Облыстық кітапханадағы әуесқой гүл өсірушілер клубының мүшелері Елена Асеева, Раиса Попова, Людмила Зорина, Елена Просянниковалар үй гүлдерін өсіру, күту, бөлме өсімдіктерін жасарту және қайта отырғызу жайлы кеңестер береді.