Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Екібастұзға 35 отбасы көшіп келді
Бүгінде Екібастұз қаласының әкімдігі өзге өңірлерден қоныс аударушыларға 318 пәтер беруге дайын. Биыл маусым айында елордадан 60-қа жуық көп балалы отбасы көшіп келген-ді. Енді бұл тәжірибе еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылмақ.
Экология • 07 Тамыз, 2019
Данияр Әлиев: Экология – өндірісті өңірде өте өзекті
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек» деп атап өткен болатын. Жуырда елімізде жаңадан Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі құрылғаны белгілі. Осы орайда өңірдің экологиялық ахуалы жөнінде Павлодар облыстық Экология департаментінің басшысы Данияр ӘЛИЕВПЕН әңгімелескен едік.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
«Бірге – таза Қазақстан»: Павлодарда 1300 тонна қоқыс жиналды
Облыс орталығының тұрғындары Ертіс, Усолка өзендерінің жағалауларын, қала маңайын қоқыстан тазартуға қатысты.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Цифрлы арналар шекарадағы ауылдар үшін маңызды
Цифрлы эфирлік хабар тарату жүйесі Кереку өңіріне де келіп жетті. «Қазтелерадио» АҚ облыстық филиалының мәліметінше, қазір өңірдегі ауылдық жерлерде отандық 15, ал қалаларда 27 телеарна тегін көрсетіп тұр. Бұл – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндігі.
Руханият • 02 Тамыз, 2019
Жазғы каникул күндері Баянауылға демалуға Моңғолиядан қазақ диаспорасының балалары келіп, олар «Жас дәурен» орталығына орналасты. Оларды облыс әкімдігі, білім беру басқармасының мамандары, ақ жаулықты апалар шашу шашып, аталар арнау айтып қарсы алды.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Сөйтіп Жандос Төкіш енді бір ай бойы кәсіпкер Алексей Мазурдың асханасынан тегін тамақтанады.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2019
Қант зауытына қызылшаны қайдан алмақ?
Өңірде қант қызылшасын өндіретін кәсіпорын салынады деп жоспарланған-ды. Алайда, қытайлық, ресейлік, испаниялық, польшалық инвесторлар тарапынан нақты инвестициялық қадам жасала қоймады. Жобаның бастауында болған облыс әкімінің орынбасарлары Дәурен Мақажанов та, Қайрат Нүкенов те бір жылға жетер-жетпес уақыт қызмет етіп, екеуі де едел-жедел басқа жұмыстарға ауысып кетті. Өңір үшін маңызды деп бағаланған жобаның ендігі жайы не болмақ?
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Павлодар облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы басталды
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қайырымдылық шарасы жылдағыдан бір ай ерте басталған.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Жуырда Махмет Демесінов ақсақал бастаған тұрғындардың шақыруымен Павлодар қаласына қарасты Ленин атындағы кентке барып қайттық. Сапарымыздың мақсаты – кент тұрғындары бетпе-бет қалған өзекті мәселелермен жақыннан танысу еді. Сөйтіп...
Технология • 31 Шілде, 2019
Жас физиктер – Ядролық технологиялар паркінде
Бәрімізге белгілі, Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» АҚ орналасқан. Осы орталықта «Жас физик» атты жазғы физика-математика мектебі жұмыс істейді. Бұл мектепке жыл сайын каникул күндері Курчатов қаласының, Борас ауылының, көршілес Ақжар ауылы мектебінің оқушылары келеді.