Медицина • 16 Мамыр, 2023
Денсаулық сақтау саласына цифрлық жүйе дендеп енсе, қызмет көрсету сапасы едәуір жақсаратыны анық. Емханаларда ұзын-сонар кезек азайса, мұны цифрландырудың шарапаты деп білеміз. Себебі цифрлық жүйеге көшу – заман талабы.
Еңбек • 16 Мамыр, 2023
Еңбегі көп, еңбекақысы аз жұмысшы мәртебесін қайтсек арттырамыз?
Қоғамда өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын жетік білетін, еңбегі адал жастар да, жасамыстар да көп. Соның ішінде жұмысы ауыр, жаны сірі мамандарға сұраныс әлі де болса жоғары болып тұр. Мұндайда біз тұрақты табысы болмаса да кейбір мамандықтарға мұрын шүйіре қарайтындардың барын жоққа шығара алмаймыз.
Медицина • 11 Мамыр, 2023
Нейрохирургия ми мен жұлын, омыртқа ауруларын емдейтін медицинаның негізгі бағыты саналады. Қазір ғылым бас жарақатын, ісікті, мидың функционалдық ауруларын, қан тамырларының патологиясын, эпилепсиямен қоса паразитарлы инфекцияларды емдеп-жазуға әлеуетті. Қысқасы, нейрохирургия дамыған сайын бұрын күрделі саналған операциялар қолжетімді болып, емі жоқ аурулардың дәруі табылып жатыр. Біле білгенге, осы жаңашылдықтардың басым көпшілігін 15 жылдық тарихы бар Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері тәжірибеге енгізген.
Қоғам • 08 Мамыр, 2023
Ана мен бала баспананы аңсап жүр
Тілеп алған жалғызының артық-кемдігіне қарамай бауырына басып, келешегінен медет күту – анаға тән асыл қасиет. Тегінде баланың да жақсы, жаманы болмас. Жанға бататыны, медицинаның мүмкіндігі жылдан-жылға кеңейгенімен, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар көбейіп келеді. Астана қаласының тұрғыны Айгүл Набиева да 17 жастағы баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қас-қабағына қарап, амандығын тілеп отыр.
Қоғам • 08 Мамыр, 2023
Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Отан қорғаушы күні таяғанда елдегі еңбек ұжымдары азаматтарды құттықтап, мерейін асырып жатады. Мереке қарсаңында «Астана тазалық» кәсіпорнының ұжымы Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2023
Президент іс басқармасының «Бурабай» ұлттық паркінде жыл сайын өтетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы көктем мезгілінің көрігіне айналғалы қашан.
Елорда • 27 Сәуір, 2023
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен сәуір айы Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айы болып белгіленген. Осыған орай күні ертең Астанадағы «KeruenCity» сауда орталығында аутизммен ауыратын балалар арасында спорттық құзға шығудан фестиваль өтпек.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Жеті айлық балаға операция жасалды
Жақында Ана мен бала орталығында жеті айлық балаға бауыр трансплантациясы жасалды. Медицинада бауыр трансплантациясы күрделі операциялардың бірі саналады. Өкінішке қарай, бауыр ауруы асқынғанда оның трансплантациядан басқа тиімді дәруі табылмауы да мүмкін. Мұның бірден-бір айғағы ретінде жасқа жетпеген балаға жасалған күрделі операцияны айтуға болады.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
«Денсаулық» пойызына – сәт сапар!
Кеше ІІ Алматы стансасынан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетуді мақсат еткен медицина мамандары 6 желтоқсанға дейін 120-дан астам стансаға аялдайды. Айта кетерлігі, биыл қатарға дәрігерлермен қоса халыққа тегін кеңес беретін медиатор мен заңгерлер қосылды. Енді ел саулығына алаңдаған ақ желеңділер жыл соңына дейін бас-аяғы 75 мыңға жуық ауыл тұрғынына медициналық көмек көрсетуге бекініп отыр.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек
Биыл 1 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қабылданған Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіледі екен. Сол ұсынымда 4 күндік жұмыс аптасына көшу жайы да қарастырылып отыр.