Денсаулық • 14 Ақпан, 2023
Ұлт саулығы – мемлекеттің басты ұстанымы. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі елге келетін дәрі-дәрмектің қауіпсіздігіне, сапасына бейжай қарамайды.
Денсаулық • 13 Ақпан, 2023
Медицина ғалымдары адам анатомиясын тереңірек түсініп, зерттей келе бірінің ашқан жаңалығын бірі жаңартып келеді. Нәтижесінде, қазір тәжірибелі дәрігерлер емі күрделі ауруларды зерттеп, анықтаудың тың әдіс-тәсілін меңгерген. Бірақ онкологиялық ауруға шалдығып, дерті асқынған пациенттердің сырқатынан құлантаза айығуы екіталай. Мұндай жағдайда да дәрігерлер қол қусырып қалмай, адам өмірін ажалдан арашалап қалу үшін арпалысады.
Медицина • 13 Ақпан, 2023
Бұрын «аты жаман аурудың» алдын алуға, емдеуге медицина дәрменсіз болса, қазір ісікті алып тастаудың бір емес, бірнеше тәсілі бар. Соған қарамастан қатерлі ісік – жиі кездесетін аурулардың қатарында. 2018 жылғы әлемдік статистикаға зер салсақ, бауыр обыры анықталу жағынан 6-орында, ал өлім-жітім деңгейі бойынша 3-қатарда тұрған. Елдегі статистика да осыған ұқсас. Бауыр обырынан қаза тапқандар көрсеткіште 5-орында тұрса, анықталу жағынан – 8-қатарда.
Ауыл • 08 Ақпан, 2023
Ауылдың қадірін арттыратын кадр қайда?
Біте қайнасқан қоғамда адамзат бірінің жоғын бірі түгендеумен келеді. Тіршіліктің, экономиканың заңдылығы да осыған саяды. Үкімет те солай, салықтан түскен қаржыны ел экономикасын өрістетуге, сан саланың тамырына қан жүгіртуге жұмсайды.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Өндірісі өркендеген өңірлерде кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары. Әрі Мемлекет басшысының тапсырмасымен сұранысқа сай мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға көңіл бөлініп отыр. Оқу-ағарту министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірге 9-сыныптан соң колледжге түсуді көздеген балаларға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесіне кірісті. Яғни кәсіптік-техникалық бағытта маман даярлау ісі де экономиканың және нарықтың сұранысына байланысты дамиды.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2023
«Ана үйі» қоғамдық қоры осыдан бес жыл бұрын Ақмола облысындағы балалар үйінің жұмысына оң өзгеріс әкелетін «Балажан» бағдарламасын қолға алған еді. Кезең-кезеңімен іске асатын жоба негізінде балалар үйінің атауын ауыстырумен шектелмей, балалардың отбасымен қауышуына көп көңіл бөлінді. Себебі бала құқығын қорғайтын халықаралық және елдегі ұйымдар балғындардың отбасындағы бақытты өмірін ешқандай мекеме алмастыра алмайтынынан хабардар.
Білім • 31 Қаңтар, 2023
Былтыр қараша айының бас кезінде Elsevier ғылыми баспасында Стэнфорд университетінің сарапшылары әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізімін жариялады. Осы рейтингте (World's Top 2% Scientists) «Болашақ» бағдарламасының үш түлегі бар.
Білім • 30 Қаңтар, 2023
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының 2022 жылға арналған білім беру бағдарламасының рейтингін жариялады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жүргізген рейтингтің жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында қарым-қатынасты нығайтуға, нарық сұранысына сай кадр даярлауға септігі тиеді.
Білім • 30 Қаңтар, 2023
Білім саласындағы реформалардың бір бағыты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Аңғарсақ, бірнеше жылда Үкімет балалардың шығармашылығын шыңдауға көбірек көңіл бөліп, қала, аудан, ауылдарда үйірмелер бірінен соң бірі ашылды. Астана қаласының оқушыларына да қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымдар қолжетімді.
Білім • 29 Қаңтар, 2023
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Жас буынның қауіпсіз ортада өсіп, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына қоғам жауапты. Балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне және жаңа стандарттарға сай мектепте білім алуына жағдай жасау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асып жатыр. Бүгінде мақсат-міндеті айқын жоба аясында әр өңірде 2025 жылға дейін салынатын мектептердің жер учаскесі белгілі болды.