
Қылмыс • 23 Маусым, 2023
Есірткі саудалаушылар есіріп барады
Елімізде соңғы бес айда 600-ден аса есірткі сатушы ұсталса, оның 99-ы – әйел. Ішкі істер министрілігі, әсіресе Телеграм желісінде есірткі саудалаушылар саны өсіп бара жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Соңғы 5 айдың өзінде есірткі жарнамалайтын 2200-ден астам сайт бұғатталған. Бұл туралы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында құзырлы орган өкілдері мәлімдеді.
Тәрбие • 14 Маусым, 2023
«Туа білген халық тәрбиелей де білу керек»
Елімізде ресми есепте 6 616 774 бала тұр екен. Оның ішіндегі 3,7 миллион жасөспірім 17 жасқа дейінгі оқушылар санатында. Ал ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының дерегіне сүйенсек, олардың 66 пайызы білім алу кезеңдерінде зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болады екен.
Ұлттық спорт • 14 Маусым, 2023
Жаңа тренд: сәнге айналған садақ ату
Елімізде мерген жастар қатары көбейіп келеді. Бүгінде Дәстүрлі садақ ату спортымен айналысып жүргендердің қатары екі мыңнан асады. Ұлттық құндылықты жаңғырту жолында өңірлерде арнайы орталықтар да ашылып жатыр. Мұндай орталықтардың саны қазір 15-ке жетті.
Экология • 13 Маусым, 2023
Елімізде «Ecolife» экочелленджі басталды. Іс-шара елордада өтетін Халықаралық волонтерлер форумы аясында ұйымдастырылып отыр. Игі іске Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы мұрындық болды.
Қоғам • 12 Маусым, 2023
Еліміздегі еріктілердің жұмысы 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысының бағдарламасы пайда болғаннан кейін дами бастады. Ал 1997 жылдың қараша айында Қазақстан жүзге жуық мемлекетпен қатар «A/RES/52/17» қарарына қол қойып, 2001 жылды «Халықаралық еріктілер жылы» деп атады. Сондай-ақ еліміз Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигерия мемлекеттерімен бірігіп, 2002 жылдың желтоқсан айында «A/RES/57/106» қарарына демеуші болды.
Құқық • 11 Маусым, 2023
Жақында әлеуметтік желіде бір бейнежазба тарады. Онда бір жігіт күшікке «ұрсып», «ұрмақ» болған кезде ит «баласын» қорғаштап, бауырына тыға түсіп, әлгінің қолын әлсін-әлсін қағып жібереді. Күшігін иесінен қақпалап, қорғап тұрған иттің бұл қылығы көпті сүйсіндіріп еді. Бұл – жануардың рефлексі. Олар төлін бұғанасы бекіп, қорегін өзі тапқанша асырайды. Қажет болса, тәрбиелейді. Ал саналы адамдардың арасында бауыр еті баласынан безу, қарақан бастарын күйттеп кету жылдан-жылға белең алып барады. Былтырдың өзінде сот орындаушылары алимент бойынша 304 мың істі жүргізген. Оның ішіндегі 5 мыңы – перзенті алдындағы парызын ойламайтындар. Қоғамның өзекті мәселесіне айналған бұл түйіннің шешімі бар ма?
Әйел әлемі • 07 Маусым, 2023
Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің қоры құрылады. Қор кәсіпкер қыз-келіншектердің мүмкіндіктерін арттыруға, әлеуметтік жобаларды қолдауға және әртүрлі кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін қарастыруға бағытталған. Бұл туралы елордада өткен «Жаһандық іскер әйелдер кеңесінің» пленарлық отырысында хабарланды.
Саясат • 07 Маусым, 2023
Әлемде босқындар саны тарихтағы ең жоғары шекке жетті. Былтырғы дерекке сүйенсек, 100 миллион адам босқынға айналған. Осы мәселеге қоғамның назарын аудару мақсатында Астанада БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының әдебиет бұрышы ашылды.
Жұмыс • 06 Маусым, 2023
Шетелдегі жұмыс: Артықшылығы мен кемшілігі
Бүгінде шетелде жұмыс істеуді армандап қана қоймай, оны алдына мақсат етіп қойған жастардың қатары көбейді. Бірі өзге елдің жақсы жалақысына қызықса, енді бірі тәжірибе жинақтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына үлес қоссам деп талпынады. Аяна Бекешова саяхаттау арқылы тіл үйреніп, өзін дамыту мақсатында былтыр Ұлыбританияға уақытша қоныс аударған. Бойжеткен алғашында сол елдегі фермалардың бірінде жұмыс істеген. Кейін қонақ үйге жұмысқа орналасыпты. Балқаш қаласында туып-өскен Аяна өзге елде еңбек етуді 19 жасынан армандапты.
Қоғам • 05 Маусым, 2023
«Jasyl el» – еңбекке баулу мектебі
Елімізде «Jasyl el» жасағы жасақталып жатыр. 19 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бағдарлама көмегімен 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жұмысқа қабылданады. Осылайша еліміздегі 30 мыңнан аса азамат еңбекке араласады.