Халық • 01 Ақпан, 2023
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Елордада «Amanat» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізді. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияда бастау алды.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2023
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік ресімдеу қымбаттады. Бұдан бөлек жүргізуші мен неке куәлігін алу үшін төленетін ақы мөлшері де артты. Осыдан он жыл бұрын 2-3 мыңның айналасында болған төлқұжат бағасы 6-7 есеге қымбаттаған. Құжат ресімдеу құнының бұлай шарықтауына не себеп?
Сайлау • 29 Қаңтар, 2023
Саяси науқанға – тиянақты әзірлік
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеуде тұрғындар өтініші ескеріледі. Бұл туралы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысып, кейіннен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Заңсыз байығандарға санкция бар
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқтатылады. Бұған қоса заңнамаға «заңсыз баю» ұғымы енгізілмек. Құжатқа сай жауапты өкілдерде шенеуніктердің нақты табысынан асып түсетін кірістерді тергеу мүмкіндігі бар. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің басты жаңалығының бірі.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Вашингтонға жұмыс сапары шеңберінде жетекші халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Қазақстан елшілігінің алаңындағы сындарлы диалог аясында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық пен азаптаудың алдын алу, сөз бостандығы құқығы және саяси партияларды тіркеу мәселесін көтерді.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Елордада «Creative табыс тарихы» жобасы аясында шығармашыл жастармен кездесу өтті. Игі бастаманы «Kazakh Tourism» компаниясы ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – қазақстандықтарды жергілікті дарын иелерімен таныстыру.
Білім • 24 Қаңтар, 2023
Шетелде оқудың артықшылығы мен кемшілігі
Бүгінде мемлекетке де, отбасына да салмақ салмай әлемнің белді университеттерінде мыңдаған қазақ баласы оқып жүр. Өйткені сапалы білім – жақсы жұмыс тауып, жайлы өмір сүру үшін қажет негіз. Жастар таңдауының көш басында Еуропа елдері, АҚШ пен Ұлыбритания және Оңтүстік Корея тұр.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2023
Жастар индексінің мақсаты қандай?
Елімізде жастар индексі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров хабарлады. Жиынтық жастардың білімі, жеке қабілеті, қоғамдық-саяси көзқарасы, тұрмыстық жағдайына талдау жүргізеді. Нәтижесінде, жастар саясатын ұлттық және өңірлік деңгейде бағалауға мүмкіндік туады.
Суицид • 19 Қаңтар, 2023
Балалар суициді – қатерлі дерт
Елімізде жыл кіргелі 20 күнде кәмелетке толмаған үш жеткіншек өз-өзіне қол салды. Жасөспірімдер арасындағы суицид фактісі Алматы және Ақтөбе өңірінен тіркелді. Бұл бізге белгілісі ғана. Балалардың бұлай жігерінің жасуына не себеп? Жалындап өсіп келе жатқан жеткіншектер өлім туралы неге ерте ойлайды? Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Көпшілік көкейіндегі сұрақтарды зерттеп көрдік.