Туризм • 16 Қазан, 2022
Қолөнер – туризмнің ажырамас бөлігі
Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде өткен Халықаралық қолөнершілер форумы осы кәсіппен шұғылданатын еліміздің ең таңдаулы шеберлері мен шетелдік сарапшылардың басын қосты. Форумға Қазақстанның барлық аймағынан, сонымен бірге Еуропа мен Орталық Азия елдерінен 150-ден аса шебер-қолөнерші қатысты. Қазақстан қолөнершілерін толғандырар мәселе көп, сондықтан халықтық қолданбалы өнер өкілдері кездескен жерде жиынның іскерлік сипат алатыны белгілі. Себебі қолөнершінің қай өңірден екеніне қарамастан, олардың өнеріне демеу болып, құшақ жайып қарсы алатын алаңдар аз, ақысыз қатысатын көрмелер, кәсібін кеңейтуге қолайлы әлеуетті әріптестер жоқтың қасы, билік орындары қажет болған кезде ғана оларды іздеп, антураж ретінде пайдаланып, басқа уақытта ұмыт қалдыруға үйренген, ал халықаралық алаңдағы қызу сауда туралы сөз қозғаудың өзі артық.
Өнер • 14 Қазан, 2022
Биыл Алматыда КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі тұңғыш рет өтіп жатыр. Роза Бағланова ұзақ жылдар бойы Алматыда еңбек етті. Қазақтың бұлбұлына қанат бітіріп, музыка өнерінің биігіне шарықтап шығуына шабыт берген Алматы десек, бұл шындықпен келіспейтін жан болмасы белгілі.
Театр • 06 Қазан, 2022
1932 жылы Кеңес өкіметінің қаулысымен Владивостокта Қиыр Шығыс өлкелік корей театры болып іргесі қаланған Алматыдағы Республикалық Мемлекеттік академиялық корей театры 90 жылдық мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті. Клуб үйірмелерінің негізінде құрылған сол театр қазақ жерінде уығын қадап, торқалы тоқсан жасына дейін түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, есігіне қара құлып салған кезі жоқ, бір күн де еңсесін түсірмей, ертеңгі күнінің жарқын беттерін жасампаз еңбегімен жазып келеді.
Өнер • 06 Қазан, 2022
Алма – Алатау баурайындағы шаһардың мақтанышы, молшылығы мен берекесінің белгісі. Айнала толы алма мың түрлі бояуға малынған шаһарды күздігүні ерекше шырайландыра түседі.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022
Алматыда Арт-галерея аз емес. Алайда заманауи құралдармен жабдықталған көрме өткізуге ыңғайлы кең залдарға сұраныс суретшілер тарапынан қашан да жоғары болып келеді. Жақында өнердегі қадамын жаңа бастаған, сондай-ақ қоғамға танымал, кәсіби мамандардың көрмелері мен тұсаукесерлерін өткізуге арналған жаңа галерея – көпбейінді арт-платформаға айналатын Efes Art Space кеңсе кеңістігі тұсауын кесті.
Өнер • 28 Қыркүйек, 2022
Токиода қазақстандық фильмнің тұсаукесері өтеді
Эмир Байғазиннің «Өмір» атты фильмінің Азия деңгейіндегі тұсаукесері 35-Халықаралық Токио кинофестивалінде (Жапония) өтпек, деп жазады Egemen.kz.
Дәстүр • 28 Қыркүйек, 2022
Дәстүрлі ән орындаушыларға арналған байқау өтеді
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 2022 жылғы 18-19 қазан айы аралығында Алматы қаласында Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Қыркүйек, 2022
Өз алдына жеке отау тігіп өмір сүріп, министр бекіткен меншікті басшысы, мемлекеттік мәртебелі мөрі болса да, әлі күнге басыбайлы дербес сахнаға қолы жетпей келе жатқан Болат Аюхановтың балет театры биылғы жаңа маусымын «ТЮЗ» аталып кеткен театрдың сахнасын жалға алып ашты. Аюханов театры үшін қалыпты жағдай саналатын көшпелі маусымашар салтанаты мұндай қиындыққа мойымайды, ізденіс жолындағы театр жыл сайын жаңа премьера ұсынуды дәстүрге айналдырған.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2022
Адамдар арасындағы діни наным мен шекара сызығын сылып тастап, жанының сұлулығы мен дауысының тазалығына ғана ден қойғызып, әлемдік деңгейдегі әншіге айналған Димаш Алматыда алғаш рет жеке концерт берді. Қазақ елінің көк аспаны көктегі періштенің үнін естігендей, кеңістіктен саулаған сұлу саздың сиқырынан арыла алмаған көрермені әсерін әлі айтып тауыса алар емес.
Кино • 20 Қыркүйек, 2022
Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм
Қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Ә.Қайдаровтың 100 жылдығына арналған шағын анимациялық хикаяның түсірілімі басталды.