Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
415 материал табылды

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2022

Алматыда алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» өтеді

25-26 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында алғаш рет халықаралық «Дирижерлер шеруі» музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 15 Қыркүйек, 2022

Әмен Қайдаров туралы анимациялық фильм түсіріліп жатыр

Қазақ және түркі анимациясының негізін қалаушы Ә.Қайдаровтың 100 жылдығына арналған шағын анимациялық хикаяның түсірілімі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кино • 14 Қыркүйек, 2022

Қазақ киносы көрерменге неге жетпейді?

Шетелдің кино шеберлері жоғары бағалаған отандық фильмді қазақ аудиториясы қадір тұтуы тиіс еді. Алайда жат жарылқап, қос-қостан бәйгесін беріп, халықаралық үздіктердің қатарына қосқанымен, Қазақстан режиссерлерінің фильмдері туған топырағында танымал емес. Шетелде мақталған туындылар өз елінде мойындалмайды.

Өнер • 14 Қыркүйек, 2022

Ұлттық опера жаңа шығармалармен толығады

Тамыздың соңында Алма­тыдағы Арбат бойында, ашық аспан астында, алаңды толтыра көрермен жинап, үш күн бойы дүбірлеп өткен Оpenair концерті тағы да халықаралық ірі жобамен жалғасын тапты. Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының 89-маусымы халықаралық OPERALIA классикалық өнер фестивалімен қатар ашылып, жылдағы дәстүр бойынша «Абай» операсымен шымылдығын түрді.

Өнер • 06 Қыркүйек, 2022

Тарих терең бедерленген өнер

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Қытай өнері» көрмесі ғасырлар қатпарынан сыр шерткен бірегейлігімен маңызды. Қытай императорының жылына тек бір мәрте ғана киетін киімі қандай, қызыл-жасыл өрнегімен көз тартатын вазаларының тым биік болып келу себебі не, ксилография көшірмесін неліктен түпнұсқадан ажырату мүмкін емес, міне, қытай өнерінің көрмесін тамашалауға келген әр адам осы тектес сұрағының жауабына қанық болып, өзіне жұмбақ жәдігерлердің танымдық сипатына тереңдей алады.

Қоғам • 31 Тамыз, 2022

«IQ Алматы» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады

«Алматы» теларнасында қаладағы білімді оқушылар бақ сынайтын «IQ Алматы» интеллектуалды шоуы  көрерменге қайта жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 25 Тамыз, 2022

Қуыршақ театрының қуанышы һәм мұңы

Басқа театрлармен салыстырғанда, Қуыршақ театрының іші құпияға толы ғажайып сарай секілді сырт адамның қызығушылығын оятатын қасиеті бар. Драма театрының әртісі бейнелеген образының жүгін өзі көтеріп, абырой-даңқын өзі иеленсе, Қуыршақ театрының актері өмір бойы жетелеген қуыршағының көлеңкесінде көрінбей жүреді. Қараңғыда қара киінген Қуыршақ театры әртісінің «адам» екені білініп қалса, бітті дей беріңіз, ғажайып күтіп отырған бала қиялының күл-талқаны шығады. Бірақ қуыршақпен жұмыс істейтін әртістер осы бір сәттік ғажайып үшін бүкіл өмірін арнауға бар.

Қазақстан • 23 Тамыз, 2022

Дизайнерге де жауапкершілік керек

Төңірегімізге көз салсақ, дизайн өнерінің кіріспейтін жері жоқ екен. Көліктің корпусы, өзге смартфондармен салыстырғанда жылдан-жылға сүйкімі артып бара жатқан «айфон», аяққа киетін «кроссовки» түрлерінің бірде «конверс», бірде «лофер», бірде «мокасин» болып құбылуы, теледидардың пульті, ғимараттардағы жазу, абаттанған аула, осының бәрі дизайнерлердің дамылсыз жұмысының нәтижесі.

Кино • 11 Тамыз, 2022

Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс

Қазақтар «Қасымханды» түсіріп, қоғамды қақ жарған қызу талқылаудың қоздаған шоғы сөнуге айналғанда, қырғыздар «Манастың уулы – Семетей» атты жаңа тарихи туындының тұсауын кесуге дайындалып отыр.