Референдум • 05 Маусым, 2022
Алматы аумақтық референдум комиссиясының басшысы шағымдарға жауап берді
Алматы аумақтық референдум комиссиясының басшысы келіп түскен шағымдарға байланысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Маусым, 2022
Биыл қазақтың әдебиеті мен тарихына теңдессіз көркем туынды сыйлаған Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл, ал жазушының есімін әлемге әйгілі етіп, ұлылыққа бөлеген «Абай жолы» эпопеясының жазылғанына 80 жыл толып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Италияның Джузеппе Верди атындағы сыйлығының иегері, профессор Шахимардан Әбілов ұлт руханиятындағы айтулы оқиғаны дәріптейтін дәстүрінен жаңылмай, Абай атындағы ұлттық Опера және балет театрының залында «Ой толғау» атты үш бөлімнен тұратын моноопераның алғашқы бөлімін ұсынды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Құрбандар есімі ұмытылмауға тиіс
Алматы халқы арада жүз жыл өтсе де қасіреттің жасы әлі құрғамағанын көктен көздің жасы тамғандай нөсерлете жауған жаңбырдың астында тұрып сезінді. Жыл сайын 31 мамырда ашқұрсақ баласын құшақтап, аштықтан әлсіреген ананың бейнесіндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш түбіне жиналатын шаһар тұрғындары атаулы күнге орай зұлмат жылдары опат болған асыл бабаларын еске алды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Кітап жәрмеңкесі – мереке һәм маңызды табыс көзі
Жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан «Алматы кітап жәрмеңкесі» биыл да ойлы оқырманы мен баспа үйлерінің, танымал қаламгерлердің басын қосып, Алматы қаласындағы Ғылым Ордасы орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы атшаптырым алаңды үш күн бойы нағыз рухани көмбеге айналдырды. Қаз-қатар тізілген аппақ шатырларда қызып жатқан кітап саудасы Қазақстан өнер шеберлері шырқаған әнмен сүйемелденіп, шаһар аспаны шабытпен оқылған ақындар жыры мен төгілген күйге тербеліп тұрды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2022
Ұлт рухы – ұрпақ мұраты Қазақстанның І мәдениет форумы өтті
Мәдениеттің алтын бесігі Алматы шаһары екі күн бойы заманауи мәдени үдерістің ең маңызды мәселесін талқылаған ашық диалог алаңына айналды. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткізілген Қазақстанның І мәдениет форумы музыка, театр, кино, кітапхана, музей, архив секілді руханият саласында қызмет ететін 500-ге жуық өкілінің басын қосып, жаһандану жағдайындағы мәдени құндылық және оның қоғамға әсері, мәдениет дамуының бағдары туралы өзекті ойды ортаға салып, шешімін бірлесе іздеп, талқылады.
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қазақстанның ірі мәдени орталығы саналатын Алматы қаласында 27 мемлекеттік және жекеменшік музей бар. Тарихи-рухани сұраныс себебімен ашылған осы музейлердің әрқайсының өз тарихы, өз жәдігерлерінің жинағы бар. Халықаралық музейлер күні кәсіби мерекесіне орай өткізілетін «Музей түні» мерекелік іс-шарасына қатысу таңдауының қиынға соғатыны да сондықтан. Бір түнде отызға тарта музейдің бәрін аралап, арнайы әзірленген мерекелік бағдарламасымен танысып шығу әсте мүмкін емес. Әйтсе де, бұл мерекеде Мемлекеттік орталық музейді, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейін және Н.Тілендиев атындағы мемориалды музейді аралап шығуды жөн көрдік.
Өнер • 18 Мамыр, 2022
Ұлттық сахна өнеріне қызмет етіп жүрген актерлер ансамблінің арасында бір жұлдыздың ерекше жарқырайтынын осы шоғырға көз салып, бақылап, бағалап жүрген көрермен жақсы біледі. Таланты толықтай мойындалған, аласармаған асқақ болмысы талайларды тамсантқан. Оның алпыс екі тамырынан туабітті табиғи асқақтық, мінез еркіндігі, қадір-қасиетін сезінген биіктік, бар дүниені құшағына сыйдырғысы келетін кеңдік, ең бастысы, сезімін жасыра алмайтын шынайылық пен жанның нәзіктігі сезіліп тұрады. Сахнаның «Ең әдемі келіншегі» Лидия Кәден барлық образдарын осы мінезімен ашып, көрерменді осы сипатымен баурап келеді.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2022
Қасым хан бейнеленген алып картина Алматы қаласындағы Зейнолла Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Топырақтың құнарын арттырып, ауаны тазартатын, жазда сая, қыста қамсау болатын көкжелектің қасиеті көктемнен бастап білінеді. Көктемдегі игі дәстүр, қайырлы істің бірі – тал егіп, ағаш отырғызу. Бұрыннан да көрікті жерді көгалдандыра түсіру мақсатымен жақында «Қазақфильм» киностудиясының аумағына еліміздің белгілі киногерлері ағаш отырғызып, сауапты іс жасады.
Өнер • 11 Мамыр, 2022
Әр ойнаған рөлі ұлттық сахна өнері мен отандық кинематографияның қалыптасуына қызмет етіп, мәдениетіміздің ірі табысына айналған Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Өмірінің маңызды кезеңін халқымен бірге атап өтудің игі дәстүрін қалыптастырған сахна серкесінің бұл жолғы мерейтойының ұйымдастырылу пішіні өзгеше болды. Драма өнерінің барлық жанрын бағындырып, трагедиялық, комедиялық кейіпкерлердің алуан түрлі образын жасаған сахна саңлағы бұл жолы «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектакльдің басты қаһарманына айналды.