Өнер • 20 Наурыз, 2022
Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті
Алматыда белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің таныстырылымы болып өтті. Көрермен көптен күткен тұсаукесерге киностудия басшылығы, фильмнің түсіру тобы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 18 Наурыз, 2022
Смағұл Елубай: Ашаршылықтың ақиқатын айтуға енді кім кедергі бізге?!
– Смағұл Абатұлы, сіз әдебиет пен тарихты тең ұстап, қос қанатыңыз сияқты іргелі екі саланың қия-қатпарына еркін самғап, қатар қызмет етіп келесіз. Өзге қаламгерлерден басты даралығыңыз да осында. Жер-Ананың жүзіне бір сызат түссе, ол сөзсіз жазушының жүрегінен өтеді. Украинадағы жағдайға сіздің алаңдамауыңыз мүмкін емес, әлемдік қауымдастықтың мазасын қашырған ахуалды қалай бағалап отырсыз?
Кино • 15 Наурыз, 2022
Режиссер атындағы кинозал ашылды
Ұлттық киноның жан-жақты кәсіби дамуы жолында аянбай еңбек етіп, отандық кинематографияға «Шоқ пен Шер», «Омпа», «Қызжылаған», «Мұстафа Шоқай», «Аманат» секілді сом туындылар сыйлаған белгілі режиссер-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жорж Садуль атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Сатыбалды Нарымбетов атындағы кинозал ашылды. Бұл – отандық кино тарихындағы елеулі оқиға.
Өнер • 13 Наурыз, 2022
Әсемдікті әспеттеу – мәңгілік құндылық
Биыл ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, есімі Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Каролина штатының дүниежүзілік өмірбаяндық институтының кітабына еніп, «Әлемнің көрнекті әйелдері» атағына ие болған өнертану ғылымдарының докторы, профессор Сара Әділгерейқызы Күзембайдың 85 жылдығы аталып өтеді.
Өнер • 08 Наурыз, 2022
Алматыдағы мемлекеттік Орталық музейде халықаралық әйелдер күніне орай ашылған «Әйел әлемі» көрме-фестивалі жаратылыс бастауы идеясын жан-жақты тарқатады. Көрме-фестивальге ірі мегаполистегі өнер орталықтары мен суретші-шеберлердің түрлі жанрдағы кескіндеме, мүсін, графика, бейнелеу өнері туындылары ұсынылды.
Қоғам • 07 Наурыз, 2022
Қаңтардағы қорқыныш құрсауындағы үш күнде кеудесін танкке төсемей-ақ, ұлттың рухани байлығын қазақ әйеліне тән кішіпейіл мінезімен, аналық мейірімімен қорғап, жанығып келген жау пиғылды жанкештілердің бетін қайтарған Орталық мемлекеттік музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы бірер күннің ішінде бүкіл Қазақстан халқы танитын батыр қызға айналды.
Театр • 03 Наурыз, 2022
«Сыншылар жүлдесі» сахна саңлақтарына тапсырылды
Өнер атаулының төресі – театр. Шекспир заманынан бері бес ғасырға жуық өміршеңдік танытып келе жатқан бұл талассыз шындық ескіргеннің орнына, уақыт қойнауына қатпар-құпиясын жасырып, мәңгі жас, жасампаз, жанды өнер екенін дәлелдеумен келеді. Өнер үшін жанын пида етуге әзір жанкештілер еңбегінің дер кезінде бағалануы маңызды, ал кәсіби сыншылардың назарын аударып, әділ бағасын алса, бұл – нағыз жеңіс.
Кино • 01 Наурыз, 2022
21 фильмнің тағдыры – көрерменнің қолында
Шешімінің табылуы тұйыққа тіреле берсе де, «Қазақстан кинематографиясы қайда бет алып барады, деңгейі қандай?» деген сұрақтың қоғам алдында бір қойылуы ескі әдет, қалыпты дағды. Ал оның деңгейіне түсірілген фильм ғана өлшем бола алады.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Ұлт сапасын арттырудың басты тетігі ана мен баланы қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандықтан, бала дүниетанымын ұлттық рухта қалыптастыру шараларын белсенді ұйымдастыру бәрінен де өзекті. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде ашылған «Балалық шақ – патшалық тақ» этнокөрмесі осы мақсатты арқалағанымен, бала санасына әсері күшті бірегей көрменің мәні тым терең.
Әдебиет • 28 Ақпан, 2022
Ұлттық әліпбидің авторы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының кең көлемде аталып өтіп жатқан мерейтойында жоспарланған айтулы шаралардың бірі «Ұлт ұстазы» кітабының алғашқы тұсаукесері Түркия төрінде өтіп, көпшілікке жол тартты.