Аймақтар • 18 Қараша, 2019
Еліміздің батыс аймағында бастау алған «Ел үміті» марафонының эстафетасын Алматы қаласы қабылдап алып, «Халық арена» спорт сарайында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының білім және ғылым, бизнес пен медицина, мәдениет пен спорт, экономика мен қоғамдық өмірдегі белсенді жастары Елбасы қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламалар негізінде жеткен жетістіктерімен бөлісті. Қазақстанның әр өңірінде өткізіліп жатқан бұл марафон Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Жастар жылы: Инновация мен шығармашылық үйлесімі
15 қараша 2019 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы болып өтті. Ауқымды шараны Білім және ғылым министрлігі, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
Руханият • 15 Қараша, 2019
Руханият • 14 Қараша, 2019
Тағдыры қасіретпен аяқталған Алаш арыстарының аяулы мекені болған Алматы көрнекті қайраткерлерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетуден аянып қалған емес. Солардың бірі Телжан Шонанұлы соңына 32 кітап жазып қалдырған екен.
Аймақтар • 08 Қараша, 2019
«Egemen Qazaqstan»-ның ғасырлық тойы Алматыда аталып өтті
Еліміздің 100 жылдық жылнамасы, бас басылым, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасы Ұлттық кітапханадағы ауқымды шарамен жалғасын тапты. Басылым мерейтойының Ұлттық кітапханада өткізілуінің өзіндік себебі бар.
Қазақстан • 07 Қараша, 2019
Алматы жұрты көрнекті кино және сахна саңлағы Раиса Мұхамедияровамен қоштасты
Бүгін Алматы жұрты, тұтас қазақ өнері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино майталманы Раиса Мұхамедияровамен қоштасты.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Адамның шексіз қиялынан өрістеп шығатын өнердің түрі көп, бірақ сол көп өнердің ішінде шоқтай жанып, «өртеніп» тұрған ыстық үтікпен салынған ерекше суреттерді көргенде рас, алғашында тіліміз байланып қалғандай, айтарға сөз таппадық. Бұрын-соңды үтікпен сурет салды деген «сұмдықты» көрген де, естіген де емеспіз. Жылтыраған аппақ қағаздың үстіне қызылды-жасылды бояуды жай ғана құйып яки жаға салып, үстінен токқа қосылып тұрған ып-ыстық үтікті екі-үш мәрте сүйкей салса болды, ғажап, қандай бейне қаласаңыз, тап сондай суреттің сұлбасы көріне бастайды. «Сүйкей салды» дегеніміз сөз сырағысы әрине, әйтпесе қағаз үстінде қалаған кескінді шығару үшін де ынта мен еп, әжептәуір еңбек керек.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Қазақ тіл білімінің темірқазығы
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ана тіліміздің анасы атанған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рәбиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Еліне еңбегі сіңген тұлғаға Мемлекет басшысының жарлығымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев бұдан біраз уақыт бұрын мерейтой иесіне тапсырған болатын.
Әдебиет • 01 Қараша, 2019
Рәбиға Сыздықова: Абайға, Мұхтарға қарсы шабуылдар солақай саясаттың кесірінен болды
Руханият • 30 Қазан, 2019
«Риэлтор» фильмі «Мәскеулік тұсаукесер» фестиваліне қатысады
Режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі Ресейде қазанның 29-ы мен қарашаның 3-і аралығында өтетін посткеңестік елдер арасындағы «Мәскеулік тұсаукесер» атты халықаралық кинофестивальге қатысады.