Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
59 материал табылды

Тарих • 06 Мамыр, 2023

Сұрапыл соғыс суреттері

Бейбіт өмір бесігінде тербеліп өскен ұрпаққа соғыс деген жат ұғым. Ойша елестететін соғыстың жантүршігерлік шындығын, тыныш өмірдің қадір-қасиетін от пен оқтың ортасынан аман келгендердің шығармасы бәрінен гөрі тереңірек сезіндіреді. Қауызы ашылмай жатып әскерге шақырылған балалар қатарында иығына мылтық асынып, қан майданның ортасынан табылғандардың ішінен елге белгілі ақын-жазушылардың үлкен шоғыры шықты. Соғыстың нағыз шындығы – солардың шығармасында. Ол шығармалар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тұтас бірнеше буынды тәрбиеледі.

Сұхбат • 03 Мамыр, 2023

Мұрат АХМАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кино танымал етсе, театр жан дүниені жетілдіреді

Театр мен кино өнерінде есімі құрметпен аталатын актер әрі режиссер Мұрат Ахманов өнерге ерте келді. Түр-тұрпатының өзі сахнаға сұранып тұрған немересін атасы жетектеп әкеліп Алматы хореографиялық училищесінің директоры, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың қолына тапсырғанда ол он екі жаста болатын. Режиссер дүниеге келген Алматы облысы Кеген ауылы Ұзынбұлақ ауылына «Атаманның ақыры» фильмін түсіруге барған Шәкен Айманов таңсық өнердің ізіне түскен биші баланы көріп, батасын беріп, қолындағы қамшысын сыйға тартқан. Содан бері қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер саласына өмірін арнағалы да тұп-тура жарты ғасыр болыпты.

Өнер • 12 Сәуір, 2023

Өркен жайған «Өрлеу»

А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі хореографиялық оқу орындары арасындағы VIII «Өрлеу» халықаралық байқауын өткізді. Бұл халықаралық байқау әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық байланысты дамытып, нығайту мақсатында 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Театр • 31 Наурыз, 2023

Алшысынан түскен «Алтын сақа»

Республикалық шеңберден шығып, халықаралық деңгейді қамтып, театр­ өнері мен сахнадағы жетістікті баяндап, бақ сынайтын ауқымды фес­ти­валь­дердің аламаны алдымен өз шағын алаңын бағындырудан басталып жата­ды. Бұл бәйгенің бәрі өз өнерін өзгемен салыстырып, жаңашылдыққа ұмты­лып, тәжірибе алмасып, біртұтас өнер кеңістігін жасау үшін маңызды да.­ Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас­өс­пірімдер театры биылғы маусым кезеңін биік жетістіктермен түйіндегенін 5-рет өткізіліп отырған «Алтын сақа» театрішілік фестивалімен көрсетті. Ал­ғаш­ 2016 жылы «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің бәйгесі болып бас­тау­ алып, жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі деп жалғасын тапқан бұл­ фестиваль төрт жыл қатарынан өткен соң әлемдік пандемия салдарынан тоқ­тап­ қалып, араға үш жыл салып, биыл театрмен қайта қауышты. Театрдың ­70-ке­ тарта әртісі арасында бір жыл аясында сахналанған спектакльдегі рөлдер бо­йынша жүлделер сарапқа салынып, түрлі арнайы аталымдар бойынша жүй­рік­тер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапаттайтын үміт пен­ шабыт сыйлайтын шығармашылық дәстүр бұл.

Өнер • 20 Наурыз, 2023

Қоңырқожаның төрт тарланы – ұлттық өнердің аласармас биігі

Қазақ киносының төлқұжатына айналған әйгілі «Қыз Жібек» фильмін түсірген Сұлтан Қожықовтың отандық киноны дамытудағы еңбегі өз алдына, ол шыр етіп дүниеге келген дегдар отбасы шығармашылық ордасына айналып, ұлттық өнерді өрге сүйреген тарпаң таланттардың ұясы болғаны сөз орайы келгенде айтылып қалатыны болмаса, әулеттің рухани әлеуетінен қалың жұрт тегіс хабардар деп айту қиын.

Қоғам • 14 Наурыз, 2023

Тәнті еткен тәтті торттар

Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей алғаш рет дәмі тіл үйіретін тәтті торттардың топтамасын көпшілікке тарту етті. «Торт музейі» аталатын көрмеде бармағынан алматылық бал тамған кондитерлердің эксклюзивті авторлық торттары топтастырылған. Көрмеге қатысқан жергілікті шеберлер түрлі дизайндағы, алуан пішін мен өлшемдегі 40-тан астам торттың түрін жасауға ниет білдіріп, тәттіні нағыз өнер туындысына айналдырған.

Театр • 09 Наурыз, 2023

Елдегі театрлардың жағдайы қалай?

Ұлттық театрдың туған күні төңірегінде талас күні бүгінге дейін толастамай келе жатса да, театрдың туған күні Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлігімен Семейде сахналанған «Біржан – Сара» айтысынан бастау алатыны туралы аға буын өнер зерттеушілері Бағыбек Құндақбайұлы мен Әшірбек Сығай айтып та, жазып та өтті. Ақпан айына дәлме-дәл келетін осы атаулы күнмен театр өнеріне байланысты игі шаралардың молынан атқарылып жататыны да сондықтан болса керек. Бір басынан бірде өркендеу кезеңін, бірде құлдырау шағын өткеріп келе жатқан ұлттық драма театрларының шығармашылық жағдайын сүзгіден өткізіп, жетістігі мен кемшілігін қатар саралап отырған Қазақстан Театр сыншылары бірлестігі төрт жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Айтулы күннің аясында театр сыншылары бас қосып, былтырғы театр фестивальдерінің ерекшеліктері, сахналық қойылымдардың көркемдік сапасы туралы сөз қозғап, бүгінгі қазақ театр режиссурасындағы ізденістер мен іркілістер туралы келелі әңгіме өрістеткен еді.

Кино • 15 Қыркүйек, 2021

Қазақстан режиссерлерін не қызықтырады?

Алматыдағы Ұлттық кітапха­нада мемлекеттік қаржы­лық қолдаудан үмітті кино­жоба­лардың ашық қорғауы болып өтті. Еліміздің кино сала­сы мемлекеттің қаржылық қол­дауына тікелей тәуелді болған­дық­тан, үмітті киножобалар бірнеше сатылы іріктеуден өтіп барып, өз фильмдеріне қаржы алатын жобалар тізімінен көріну мүмкіндігіне ие. Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақ­сынов төрағалық еткен Сарап­тама кеңесі бұл жолы 510 өті­німді қарастырды. 2019 жылы 109, 2020 жылы 226 өтінім түс­­кенін ескерсек, өткен жылдар­мен салыстырғанда биылғы көр­сеткіш барлығынан оқ бойы озық, рекордтық нәтиже көрсе­тіп тұр.

Театр • 05 Тамыз, 2021

Межесі биік, мүмкіндігі мол ұжым

Заңмен бекітіліп, жылына бір рет берілетін кезекті еңбек демалысы жұмыс істейтін әр адам үшін, әсіресе шығармашылық адамы үшін аса маңызды. Жаз мезгілі жақындағаннан бастап демалысты есте қалатындай етіп өткізуді ойластырып, іштей түрлі жоспар түзу сүйікті ермектің біріне айналып, асыға күтеді. Денсаулыққа көңіл бөліп, шаршаған ағзаны қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат жинап қайтуға әркім құмбыл. Демалысқа кезектеспей-ақ бүкіл қызметкері бір мезгілде кетіп, қол ұстасып бірге келетін дәстүрі бар санаулы ұжымның бірі – театр. Апта басында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының басшылығы жазғы еңбек демалысынан оралған ұжымдастарын тосын жағдайда қарсы алды.

Кино • 30 Маусым, 2021

«Қасым хан». Тарихи фильм қалай түсіріліп жатыр?

Бүкіл қазақ қауымы Қасым хан туралы фильмді асыға күтіп отыр. Бірақ қазақ хандығы тарихында ерекше орын алатын Қасым ханымыз экранға шықпай жатып, елеңдеп отырған елдің көңілін күпті етіп, әлден-ақ әртүрлі ой салып қойды. Өзі қалыптастырып кеткен, қара қылды қақ жарған ақиқат пен әділдіктің айнымас серігіне айналып, дала Конституциясы атанған «Қасым ханның қасқа жолы» ғасырлар алмасуы арасында сан түрлі бұралаңды бастан кешіп жүріп о бастағы мәнінен айырылып, ақыры сиықсыз мағына табады деген ой ол кезде ешкімнің санасына кіріп-шықпағаны анық, әрине.