Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Аймақтар • 24 Наурыз, 2022

Мал баққанға бап керек

Қазіргі таңда жайылымдық жерлерді алу, ауыл шаруа­шылығы саласын субсидиялау және несиелендіру, жем­шөптің қымбаттауы, гидрогеологияның сан түрлі мәселелері төрт түлік малдан несібе айырған ағайын үшін қоғамның күн тәртібінде өткір тұрған тақы­рыптарының бірі.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2022

Ұлытаулықтардың ұлы қуанышы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің саяси картасында жаңа үш облыстың пайда болатынын жария етті. Соның бірі – Қарағанды облысы құрамынан бөлініп шығатын Ұлытау облысы.

Аймақтар • 21 Наурыз, 2022

Жүннен жасалған бұйымдар көрме-жәрмеңке төрін жайнатты

Кеншілер астанасындағы «Сән» колледжінің ұстазы Гүл­бар­шын Матниязова мен оның шәкірттерінің қолынан шық­қан ұлттық нақыштағы костюмдер, зергерлік бұйымдар, байпақтар, сондай-ақ жүннен жасалған орындық төсеніштері белгілі бір ортада жоғары сұранысқа ие.

Өнер • 18 Наурыз, 2022

«Әуен» салған ән қандай!

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы өзінің әншілік мектебімен абырой биігіне көтерілген өңір. Сол дәстүр бүгінде сәтті жалғасын тапқан. Мысалы, таяуда ғана аталған аудандағы өнер мектебінің «Әуен» балалар ансамблі республикалық «Сал домбыра» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2022

Жедел штаб жемісті іске бастайды

Қарағанды облысында әлемде қалыптасқан қазіргі күрделі жағдайға байланысты экспорттаушы кәсіпорындармен тиімді қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында жедел штаб құрылғанын өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аппарат жиынында мәлімдеді.

Тарих • 17 Наурыз, 2022

Есмұхановты еске түсіреді

Жезқазғандағы тарихи-археологиялық музейде әнші, сазгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Болат Есмұхановтың кезінде өзі қолданған музыкалық аспап – синтезатор сақтаулы тұр. Аталған жәдігерді мұражайға Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Бахтияр Тұрсын өткізіпті.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2022

Садақшылар сайысы

Кеншілер астанасында садақ атудан өткен республикалық турнирде еліміздің түпкір-түпкірінен келген 150 өрен мергендік сынына түсті. Ал жарыс болса, олимпиадалық фита, түріктің пута және қазақтың жамбы нысана түрлері бойынша өтті.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2022

Еңбегі жанған ерекше жандар

Қарағандыдағы Пришахтинск деп аталатын елді мекенде ерекше жандар еңбек ететін кәсіпорын бар. Қырық жылдан бері тынбай жұмыс істеп келеді. Бұл жердегі цехтарда көлік техникаларына арналған сүзгілер, гофрленген картоннан жасалатын контейнерлер, пицца қорапшалары, бір рет қолданылатын ыдыстар және тағы басқа да сұранысқа ие өнімдер шығарылады.

Аймақтар • 08 Наурыз, 2022

Ақжарқын қалай «Ақтәте» атанды?

Арқа төсінде кішілердің жасы үлкен әйел баласына қарата «тәте» деп үн қататыны бар. Ал айналаңа «Ақтәте» атану – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Бүгінде Ақжарқын Тұрғанбайқызы Иманбаеваны Шет ауданында өзін жақсы таныған ағайын «Ақтәте» деп атайды. Қолындағы қызметіне қарап емес, бойындағы кісілік қасиеттерін құрмет тұтып солай дейтініне кейіпкердің өмір жолына үңіле отырып көз жеткіздік.

Аймақтар • 07 Наурыз, 2022

Далила мен Инна дара шықты

«Болашақ геофизикасы-2022» бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, «Қарағанды облысының өнеркәсіп салаларында көмірді қолдану» жобасын ұсынған Инна Ким мен Далила Қуанышова бірінші орынды жеңіп алды.