Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Тұғырда – теңбіл доп

Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылының тұрғындары саламатты өмір салтын берік ұстанып, спортты жандарына серік еткен. Аталған елді мекен спортшыларының аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі жарыс­та көзге түсіп, жүлделі орындардан көрініп жүргені осының нақты дәлелі болса керек.

Қоғам • 02 Қазан, 2020

Өндірістік жарақаттану азаймай тұр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Қарағанды облысындағы бірқатар өндірістік жарақаттану қаупі жоғары өнеркәсіп нысанында болып, оны төмендету бойынша аймақтың жұмыс берушілерімен кеңес өткізді.

Экономика • 24 Қыркүйек, 2020

«Даму» демегендер дамып келеді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бо­йын­ша өңірлік бөлімшесі БАҚ өкіл­дері үшін баспасөз турын ұйым­дастырды. Іс-шара барысында аталған бөлімшенің директоры Гүлнәр Сүйіндікова биыл «Даму» қорының бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасын іск­е асыру аясында Қарағанды об­лысындағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 6,7 млрд теңге болатын несие бойынша пайыздық мөл­шер­лемені субсидиялау түрінде қар­жы­лық қолдау көрсеткенін мәлім етті.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Қарағанды облысында 15 ірі спорт нысаны ашылады

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев тікелей эфирде өткен брифинг барысында алдағы екі жылда Қарағанды облысында 15 ірі спорт нысанының ашылатынын, сонымен қатар көшелердегі спорт алаңдарын жөндеу және орнату бойынша кең ауқымда жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 14 Қыркүйек, 2020

Ұлағатты ұрпақ – ұлт сапасының кепілі

«Egemen Qazaqstan» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессор-оқытушы құрамымен және студенттерімен кездесіп, ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру төңірегіндегі ой-пікірлерімен бөлісті.

Руханият • 14 Қыркүйек, 2020

Ғалияға ескерткіш қойылды

Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде атақты Балуан Шолақ «Айым да сен Ғалия, күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең», деп әнге қосқан Ғалия Тілеуқызына қоладан ескерткіш қойылды.

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020

Бас басылым басшысы Қарағанды университетінде болды

Бүгін "Egemen Qazaqstan" республикалық газеті" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі А.Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессор-оқытушы құрамымен және студенттерімен кездесіп, ел Президентінің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру төңірегіндегі ой-пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 08 Қыркүйек, 2020

Абылайханның арманы

Иә, бұл Серік Сәпиевтің әлем чемпионы атағын алғаш иемденген 2005 жыл еді. Кеншілердің Абай атты шағын қаласы қайсар ұлының жеңісіне шаттанып, ата-аналар балаларын топ-тобымен бокс үйірмесіне беріп жатқан мезгіл-тін. Бірақ дәл сол кезде күндердің бір күнінде саңлақ Сәпиевтің құтты орынын басатын бір ұяң балақайдың да бокс залының табалдырығын имене аттағанын жан баласы білмеген еді...

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2020

Мақсат – міндеттерді мүлтіксіз орындау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздегі ірі металлургиялық кәсіпорындар жұмыс істейтін өңірлердің дамуына жаңа көзқарастың қажеттігі айтылды. Бұл санатта Қарағанды облысы да бар. «Аталған өңірлер жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететін өндірістің және техникалық қызметтің орталығы бола алады», деген болатын ел Президенті.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020

Ауылға байланыс пен интернет жетті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қарағанды облысында жұмыс сапары аясында Осакаров ауданының Пионерское елді мекенінде іске қосылған 4G стандартына сәйкес базалық стансаның жұмысымен танысты.