Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Теміртау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Теміртау қаласының әкімі болып Қайрат Бегiмов тағайындалды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағайындау • 14 Тамыз, 2020

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

Жезқазған қаласының әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таным • 13 Тамыз, 2020

Шаштан шахмат тасын жонады

Балқаш қаласында тұратын Николай Савидовтың қолынан келмейтіні жоқ. Он саусағынан өнер тамған ол иненің көзіне микроскопиялық мүсіндерді сыйдырады, адам шашынан шахмат тастарының мүсінін жонады және тауық жұмыртқасының сыртына тағаларды қағады.

Руханият • 11 Тамыз, 2020

Тайжан мұрасы тозбайды

Ұлытаудың ұланы, артына ән-жырдан өлмес мұра қалдырған өнер саңлағы Тайжан Қалмағамбетұлының домбырасы мен қобызы Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде сақтаулы тұр. Баға жетпес жәдігерлерді өнерпаздың 140 жылдық мерейтойына арналған «Өресі биік өнер иесі» атты экспозицияның ашылу салтанатында ақынның немересі тапсырған екен.

Экономика • 11 Тамыз, 2020

Шарапаты мол «Шет-Көмек»

Бүгінде шаруаның несие қаржысы болмаса, күні қараң. Сол себепті де несие беретін мекемеге жіпсіз байланған. Дегенмен, елімізде бұл мәселенің шешімі табылған және біраз жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Қарағанды облысындағы «Шет-Көмек» несие серіктестігінің 15 жылдан аса уақыт ауыл шаруашылығында адал кәсібімен нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлерге көрсетіп келе жатқан көмегін ерекше атап өтуге болады.

Экономика • 11 Тамыз, 2020

Жезқазғанға газ жеткенде...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясындағы ауқымды жоба – «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы небір қиындықтарды артқа тастап, өзінің түпкі мақсатына таяп та қалды.

Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Мақсаты биік Мақсат

Ниет пен құлшыныс тізе қос­са, талапты жастың қолынан келмейтін дүние жоқ. Мұны көкше теңіз жағасындағы Балқаш қаласында тұратын Мақсат Тақа­баев есімді еңбекқор жігіт іспен тақа дәлелдеп жүр. Қазір ол Made in Balkhash тауарлық белгісімен спорттық жеңсіз жейде тігіп, шаруасын дөңгелете бастады.

03 Тамыз, 2020

Қарағанды облысында 312 мектеп қашықтан оқытады

Қарағанды облыстық білім беру басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Гүлсім Қожахметова жаңа оқу жылына даярлық барысын талқылаған аппарат жиынында қашықтан оқытуға өту, өңір мектептерін компьютерлермен және оқулықтармен қамтамасыз ету жайынан жан-жақты мағлұмат берді, – деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Қарағандыда кәсіпкерлер 10 жедел жәрдем көлігін тарту етті

Қарағанды облысының қайырымды кәсіпкерлері дәрігерлерді қолдау мақсатында емханалардың мобильді топтарының жұмысын жеңілдету үшін алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті аспап-құралдармен жабдықталған 10 автокөлікті сыйға тартты, – деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Жезқазғанда эпиджағдай тұрақтанды

«Жезқазған өңірі бойынша кейінгі күндері жедел медициналық жәрдем қызметіне жүктеме біртіндеп төмендеп келеді. Соңғы аптада вирустық инфекция және оның асқынулары бойынша шақырулар саны 24,1%-ға қысқарды», дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтың өкілдігінің басшысы Ләззат Ранова.