Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1287 материал табылды

Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Кви-ің жібиін деді ме?

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына өңірде санитарлық-эпидемиялық ахуалдың біршама тұрақтанғанын баяндады. Шынында да жағдай солай ма, өзі?

Медицина • 30 Шілде, 2020

Бір бүтіннің екі жартысы

Ерлі-зайыпты Қуан және Найля Қабылдиндердің медицина саласына келген жолдары екі түрлі болды. Мысалы, Қуан Советұлының дәрігер болуын кездейсоқтық деп те айтуға болушы еді. Орта мектептің сегізінші сыныбын бітіргеннен кейін, туған топырақ – Қарқаралыдағы мал дәрігерлік техникумға түскен. Аталған оқу орнын үздік бітірген өрен үшін мол мүмкіндіктердің қақпасы сол кезде айқара ашылған еді. Қолында Мәскеудегі Тимирязев атындағы аграрлық университетке берілген мақсатты жолдама болды. Дегенмен, бұл – ел ішіне аласапыран ала келген 1991 жыл еді. Алысты болжайтын әдеті бар әкесі ұлдың тұңғышын алысқа жіберуден бірден бас тартқан.

Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Қарағанды облысындағы "Үздік ауыл әкімі" анықталды

Республикалық "Үздік ауыл әкімі" байқауының Қарағанды облысы бойынша жеңімпазы анықталды. Ол – Бұқар жырау ауданындағы Орталық ауылдық округінің әкімі Самат Мейірманов, – деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 27 Шілде, 2020

Мейірімді Мельниковтер "ақылды" кереует тарту етті

Қарағандыға серіктес қала Шахтинскіде тұратын ағайынды кәсіпкерлер Юрий және Евгений Мельниковтер жергілікті аурухананың реанимация бөліміне автоматтандырылған төсекті сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 27 Шілде, 2020

Қарағанды облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облыстық білім беру басқармасының жаңа басшысы болып Гүлсім Қожахметова тағайындалды, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 27 Шілде, 2020

Сәтбаевтағы сорақылық

Қаныш Сәтбаев атындағы қалада болған жойдасыз қылмыс жұрттың ашуға бой алдырса, жолындағының бәрін жайпап кететінін көрсетті. Қыз баласын төбесіне көтеріп, төресіндей күткен қазақтың жұдырықтай балдырғанының тағдырына алаңдап, тарпаң мінез көрсеткеніне бір есептен түсіністікпен де қарауға болатын шығар. Дегенмен, осы дүрбелеңді пайдаланып, шектен шыққан тәртіпсіздікке барған кейбір тентектің ісін қалай болғанда да құптай алмайсыз.

Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Жеңіс Қасымбек: Кінәліні қатаң жаза күтіп тұр

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласында болған бес жастағы қызды ұрлау ісі Мемлекет басшысының жеке бақылауында екенін бейне үндеу арқылы мәлімдеді, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 24 Шілде, 2020

Сәтбаевтағы ахуал тұрақты, жағдай бақылауға алынған

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында жергілікті полиция бөлімшесіне бес жасар қыз баланың жоғалып кеткені туралы арыз түскен болатын, – деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Қарағанды облысында жылжымалы дәріханалар жұмыс істей бастады

Коронавирус қарқын алған кезде Қарағанды облысындағы ауылдардың дәрі-дәрмексіз қалғаны туралы  мәселе әлеуметтік желілерде оқтын-оқтын көтерілген болатын. Бүгінгі күнде осы айтылған сыннан қорытынды шығарған облыс басшылығы жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында тың да тиімді жобаларды қолға алды, – деп жазады Egemen.kz

Экономика • 23 Шілде, 2020

Өңір экономикасы өрлеп келеді

Қарағанды облысының әкімдігі ұсынған деректерге сай, өңірде биылғы алғашқы алты айдың ішінде әлеуметтік-экономикалық даму жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етіліпті.