Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Тағайындау • 18 Сәуір, 2022

Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұрлан Бикенов тағайындалды, деп хабарлайды  Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2022

Қарағайлы қалаға айналады

Жезқазған қаласында «ЭКО әулет» акциясы аясында жергілікті Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері мен қала тұрғындары «Наурыз» саябағында 50-ге жуық қарағай мен үйеңкі отырғызды.

Тағайындау • 12 Сәуір, 2022

Қарқаралы және Қазыбек би аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

Бұған дейін Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасын басқарған Ерлан Құсайын Қарқаралы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Жағдай жіті назарда

Қазіргі таңда Қарағанды облысында қарғын су таусылып, су тасқыны басылып, жағдай тұрақты сипат алды. Дегенмен, сәуірдің басында күннің күрт жылынуы салдарының өңір тұрғындарын біраз әуреге салғаны рас еді.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Қолынан келмесе, тендерге неге қатысады?

Жарықтық күн жадырап кеп бергенде, көктем кеншілер астанасына әп-сәтте жетіп келді. Наурыздың соңын ала жапалақтап жауған мол қар күрт еріді де, қарғын су сай-саланы қуалағандай асфальт жолдың үстімен бой бермей ақты. Жай ғана аққан жоқ, арзан асфальтті шайып, қала көшелеріндегі күре жолдардың шат-шәлекейін шығарды...

Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Қарағанды облысында 6 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құраған. Мұның өзі республикалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 11 Сәуір, 2022

Ғарыштың ғажабын сезіндіріп...

Кеншілер астанасында «Кенептегі ғарыш» атты балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының қоры­тын­дысы шығарылды. Ға­рышкерлер күні мен «Балалар жылына» ар­налған бұл өнер жарысында қосымша білім беру ұйымдарынан, көр­кемөнер мек­теп­терінен және бейнелеу студияларынан 200-ден астам оқушы бақ сынаған болатын.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2022

Бөліну мен бірігудің арасы

Ел Президентінің Жолдауындағы Ұлытау облысын құру туралы бастамасының жария болғанына да үш аптадан асып барады. Уақыттың осы аралығында Қарағанды облысының әр түкпірінде түрлі мүдде мен алуан пікір тамызық болған «ақпараттық майданның» қазаны бұрқ-сарқ қайнап берді.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2022

Қарағанды қарғын судың алдын алды

Наурыз айының соңына таман қар молынан жауып, одан кейін күн күрт жылыды да, Қарағанды қаласындағы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының сыртындағы ойпаң жерлерде қарғын судың мол қоры пайда болды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2022

Төртеудің есебі түгел

Атырау қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Математикалық регата» олимпиадасында Қарағанды облысының жас математиктер командасы табыстың биік шыңынан көрінді.