Аймақтар • 04 Наурыз, 2022
Қарағандының жастары қолға күрек алып, қарды қалай күреудің үлгісін көрсетті. Иә, биыл қыстың соңына таман Арқа төсіне қар қалың түскен еді. Табиғат-Ана қалалардағы жер үйлерді, аулаларын ақ көрпесіне молынан қымтап тастаған-тұғын.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2022
Алғыс айту күнін атап өту іс-шарасы биыл кеншілер астанасында жаңа мазмұнда өтті. Бұл күні осы жылдың қаңтар айында әскери борышын өтеу кезінде қаза болған Мадияр Қайсаровтың, Айбат Амановтың және Әділ Нүркеновтің ата-аналары мен туыстарына құрмет көрсетілді.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
Кеншілер астанасындағы Абай атындағы балалар кітапханасының қорында жалпы саны 138 628 кітап бар екен. Жуырда Халықаралық кітап сыйлау күнінде аталған мекеменің сөресі 27 жаңа туындымен толықты.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2022
Перу лалагүлі – перизат жандарға
Кеншілер астанасының іргесіндегі Узенка елді мекенінде жылыжайлар қысы-жазы жұмыс істейді. Бұл жерде жайқалып қызғалдақтар өседі. Бұдан бөлек, жергілікті флористер-гүл өсірушілер біраз уақыттан бері альстромерияны, яғни Перу лалагүлінің тұқымын көбейтуді де қолға алған.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Қарағанды облысындағы полиция құрылымдарына «Қазақмыс» корпорациясы жомарт тарту жасады. Нақтырақ айтқанда, жол-патрульдік қызметіне және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданының учаскелік инспекторларына 48 Chevrolet Cobalt автокөлігі, сегіз JAC 7 автокөлігі, алты фургон, екі жол талғамайтын көлік, екі қарда жүретін көлік, сондай-ақ екі автобус, барлығы 68 бірлік көлік техникасын тарту етті.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы жаңашылдыққа келгенде қамшы салдырмайды. Таяуда аталған орталық Telegram мессенджер платформасында жастардың жұмысқа орналасу, вакциналау, волонтерлік және дебаттық қозғалыстар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау сияқты өзекті де өміршең сұрақтарға жауап алуына көмектесетін JasProKrg ботын құрды.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Қарағандыға серіктес Саран қаласында кезінде өндіріс өрге басқан еді. Амал нешік, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тоқыраудан кейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың көбісі жабылып, олардың ғимараттары қаңырап бос қалды. Енді міне, сол қаңқасы ғана қалған құрылыс нысандарына қайта жан біте бастады.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Жезқазған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға деген жанашырлық жаңа деңгейге көтерілді. Атап айтқанда, шаһардағы Жастар сарайында ішіне 80 адам еркін сыйып, спорт жаттығуларын жасай алатын орталық пайдалануға берілді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Бөкейхан ауданында Байтұрсынұлы көшесі болады
Арқа төсіндегі білімнің қара шаңырағы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өзінің байырғы биігіне қайта көтеріліп, оң өзгерістерге толы ауқымды жобаларға белсенді түрде араласа бастады. Әлбетте, бұл жағымды үдерісті жаңа басшы – университет ректоры Нұрлан Дулатбековтің есімімен тығыз байланыстырған жөн.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Отандық 12 автобусты сатып алды
Арқа төсіндегі алпауыт кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» еңбек ұжымдарының талаптарына құлақ аса бастады. Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетейік, былтыр қараша айында болған апаттан кейін кеншілер компанияға қарасты автопарктің жаңартылуын мәселе ретінде көтерген болатын.