Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1287 материал табылды

Аймақтар • 17 Ақпан, 2022

Ақ пен қара «айқасқанда»...

Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, график-суретші Виктор Поликарповтың «Ана дала» атты жеке көрмесіне келушілердің қарасы көп.

Медицина • 17 Ақпан, 2022

Денсаулық мекемелеріне арыз-шағым көп

Қарағанды облысында баспана салудың бастырмалата жүргізіліп жатқанын бұрын да айтқанбыз. Бұл жағынан құрылыс саласына кінәрат арта алмайсың. Ал медицина саласында мәселе деген жетіп-артылады. Мәселен, ондағы сапасыз қызмет, басшылық тарапының қалыптасқан жағдайға қатысты немқұрайды көзқарасы тұрғындардың орынды өкпе-ренішін тудырып отыр. Сол сияқты өңірдегі жолаушылар тасымалында да толғағы жеткен мәселе бастан асады. Міне, осы мәселелерді шешу үшін іске жан бітіретін жаңашыл қадамдар керек болып тұр.

Қоғам • 16 Ақпан, 2022

Дарындылар дара шықты

Көкше жерінде өткен XVII республикалық «Зерде» байқауында 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары сынға түс­кен болатын. Конкурс қоры­тындысында Қарағанды облысынан қатысқан 18 жас зерттеуші жоғары нәти­желерге қол жеткізді.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2022

Жаңашыл қадам тірліктің тамырына қан жүгіртеді

Қарағанды өңірінде қоғамдық көліктің мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл бағытта қатаң шараларға бармаса, жағдайдың оңалатын түрі жоқ. Неге десеңіз, автопарк қожайындары кемшілікті жою туралы ауызбен орақ орғанымен, іске келгенде тайғанақтық танытып жүр.

Медицина • 09 Ақпан, 2022

Дәрі-дәрмекпен демегендер

Қарағанды облысы бойынша қаңтар айында антипиретикалық және вирусқа қарсы дәрі-дәрмекке деген сұраныс күрт артқан еді. Тіпті айдың екінші онкүндігінде «жаман тұмау» жұқтырған 3 мыңға жуық адам тіркелді. Мұның өзі өңірде коронавирус инфекциясының күш ала түскенін көрсеткен еді.

Қоғам • 08 Ақпан, 2022

Кейуана коньки теуіп жүр

Сексеннің сеңгіріне шыққан Рысты Ілиясова есімді шешейдің көк мұздың үстінде коньки тепкені «Қазнет» кеңістігіндегі қауымның көңілін көтеріп тас­тады. Сөйтіп кейуана әп-сәттің ішінде «жұлдызға» айналып шыға келді...

Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Жәдігерлер ай сайын жаңарады

Арқа төсінің бай тарихи-мәдени мұрасы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бар бояуымен көрініс тапты. «Жәдігерлер шеруі» атты бұл жаңа жоба жылдың әрбір айында келушілердің назарына тақырыптық коллекциялар ұсынатын болады.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Тұтынушының тамырын тап басқан

Қандай да бір кәсіп бастаған адам үшін жергілікті менталитеттің қыр-сыры мен ерекшелігін жан-жақты зерт­те­геннің маңызы зор. Мысалы, қара­ған­дылық «Qaz Delikates СҮ» компа­ния­сы қазақ халқының дәстүрлі ет та­ғам­­дарына деген сұраныстың мол бо­ла­­тынын біліп, біраз уақыттан бері осы ша­­­руаны дөңгелетіп келеді. Атап айт­­қан­да, олар ет, қазы, шұжық, қуыр­­дақ сынды тағам түрлерінің жар­ты­­лай дайын өнімдерін шығарып, тұ­ты­­ну­­шылардың ықыласына бөленіп жүр.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

Аңсаған әлем чемпионатына қатысады

Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйел­дер арасында өткен ел чемпионатында Қарағанды облы­сы­ның намысын қорғаған Аңсаған Қожанәсіп толайым табысқа қол жеткізді. Ол турнирдің алтын жүлдесімен бірге әлем чемпионатына жолдаманы да жеңіп алды.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

Кенді өңірдің келешегі жергілікті биліктің жіті назарында болуы керек

Соңғы жылдары Қарағанды облысының басшылығы шалғай жатқан Жезқазған-Сәтбаев өңіріне ат басын жиі бұра бастады. Мұны жақсылықтың нышаны деп бағалаған жөн шығар. Неге десеңіз, облыс орталығынан жырақтағы бұл өңірдің жай-күйін көзбен көрмейінше, қалыптасқан жалпы жағдайдың мәселесіне жан-жақты және терең үңілудің тіпті де мүмкін еместігі белгілі.